kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз бесеуміз бесеуміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды? досты? ?арым-?атынастарын, бір-біріне деген сыйласты?ын, ?орша?ан орта?а ж?не Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз бесеуміз бесеуміз»

Дос болайық бәріміз

Білім саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу, айналамен таныстыру және экология, шығармашылық.

Сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың достық қарым – қатынастарын, бір –біріне деген сыйластығын, қоршаған ортаға және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл – күйін көтеру. Көктем туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балаларды қалауы бойынша таныс ертегілерді драмалау, дүние танымын кеңейту, шығармашылыққа баулу, ойлау, іздемпаздық, тапқырлық қабілетін дамыту, жандандыру. Табиғатты аялауға, қамқорлыққа алуға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге, әдеби сөздік қорын молайту, өзіне – өзі сын көзбен қарау ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ертегілер бет пердесі, қоянның туған күніне үйін безендіру, түрлі – түсті қағаз, суреттер, қалам. Көктем көрінісі және бейне – сюжетті таспа, дамытушы ойындар, жыл ағашы, сыйлықтар.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген аралас сабақ.

Кіріспе бөлім: Ұйымдастыру. Сәнді әсем безендірілген топта тәрбиеші балаларды қарсы алады.

Т: Қайырлы күн балалар. Келіңдер төрлетіңдер.

Б: Сәлеметсізбе! Біз достық, мейірімділік, қайырымдылықты, достық татулықтан басталатынын іздеп жүрміз, көмек сұрап келеміз.

Т: Олай болса барлығымыз бірге іздейік менде достық қол ұшымды ұсынамын. Алдымен топқа келген қонақтармен амандасып, алдымызға қойған мақсатты жоспарлап алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жәйнәй түсті даламыз.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Б: Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Шаттық шеңбері: Біздің топта ұл қыздар тату тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан тек жақсылық ойлайды.

Шеңбердің ортасында қоян ұйықтап қалады.

Т: Ақ қоян, ұйқыдан оян, көктем шықты күн жылынды, жан жануарлар ұйқыдан оянды. Балалар барлығымыз бірге ән салып қоянды оятайық.

Б: Қоян, қоян ұйқыдан оян

Бетіңді жушы айнаға қарашы

Шашыңды тарашы...

Қоян: Керіліп созылып ұйқыдан тұрады. Жылдың қай мезгілі болған?

Б: Қазір жылдың көктем мезгілі. Біздер достық, мейірімділікті іздеп жүрміз.

Т: Көктем ерекшелігін топтастырайық.

Б: Қазір жылдың көктем мезгілі күн жылынады, ағаштар бүршік атады, күн ұзарады, құстар суық жақтан ұшып келеді, қар еріп, су сай – салаға құйяды.

Т: Ақ қоян сен айтшы көктемде қандай мерекелер бар?

Қоян: Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі, құстар күні мейрамдар бар, айтпақшы бұл көктемде меніңде туған күнім бар. Балалар мен сендерді туған күніме үйіме қонаққа шақырамын төрлетіңдер.

(«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісін драмалау)

Автор:

Ертегілер еліне келемін

Қаласаңыз ертегі айтып беремін.

Менің туған күнімдей,

Сенің туған күніңдей.

Ормандағы ақ қоян

Туған күнін тойлайды.

Бар достарын үйіне

Шақыруды ойлайды.

Қонаққа тиін келеді, ақ қоянға не деді?

Тиін: Туған күнің құтты болсын, ақ қоян!

Шыршалардан жинаған жаңғақтарды ұсынамын!

Қоян: Рахмет тиін қош келдің, төрге шық. Менің қонақтарға қояр сұрағым бар. (дамытушы ойын)

Сергіту сәті:

Бармақ болып орманға

Сұр көжек жуынды....

Автор: Өзі қу, жүрген жері айқай да шу? Бұл не достарым?

Б: Түлкі!

Автор: Дұрыс! Қонаққа түлкі келеді, ақ қоянға не деді?

Түлкі: Туған күнің құтты болсын ақ қоян! Үйің жылы көйлегіңде әдемі. Бұршақтардан жасалған моншақты сыйға әкелдім.

Қоян: Рахмет түлкі қош келдің, төрге шық. Менің сендерге тапсырмам бар (дамытушы ойын)

Автор: Қонаққа қасқыр келеді, ақ қоянға не деді?

Қасқыр: Туған күнің құтты болсын ақ қоян! Әр қашанда күліп жүрші қорықпа. Көмек берер досың бар, мені де сен ұмытпа. Туған күніңе гүл сыйлаймын қабыл ал.

Автор:Жұмбағым бар тыңдаңдар.

Қорбаң – қорбаң жүреді,

Балды жаны сүйеді. Бұл не?

Б: Бұл аю!

Автор: Жай басар аюда келіп жетті, ақ қоянға не деді?

Аю: Жайбасар деп айтпашы, далаға қалың қар жауды. Кешікпей – ақ жеттім ғой. Ақ тілегім бүгінгі ақ қоянға арналды. Туған күнің құтты болсын. Тәтті бал әкелдім, денсаулығың мықты болсын.

Қоян: Рахмет аю аға қош келдің!

Аю: Достарым тұрыңдар

Ақ қоянға мына жерде орын бар (орындық қояды)

Ақ қоян сен неше жасқа толдың?

Қоян: Бес жастамын.

Бәрі(санайды): 1,2,3,4,5 қоянның құлағынан тартады , құлағы ұзарып кетеді

«Ақ тілек» әні орындалады.

Автор: Ешкі және жеті лағы құттықтауға жетеді.

Ән салып ешкі лақтармен құттықтауға жеткенде кенже лақтары көпірден бірінші болып өтуге сүзүсіп қалады.

Ешкі: Лақтарым , шұнақтарым бұларың не ? Ұят жасадыңдар үлкенге құрмет,кішіге ізет дегенді білмеушімедіңдер. Менің лақтарыма достық туралы қандай мақал – мәтел айтып мейіріміділкке, ізеттілікке, әдептілікке шақырар едіңдер балалар?

Б: «Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.»

«Досың үшін долы боранға да шыда.»

«Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»

«Досы көпті жау алмас ақыл көпті дау алмас»

«Сенің жақсы екеніңді досыңа қарап таниды»

«Жақсы дос үшін жанпида»

Ешкі: Ақ қоян туған күнің құтты болсын, менің лақтарым шұнақтарымның саған арнаған сыйлығын қабыл ал.

Бірінші лақ, екінші лақ: «Біз әдепті баламыз» өлеңін оқып береді.

Үшінші лақ, төртінші лақ: «Торғайлар» өлеңін оқып береді.

Бесінші лақ: «Бұл қай кезде болады?» жұмбақ өлең

Бейне сюжетті тамашалау (Көктем, достық)

Ешкі: Ақ қоян үйің қандай керемет, аулада өсіп тұрған терекке бүршік атып жапырақтың жығуына көмектессек деп едік. (Жыл ағашы дамытушы ойыны)

Т: Балалар біз қоянға көктеммен бірге келген туған күнімен құттықтап жапырақтардың бетінде бейнеленген төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек пішіндерді аяқтау. (Жапырақтарды ағашқа тілек айтып іледі) Балалар хормен Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңімен аяқтайды.

Қоян: қонаққа келген достарына сыйлықтарын таратады.

Қорытынды бөлім:Дос және достық деген сөзді қалай түсінуге болады?

Жақсы дос деп кімді айта аламыз?

Досыңды қалай жақсы көресің?

Досты қалай табамыз?

Достық адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп сыйлап оларға әрқашан көмек көрсетуіміз қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашанда бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды, сендер де бір топтың балалары бір үйдің баласындай бауырмал дос татусыңдар. Балалардың белсенділігін марапаттау

Жүрегіміздің жылуын «Достық» деп аталатын жеміс – жидектермен көмкерілген дәмді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біз бесеуміз бесеуміз

Автор: Мукатова Жанилсин Бесбаевна

Дата: 20.09.2016

Номер свидетельства: 344682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Конспект урока тіл ?старту по названием "Бізді? отбасы " "
    ["seo_title"] => string(56) "konspiekt-uroka-til-u-startu-po-nazvaniiem-bizdin-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "177288"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424614971"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Конспект урока по названием "Бізді? отбасы " "
    ["seo_title"] => string(43) "konspiekt-uroka-po-nazvaniiem-bizdin-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "177294"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424615347"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Жанұям менің Отаным!»"
    ["seo_title"] => string(21) "zhanuiam_menin_otanym"
    ["file_id"] => string(6) "510442"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1557940886"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? отбасым" ?зін ?зі тану саба?ы "
    ["seo_title"] => string(36) "mienin-otbasym-ozin-ozi-tanu-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "154953"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421229774"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Бастауыш сыныпта жа?а технологилы? ?дістерді пайдалану ар?ылы ?ткізілген саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synypta-zhan-a-tiekhnologhilyk-distierdi-paidalanu-ark-yly-otkizilghien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "156123"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421378788"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства