kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз мекетпке барамыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы? адал да ізгі адам болып ?суі ?шін о?ан ата-анасы ?лгі болу?а тиіс.

Баланы е?бекке ??рметтеу мен с?ю  рухында жас кезінен т?рбиелеп, оны? бойына адамгершілік ж?не рухани м?дениетті? негізін, ?о?амда?ы мінез-??лы? да?дыларын дамыту керек.

Ересектер балаларды к?н сайын сипайылы??а, сергектікке, ?лкендерді ??рметтеуге, ?ділдікке ?з ?лгісімен т?рбиелеп отыру?а тиіс.

?йдегі жайлылы? пен салауаттылы?ты? ал?ы шарттары – тазалы? пен т?ртіп, сондай-а? барлы? отбасы м?шелеріні? тату-т?тті т?ру?а ?мтылуы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз мекетпке барамыз »

Ертеңгілік тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Ертеңгілік мақсаты: мектепалды даярлық сыныбының жыл бойға алған білімін, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін ой-өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүйгіштікке баулу, ұйымшылдыққаәрбиелеу.

Көрнекілігі: мерекеге орай безендірілген зал, гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, әріптер, сандар, үй, дала жануарларының суреттері.

Барысы: балалар музыка әуенімен залға кіреді:

Тәрбиешінің сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәліт тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даялықпен қоштасып, 1- сыныпқа қадам басқалы отыр. Балалардың қадамдары құтты болсын.

  1. бала:

Армысыздар , мұғалімдер қымбатты,

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,

Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті



Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазында құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

І кезең. «Менің Отаным»

2-бала: Біздің өз Елтаңбамыз, Ата Заңымыз,Әұранымыз, Туымыз бар. Біз оларды қадірлеуге, қастерлеуге міндеттіміз.

3-бала:

Мемлекеттік Туымыздың түсі көгілдір. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасында сәуле шашқан алтын күн бейнесі тыныштық пен байлықтың белгісі. Астындағы қыран бүркіт қырағылықты, ой-арманның биіктеуін білдіреді.

4- бала: Республикамыздың Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды, шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді. Қанатты тұлпар көшпенділердің өмірі атпен байланысты болғанын, ат адамның сенімді досы екендігін көсетеді.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

-Біздің облысымыз қалай аталады? (Ақтөбе облысы)

- Ауданымыз ше? (Шалқар ауданы)

- Аулымыз ше? (Шалқар қаласы)

- Сонымен, Отан сөзін қалай түсініміз?

-Отан деген-атамекен,

-Отан деген-туған жер.

-Отан-ана, Отан-өлкең,

Қазақстан туған ел (Хормен)

5-бала:

Отан-жерім, Отан –суым,

Отан-қуат, нәр береді

Отан- ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Ән: «Анамның тілі»

ІІ кезең «Біз өнерлі баламыз»

Тәрбиеші:

Айналайын, балғындар

Алға бағып алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар

Орындалар ойларың,

Құтты болсын тойларын!

  1. Бала:

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен достаса.

  1. Бала

Баулып, баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз , апай, сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді

  1. бала

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болмас арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз

  1. бала

Есте сізді сақтаймыз

Еңбегіңізді ақтаймыз

Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді мақтаған,

Апа, Сізге мың алғыс!

  1. Бала

Алтыға келді жасымыз,

Сәбиліктен астық біз

Мектеп бізді шақырды

Қош, даярлық тобымыз

  1. Бала

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Өсті, талап, талғамым,

Көп нәрсені үйрендім

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді

Даярлық тобым қош енді

  1. Бала ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер, білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз

Ән «»

  1. Бала

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын

Туған тілге тазамын

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.



  1. Бала

Тартылатын күйіміз,

Шарқ ұратын биіміз

Шырқалатын әніміз

Бір болатын бәріміз

Даярлық тобы үйіміз.

10-бала

Айтсам егер ағынан

Бармай қалсам сағынам

Болады деп саябақ

Әлпештеген аялап

Даярлық тобы бағбан



Ән: «Ойыншықтар»

11-бала

Биыл алты жастамын

Қолға кітап жаңа алдым

Әріп тани бастадым,

Жаза да мен аламын.

12- бала

Өсті міне бойымы

Өсті ақыл ойымыз

Жиналған бүгін бар қауым,

Құтты болсын тойымыз!

Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.



Ән: «Апам үшін күнде де»

13- бала:

Әліппені дұрыстап,

Түгел танып аламын.

Қыркүйекте гүл ұстап,

Мен мектепке барамын.

Би: «Көбелектер»

ІІІ кезең«Ертегілер елінде»

Тәрбиеші:

Балалар, ертегі- ауыз әдебиетінің ең көне түрі. Онда өмірде сирек кездесетін немесе мүлдем кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Ертегінің түрлері көп: хайуанаттар ертегісі, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер.

Ертегі қалай басталады?

Ерте, ерте , ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауылы қызыл екен

Құйрық жүні ұзын екен.

Немесе «Баяғыда кемпір мен шал өмір сүріпті» деп басталады. Ендеше қазір сол ертегілер желісі бойынша сұрақтарға жауап іздейік.

1 сұрақ :1-ден 10 ғадейін кері санау

2 сұрақ: жасрынып қалған сөздерді тап

3 сұрақ: жыл жыл мезгілдерін ата, ай аттарын, апта күндерін атай білесің бе?

4 сұрақ: дыбыстар мен әріптерді суретке қарап атап шық.

-Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:бүгінгі еш әр үйдің той басы деп саналады,

Балалардың шаттығы әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан да ертңгілік соңында

Шашу шашып баршаға тілек айтар біздің қонақтар!

Шашу шашылып, сыйлықтар тапсырылады, жақсы тілектер айтылады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Біз мекетпке барамыз

Автор: Т?реханова К?лпатша С?кен?ызы

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164799


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства