Мотивациялық – қозғаушылық Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage | Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме? - Ендеше біз бүгін бау – бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поездбен барамыз Қимылды ойын: «Поезд» Бау-бақшаға да келіп жеттік. Бағбан атаны кездестіреді. Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер жинауға көмектесейік. | -ия Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік Жүрісті біз үдеттік Гу - гу, гу - гу гуілде Қалып қойма біріңде Бағбан атамен амандасады. Қуана келіседі. |
Ізденушілік – ұйымдастырушылық Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage | Дидактикалық ойын: «Топтап жина» Мақсаты: Балаларды салыстыруға, ажыратып, топтай білуге үйрету. Ойын шарты: Жемістерді көкөністерден ажыратып топтап жинауға үйрету. Бағбан ата: рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер. Көптілділік: Тәрбиеші: қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер? Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау. Суретпен жұмыс. Екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. Сергіту сәті. Балалар біз бүгін Бағбан атаға пияз егуге көмектесейік. Пияз туралы балаларға түсінік беремін. Пияз көкөніске жатады, ол бақшада өседі. Біздің табиғат бұрышында көптеген әдемі, әсем гүлдер өсіп тұр бірақ соның ішінде денсаулыққа пайдалы пияз жоқ, сондықтан біз бүгін сендермен ыдысқа пиязды отырғызамыз деп, балаларға пиязды егу тәсілін көрсетемін. Бірінші нені аламыз? -Оған не толтырады екенбіз? -Сосын арі қарай не істеп жатыр суретте? Жақсы енді біз сендермен бірге суреттегідей етіп жуа отырғызайық Ол үшін алдымызға алжапқышты киіп алайық Сосын жұмысқа кірісейік Сендер бірінші алдарыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Жеке жұмыс: Айлана айта қойшы біз не ектік? Айару жуа өсу үшін бізге не керек? Дұрыс айтасыңдар онда біз қазір топтың жарық түсетін жеріне пиязды қойып қоямыз.Сосын күнде оны су құйып бақылап отырамыз. -ол бірте-бірте жасыл сабақ шығарып өседі. | Ойынды қызыға ойнайды. Жемістер мен көкөністерді бөліп жинайды. Бағбан атаға көмек көрсеткендеріне риза болады. көкөністер – овощи - vegetables, жемістер – фрукты – fruit Алма, алмұрт, қияр, қызанақ т.б Алма – қызыл, дөңгелек, банан – сары т.б Жемістер бақта, көкөністер бақшада өсетінін түсінеді. Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін жақсысын Досымызға сыйлайық. Көмектесуге келіседі. Пияздың көкөніске жататынын, бақшада өсетінін ұғынады. Пиязды егу тәсілін ұғынады, қызығушылық танытады. -Ыдысты аламыз -оған топырақты толтырамыз -кішкене су құйып, оған жуаны отырғызамыз Балалар қуана келіседі. Алжапқыштарын киіп, жұмысқа кіріседі. Балалар пиязды алып аударыстырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызатын жағын тауып алады. Балалар жуа отырғызады Айлана біз жуа ектік Айару: жуаға су, ауа, жарық керек. Ия біз күнде су құйып бақылап отырамыз. |
Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage | Ал енді балалар біздің топқа баратын уақытымыз келді. – Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма? -Біз қайда саяхат жасадық? -Біз бүгін не ектік? - Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма? - Ол бақшада өсе ме, әлде бақта өсе ме? Сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Балаларды мадақтау. | -ия -күзгі бау-бақшаға -пияз - пияз көкөніске жатады. - бақшада өседі. Мадақтағанға қуанады. |