Мотивациялық – қозғаушылық | Балалар, біз бүгін ойыншықтар әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде жиналып тұрған ойыншықтарды атайық. Қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп. | Балалар ойыншықтарды атайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Білімді өзектендіру. «Сиқырлы сандық» ойыны. Шарты: сандық ішінен ойыншықтарды бір-бірден шығарып, оларды сипаттайды, олармен қалай ойнайтындарын әңгімелейді. «Қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығуы. Қабырғаны тұрғызамыз, Жоғары,жоғары. Осылайша Шатырды да саламыз! Педагог ойыншықтарды көрсетіп тұрып: Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? – деп сұрайды. Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы, резеңкеден жасалған ойын-шықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап көрейік, ол қандай? Салмағы қандай? Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар. Оларға текшелерді жатқызуға болады. -Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі? -Олар резеңкеден жасалған ойыншық-тарға қарағанда қатты, соған қарамас-тан оны күтіп ұстау керек. Сергіту сәті: «Ойыншықтар» Билингвальды компонент: ойыншық – игрушка, қуыршақ – кукла, текшелер – кубики. Резеңкеден және ағаштан жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау. -Балалар, бізге қонаққа тағы бір ойыншық келді. Бұл ойыншық қалай аталады? -Қуыршақ ағаштан ба әлде резеңкеден жасалған ба? -Мына ойыншық қалай аталады? (ұшақты көрсетеді) . - Ұшақ неден жасалған? 6. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойын. -Мына ғажайып қапшықта ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып, неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың қасына орналастыру-ларың керек. | Мысалы: Қуыршақпен қыздар ойнайды. Қуыршақты тербетеді, тамақтандырады, киіндіреді т.б. Машинамен ұлдар ойнайды т.б. Ауада саусақ-тарымен үйдің суретін салады. Ойыншықтар Текшелер Саусаққа арналған жаттығуды орын-дайды. Қайталайды. Ағаштан жасалған ойыншықтарды ұшақтың жанына, резеңкеден жасалған ойыншықтарды қуыршақтың жанына қояды. |