kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біз де ойнаймыз" М.Төрежанов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Ертегі мазмұнын айтуға үйрету;  балаларға берілген дыбысқа сөз ойлату, ой – өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту:

Туған жердің табиғатына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекі құралдары: жұмыс дәптері, тақырыпқа байланысты  үлгі сурет.

Сөздік жұмыс: үн қатасың: Шыбық тисе – шыңқ етер.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: өсімдіктерге байланысты мақал – мәтелдердің мағынасын  түсініп жаттап келу.

Көптілдік компоненті: қайың – береза – Birch,  табиғат – природа - nature

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біз де ойнаймыз" М.Төрежанов»

№ 26 Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тобы: «Аққайын»

Күні: 6.03.2017

Тақырыбы: Біз де ойнаймыз. М. Төрежанов.

Мақсаты: Ертегі мазмұнын айтуға үйрету; балаларға берілген дыбысқа сөз ойлату, ой – өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту:

Туған жердің табиғатына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекі құралдары: жұмыс дәптері, тақырыпқа байланысты үлгі сурет.

Сөздік жұмыс: үн қатасың: Шыбық тисе – шыңқ етер.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: өсімдіктерге байланысты мақал – мәтелдердің мағынасын түсініп жаттап келу.

Көптілдік компоненті: қайың – береза – Birch, табиғат – природа - nature

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

- Бүгін қай күн?

- Кеше қандай күн болды?

- Ертең қандай күн болды?

- Бүгін ауа – райы қандай?

- Табиғат өзгерістерін атайық.

Дүйсенбі.

Жексенбі

Сейсенбі

Жылы, қар еріп жатыр.

Күн шығады, жаңбыр жауды, жел тұрады, самал соғады, кемпірқосақ көрінеді т.б.

Ұйымдастырушы, ізденуші

Көктем мезгіл келгенде ерекше құлпырып өсетін өсімдіктердің бірі – ағаштар.

Ағашқа байланысты мақал – мәтелдердің мағынасын түсініп алайық.

Мақал - мәтел:

1. Ағаш тамырымен, адам достарымен мықты.

2. Адамға үш нәрсе көрік береді:

Шөл далада қазған құдық, салынған көпір және жол бойына егілген ағаш.

3. Қарағайға қарап тал өсер.

Қатарына қарап бала өсер.

Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Тақтаға ертегі мазмұнына байланысты сурет ілінеді.


Педагог М. Төрежановтың «Біз де ойнаймыз» әңгімесін оқып береді.

Алдымен балалар екі топқа бөліп, бір топқа шырша, екінші топқа қайың сөзін педагогтің соңынан қайталап ұсынады.

-Шырша мен қатар өсті .

Жас қайың ерке, ойыншыл болатын, алаңғасарлығына басып шыршаға соғтығып, бұрамын жұлып, аяғынан шалып, алыса ойнағысы келіп, мазалай берді.

Бізге тиіспе – ақырлы шырша , - сотқармен ойнамаймыз.

Шыбық тисе – шыңқ етердің өзі екенсің. Жай ғана сипап өткенге нең кетті?

Сипап өтпе. Біз өзіміздің киімімізді күтіп киеміз.

Соншама қадірлейтін сенің киімімізді қандай артықшылығы бар?

Біз сендердей киімімізді жыл сайын ауыстырамыз. Біздің үстімізге кигеніміз жапырақ емес, жасыл ине.

Өткір - өткір найзаңды көріп тұрмын. Ол инеңнен қорқатын біз жоқ.

Жіңішке бұтаққа өскен инелер біздің көркіміз, ыстық – суықтан қорғайтын сауытымыз. Сондықтан бұл көк инелерімізді жет і жылда бір –ақ рет ауыстырамыз.

Қалай ұзақ киесіңдер?

Сондықтан да сақтап, бастап киюге тырысамыз. Қымбат, құнды киімнің күтімі де өзіне сай болғаны жөн.

Солайы сола ғой, сонда да, ойнамай отырсаң зерігіп кетпесің бе?

Бала болған соң , біз де ойнаймыз.

Бірақ киімімізді кірлетіп, ластап, жыртып ойнаймыз.

Педагог әңгіме мазмұнын балалар мен бірге талқылайды.

Билингвальды компонент:

Қайың – береза, табиғат – природа.

«Шыбық тисе –шыңқ етер» - өте ашуланшақ екенін түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Шыршадай жасыл жайқалып,

Көңіл күйді ашамыз,

Нұрын төккен әлемге

Күн боп шуақ шашамыз

Ақ қайындай тербеліп,

Мөлдір судай ағамыз

Қыран құстай самғаймыз

Таудай биік боламыз.

(Г. Оразбаева.)

«Берілген сөзді ата»

Дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: ойынды педагог бастап, бір сөзді айтады, сол сөз қандай дыбыспен аяқталса, ойынды жалғастырушы бала сол дыбыстан басталатын жаңа сөз айтуы тиіс.

Ойын осылай жалғасын табады.

Педагог шырша:

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі 13 тапсырма бойынша орыдалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар мақал – мәтелдердің мағынасын түсінеді.






Иә, ұнатамыз.

Балалар ынта қойып


Балалардың келсімі.



Шырша тобы:

Бізге тиіспе.

Сотқармен ойнаймыз Қайың тобы

Шыбық тисе - шыңқ етердің өзі екенсің. Жай ғана сипап өткенге нең кетті?


Шырша тобы:

Сипап та өтпе.

Біз өзіміздің киімімізді күтіп киеміз.

Қайың тобы:

Соншама қадірлейтін сенің киіміңнің біздің киімімізден қандай артықшылығы бар?

Шырша тобы:

Біз сендердей киімімізді жыл сайын ауыстырамыз. Біздің үстімізге кигеніміз жапырақ емес, жасыл ине.

Қайың тобы:

Өткір – өткір найзаңды көріп

көріп тұрамын . Ол иненің қорқатын біз жоқ.

Қайың тобы:

Солай – солай ғой сон да, ойнамай отырсаң, зерігіп кетпейсің бе?

Шырша тобы:

  • Бала болған соң,біз де ойнаймыз.

  • Бірақ киімімізді кірлетіп, ластап жыртып ойнамаймыз.

  • 3 – 4 бала өз сөздерімен диалогті түрде сахналап, мазмұнын айтып береді.

Қайталайды.

Өлең мазмұнына байланысты қимыл - қозғалыс жасап, бой сергітеді.

Балалар ойынның шартын мұқият тыңдайды.

Жалғастырады.

Бала: апорт.

Бала: трактор.

Бала: Радио.

Бала: орындық.

Бала. Қас

Бала:Сабын.




Тапсырма орындайды.

Рефлексивтік

Біз бүгін М. Төрежановтың қандай ертегісімен таныстық?

Ертегі не туралы?

Педагог сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтай отырып ұқыптылыққа , табиғатты сүюге шақырады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: диалогті түрде сөйлесуді, ертегінің мазмұнын айтуды

Үйренеді: шырша мен қайынның айырмашылығын.

Меңгереді : берілген дыбыстан басталатын сөз айтуды.











































































Мәдіхат Төрежанов

1921-1996









 Белгілі балалар жазушысы, “Әліппенің” авторы, білгір методист, “Қазақстан мұғалімі“ газетінің  штаттан  тыс тілшісі болған Мәдіхат Төрежанов 1921 жылы Ақмола облысының Алексеев ауданындағы Еңбек ауылында туған. Семей педагогика институтын бітіріп, қырық жылдай халық ағарту саласында еңбек еткен. Оның отыз жылын (1952-1982) Целиноград облыстық мұғалімдер білімін  жетілдіру институты  қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған. “Құрмет белгісі“ ордені, “Еңбек ардагері“ медалімен марапатталған. Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі. 

  Тұңғыш кітабы “Әліппе” 1964 ж. шықты. Кейін “Аяқталмаған ойын”, “Тең ойын”, “Ара мен шегіртке”, “Ақселеу”, “Қанатбек пен Жанатбек”, “Кім ақылды?” атты әңгімелері мен мысалдары; “Как верблюд свою тень потерял?” атты суретті кітапшасы жарық көреді. М. Төрежановтың “Бастауыш мектеп” журналының методика және тәжірибе бөлімінде текст бөлімдеріне ат қою, жоспар жасаудың талдау және жинақтау түрлері, тіл дамытуды  жүргізу  әдістері тақырыптарына қатысты  мақалалары  шығып тұрған. 

2007 жылы жұбайы Зұлқия Дәулетбайқызы Төрежанованың әзірлеуімен «Сиқырлы сыр» атты әр жылдары жазған өлеңдері, әңгімелері, мақал-мәтелдері жарық көрді.  Мәдіхаттың шығармалары орыс, украин, белорус тілдеріне аударылған.























Бекітілді:________________

Әдіскер: Бахитжанова З.М.

№ 25 Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тобы: «Аққайын»

Күні: 27 ақпан

Тақырыбы: Әжемнің камзолы

Мақсаты: сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру; қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолданбалы өнер элементтерін жапсыруда қолдана білуді үйрету; саусақ қимылдарын дамыту,қағазды қатпарлап, бүктеп қию әдістерін жалғастыру: ою атауларын еске түсіру, ұлттық өнерді қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,тақырыпқа байланысты түрлі суреттер, желім,қайшы, үнтаспа

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс ұлттық киімдер туралы, олардың суреттерін көрсетіп, балалардың қатысуымен әңгіме өткізу

Сөздік жұмыс; ою-өрнек, тұмар,қамзол

Көптілдік: ою-өрнек-орнамент – ornament, әже-бабушка – grandmother, қамзол-камзол- camisole


Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі


Мотивациялық-қозғаушылық.





Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Шаттық шеңберін құру.

«Ақ әжем» әні



-Тәрбиеші экраннан ұлттыұ киім үлгілерін көрсетіп, балаларға сұрақ қойылады

-Бұл қандай киімдер?

-Қалай аталады?

-Сендерге ұнай ма?

-Әжелеріңнің, өздеріңнің ұлттық киімдерің бар ма?

-Осы киімдердің қандай ерекшелігін байқадыңдар?

-Тәрбиеші «оюлар» бүктемесінен «Тұмар», «Қошқармүйіз», «ботакөз», «қызғалдақ» ою түрлерін еске түсіреді

Балалардың назарын «Әжемнің камзолы» суретіне назар аударту

-Балалар,мына әженің қамзолы әдемі болу үшін не істеу керек?

Көптілдік: ою-өрнек-орнамент – ornament, әже-бабушка – grandmother, қамзол-камзол- camisole

-Енді балалар әліппедегі үлгіге сүйене отырып,

жапсыру жұмысын бастаймыз

.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық

Айналаға қарайық

Отырайық, тұрайық

Тынығып бір алайық

Қамзолына әжемнің

Ою-өрнек салайық

-Ал балалар,жұмысымызды жалғастырайық.Қиып алған бөлшектерді үлгіге қарап, рет-ретімен орнына жапсырайық.

1. Қызыл,жасыл жолақтарды бүктеу әдісімен қиюды түсіндіру

2.Қызыл түсті қағазды 4 қиықшаны бүктеу әдісімен қию

3.Жасыл түсті қағазды бүктеп, «Қошқармүйіз» оюын қию

Саусаққа арналған жаттығу

Әжемнің қамзолындағы белгіленген орынға-жағасына-беліне-етегіне

-Балалар біз осы ретпен жапсырмасақ онда әжемнің қамзолы шықпайды


Балалар өлең жолдарындағы сөздерге сүйіспеншілік сезіммен қарайды





-Қазақтың ұлттық киімдері

-Тақия,камзол,бөрік

-Ұнайды

-Бар

-

-Түрлі-түсті,әдемі оюлы


Тәрбиешіні тыңдайды



Суретке мұқият қарайды

-Ою жапсыру керек



ою-өрнек-орнамент, әже-бабушка, қамзол-камзол






Балалар қайталайды





Балалар тәрбиешінің айтып көрсетуі бойынша жұмыс жасайды




Балалар дәптермен жұмыс жасайды.




Балалар 4 қиықшаны бүктеу әдісімен қиып, тапсырманы орындайды



1,2,3 ал канеки, ұш!

4,5,6,7 жаңбыр жауып өтті

8,9,10 ал,қанеки, қон!

Балалар жұмысты тиянақты орындайды

Рефлексивті реттеушілік.


Бүгін бәрің жақсы жұмыс істедіңдер.

«Ақ әжем» әнін баяу естіліп тұрады


Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды, жаттап аламыз

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық киімді,ою-өрнек түрлерімен әшекейлейді;

Түсінеді; ұлттық киімдерді сәндеуде оюларды қолданатынын

Меңгереді: түстерді сәйкестендіре отырып сәндік жапсыруды





































































































































КАМЗОЛ – жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жең бешпентті де К. деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай К.-дар жібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзолқынай бел камзолтірсек камзол деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде К.-ды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше, күрмекүрдекқаркеспе деген атаулар қалыптасқан. Сонымен қатар, кей өңірлерде балалар мен ер адамдар киетін беш- пент, кәжекей де К. деген (қ. Бешпент). К. латын тілінде – camisiale, арабша – kamis, ал французша – camisole деп аталады. Татарлар мен башқұрттарда К. күнделікті киім ретінде қолданылып, камзул, бишмәт деп аталса, қырғыздар кемзел, бешмант, келтече деп атаған. Кейбiр түркі тiлдерiн зерттеушiлер «камзол» мағынасындағы кәзекей сөзiнің башқұрт, татар тiлдерiнен енгендігін айтады.

Камзол пішу. Ұзақ жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен деректерге сүйенсек, олардың пішілуі Қазақстанның барлық аймағында бірдей, яғни кебенекше ойып пішіледі (қ. Кеудеше; Көкірекше).
















Бешпенттің жағасы тік жағалы болып келсе, К. көбінесе ойма жағалы болған. К.-дың жеңі көбінесе ойылып пішіледі, кейде қондырма жеңді болады. К.-дың алдыңғы бойы қаусырылмайтын, яғни алды айқаспайтын етіп пішіледі. Алдына қапсырма, түйме тағылады.

Камзолдың тігілуі. К. жалпы түркі халықтарына тән киім болғандықтан, оның тігілуі ХІХ ғ.-дың ортасына дейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт елдерінде өте ұқсас болды. К.-ды барқыт, пүліш, жібек, гүлді мақпалдан, атластан, шұға, мауыты т.б. маталардан безендiрiп тіккен. Жүн тар- тылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де болады. Көбінесе, оның тысы мен астары арасына «бидайы» ата- латын шүберек салынады (қ. Бидайы). К.-дың ұзындығы әйелдердің жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Орта және егде жастағы әйелдер бір түсті шымқай, қызыл, көк, жасыл, қара түстiң бірін таңдап, киген.





































































































































































































































Бекітілді:________________

Әдіскер: Бахитжанова З.М.

№ 25 Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тобы: «Аққайын»

Күні: 27 ақпан

Тақырыбы: 8 наурыз ашықхаты

Мақсаты: анаға арнап ашық хат жасай білуге үйрету,балаларды өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге,қыз балаларды сыйлауға,мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: үлгі ретінде үлкен көлемді мерекеге арналған «8 наурыз мерекесімен құттықтау ашықхаты» суреті

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс; әңгімелесу, таныстыру, көрсету

Әдіс тәсілдер; көрсету,сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сөздік жұмыс; ашықхат


Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық.



Ұйымдастырушылық-ізденістік.











Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балалармен отбасы мүшелері туралы әңгімелеседі. Әжелері мен аналарынан не үйренетіндерін айтады




Тәрбиеші балаларға «Қонжықтың анасына айды сыйлауы» атты әңгімені оқып береді

-Кішкентай қонжық анасына шелек толы судағы айды апара жатқанына қатты қуанады,бірақ үйге кіргенде ай жоғалып кетеді. Анасы сонда да баласы қонжықтың өзіне деген сый-құрметіне риза болады.

-Балалар әңгіме сендерге ұнады ма?

-Сендер де, кішкентай қонжық сияқты аналарыңды қуантқыларың келе ме?

-Онда ең алдымен сергіту сәтін жасап алайық

Сергіту сәті

Ал,балалар,тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып алайық

Оңға,оңға түзу тқр

Солға,солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары,төмен қарайық

Орнымызды табайық


-Бүгін аналарыңа арнап «8 наурыз мерекесімен» атты ашықхатты салуды үйренеміз

Қағаздың ортасына 8 санын салуды көрсетеді; оның оң жағына және сол жағына қызғалдақ гүлдерін салуды түсіндіру;

Салған суретті өздері таңдаған түспен бояу ұсынылады;

Ашықхаттың әдемі болуын,ұқыпты жасалуы қажеттілігін талап ету;

Жұмысқа шығармашылықпен қарап,өз беттерімен толықтырулар жасауына мүмкіндік беру;

Балалар өлеңді тәрбиешімен бірге қайталайды, Әр бала өзінің отбасы жайлы, анасы жайында өз ойларын достарымен бөліседі




Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.


-Иә,ұнады

-Иә,біз де сыйлық жасағымыз келеді



Балалар сергіту қимылдарын орындайды






Үлгіге қарап «8наурыз мерекесіне ашықхат» суретін салады




























Рефлексивті реттеушілік.

-Жақсы, ерекше орындалған балалар жұмыстары аталып,мадақталады

Ең әдемі ашықхатты салған бала мадақталады

Балалар жұмыстарын аяқтап,бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 8 наурыз мерекесінің неден бастау алатынын, Аналарға деген құрмет сезімін,оларға қамқор болуды біледі

Үйренеді: мерекелерге арналған ашық хаттарды жасай білу дағдыларын игереді

Меңгереді: Аналар мерекесіне арнап сыйлық жасау біліктілігін меңгереді
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Біз де ойнаймыз" М.Төрежанов

Автор: Лекерова Агиля Лекеровна

Дата: 13.07.2017

Номер свидетельства: 424035


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства