kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Біз – жолаушылармыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,

«Алтын балапан» балабақшасы

Орынкулова Галина Нускабаевна

Тақырыбы: «Біз – жолаушылармыз»

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажетті екенін түсіндіру. Жол белгілерімен таныстыру.

Көрнекіліктері: Жол белгілерінің суреттері, жолда жүру ережелері жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға қала көшелері бейнеленген суреттерді көрсетіп, жолда жүру ережелері туралы жайлы әңгімелеседі.

Тәрбиеші: Балалар мына қала көшесі ме, әлде ауыл көшесі ме? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Қазір біз сендермен қаланың бір көшесіне саяхатқа аттанамыз. Егер біз жаяу барсақ, бізді кім деп атайды?(Жаяу жүргіншілер) Ал, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол жүру ережелері бар екен.

Аделя: Тротуар  - жүрер жолы жаяудың,

             Желаяқтың, жайбасардың,баяудың.

             Машинаның жолы – көше ортасы,

              Соны ұмытып кете көрме, аяулым

Рухшана: Қай көше, қалаға қай барсаңыз да,

                  Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

                  Жол жүру ережесі заңды тәртіп

                  Ол – ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

Тәрбиеші: Қане,қазір жол жүру ережелерін есімізге түсірейікші. Менің сұрақтарыма жауап беріңдер :

§  Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?

(Тротуармен)

§  Тротуардың қай шетімен жүру керек?

(Оң жағымен, басқа жүргіншілерге бөгет жасамау үшін)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Біз – жолаушылармыз»»

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,

«Алтын балапан» балабақшасы

Орынкулова Галина Нускабаевна



Тақырыбы: «Біз – жолаушылармыз»

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажетті екенін түсіндіру. Жол белгілерімен таныстыру.

Көрнекіліктері: Жол белгілерінің суреттері, жолда жүру ережелері жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға қала көшелері бейнеленген суреттерді көрсетіп, жолда жүру ережелері туралы жайлы әңгімелеседі.

Тәрбиеші: Балалар мына қала көшесі ме, әлде ауыл көшесі ме? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Қазір біз сендермен қаланың бір көшесіне саяхатқа аттанамыз. Егер біз жаяу барсақ, бізді кім деп атайды?(Жаяу жүргіншілер) Ал, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол жүру ережелері бар екен.

Аделя: Тротуар  - жүрер жолы жаяудың,

             Желаяқтың, жайбасардың,баяудың.

             Машинаның жолы – көше ортасы,

              Соны ұмытып кете көрме, аяулым

Рухшана: Қай көше, қалаға қай барсаңыз да,

                  Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

                  Жол жүру ережесі заңды тәртіп

                  Ол – ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

Тәрбиеші: Қане,қазір жол жүру ережелерін есімізге түсірейікші. Менің сұрақтарыма жауап беріңдер :

  • Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?

(Тротуармен)

  • Тротуардың қай шетімен жүру керек?

(Оң жағымен, басқа жүргіншілерге бөгет жасамау үшін)

  • Жаяу жүргіншілер жолдан қалай өту керек?

(Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Мына жолақ сызық «жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Мүны тағыда «зебра» деп те атайды. Балалар, жолдан өту үшін жаяу жүргішілердің көмекшілері бар ғой, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақты шешсеңдер олардың кім екенін білесіңдер:

  1. Жоқ өзіңде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

  1.  Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Инспектор)

Тәрбиеші: Балалар! Бағдаршамның белгілері нені білдіреді?

Балалар: Қызыл – тоқта!

Сары – күт!

Жасыл – өт!

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, «Жаяу жүргіншілер мектебінде» оқуымызды бастаймыз!

Дымбілмес жүгіріп шығып, балалардан өзін бірге алып кетуді сұрайды. Балалар қуана келіседі.

Тәрбиеші: Сендер жолдың бойынан белгілерді байқадыңдар ма? Бұлар жол белгілері! Олар нені білдіреді?

Балалар жол белгілеріне қарап , оларды атайды: «Жаяулар өтпесі», «Алғашқы медециналық көмек пункті», «Тамақтану орны», «Телефон». Дымбілмес балалардың артынан қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар! Бүгін біз жаңа белгімен танысамыз. Оның формасы үшбұрышты. Екі адамның суреті салынған. Бұл белгі «Балалар» деп аталады. Бұл жақын жерде мектеп немесе балаларға арналған орын бар дегенді білдіреді.

Балалар Дымбілмеспен бірге жол белгілерін, олардың не білдіретінін тағы да қайталайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер «Жаяу жүргіншілер мектебіңде» жол белгілері жайлы көп нәрсе үйрендіңдер. Сендерге өте жақсы деген баға беремін.

Тәрбиеші: Балалар! Қазір біз жаяу жүргіншілерденжолаушыларға айналамыз! Біз автобусты қайда күтеміз (Аялдамада)

  • Міне автобус та келіп қалды.

Балалар орындықтардан жасалған автобусқа отырады. Музыка ырғағымен балалар автобуста қозғалып кетіп жатқан кейіп танытады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Біз – жолаушылармыз»

Автор: Орынкулова Галина Нускабаевна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415727

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сөйлеуді дамыту "Біз жолаушылармыз""
    ["seo_title"] => string(36) "soilieudi_damytu_biz_zholaushylarmyz"
    ["file_id"] => string(6) "391321"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486994547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства