Ма?саты:
1.О?ушылар?а досты? адам ?міріндегі ма?ызы,досты?ты? шынайы белгісі туралы т?сіндіру;
2.О?ушыларды ?деби тілмен с?йлеуге да?дыландыру,оларды? ?зін ?орша?ан ортасын д?рыс т?сінулеріне,?мірге деген к?з?арастарыны? ?алыптасуына,?з ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне к?мектесу;
3.О?ушыларды досыт??а адал болу?а,имандылы??а,сыйласты??а т?рбиелеу;
Тренинг элементтері аралас танымды? са?ат
К?рнекілігі:интереактивті та?та, на?ыл с?здер,сызбалар.
Сын т?р?ысынан ойлау страегиясы,с?ра?-жауап.
.?йымдастыру б?лімі.
Психологиялы? дайынды?
?лкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Барша?ыз?а ??рметпен,
Бас иеміз біз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Біз б?ріміз доспыз!!!" »
Дос болайық бәріміз
Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз» Мақсаты: 1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; 2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу; 3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу; Көрнекі құралдары: жапырақтар, үнтаспа, мультфильм. Мұғалімнің сөзі: Достық туралы тәрбие сағаты
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар. Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап. Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз». Баршаңызға құрметпен, Бас иеміз біз. ІІ.Негізгі бөлім -Кім достық туралы мақал біледі? /Оқушыларды тыңдау/ Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Дос болайық бәріміз »деп аталады. -Достық дегенді қалай түсінесіңдер? 1-оқушы: Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет. 2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым. 3-оқушы:
Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі. 4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы. 5-оқушы: Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа. 6-оқушы: Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады. Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады. Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен: -Достық нешеу?-деп сұрапты. Әйтімбет: -Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді. -Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз? Шешен: - Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті. Осыны қалай түсінесіңдер? /Оқушыларды тыңдау/ Мұғалім: -Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы: Достық-адамдар арасындағы байланыс.
1 оқ: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды. Мұғалім: -Дос деген кім? Шарты: Бір сөйлеммен айту. Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам. Сенімді адам. Мұғалім: -Дос қандай болу керек? /Топтастыру/ /Оқушыларды тыңдау/
Ән:Достық.Орындайтын: ....-сынып оқушылары. Көрініс: «Екі дос» 1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
ІІІ.Қорытынды. 1.«Алақан» тренигі. 2. Ітоп:5жолды өлең құрау. ІІтоп: РАФТжазу 3.Жағдаяттар шешу. *Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің? *Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің? *Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің? *Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің? *Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің? *Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің? Хор: «Біздің сынып» Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Мұғалім сөзі: Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым: Достықты қадірлей біліңдер Досыңның кемшілігін кешіре біл. 100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа