kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім саласы: Таным/ Экология негіздері. Та?ырыбы: "Б?лме ?сімдіктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Балаларды? таби?ат б?рышында?ы б?лме ?сімдіктері туралы білімдерін толы?тыру. 

2. ?азтама? пен фикус гулі туралы айтып. оларды бір-бірінен ажырата білуге, тани білуге ?йрету ж?не к?ту ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Б?лме ?сімдіктерін ?алай к?ту керектігін іс ж?зінде к?рсету ар?ылы е?бек?орлы??а баулу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім саласы: Таным/ Экология негіздері. Та?ырыбы: "Б?лме ?сімдіктері"»

ІІ кіші «Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері

Мақсаты:

1. Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру.

2. Қазтамақ пен фикус гулі туралы айтып. оларды бір-бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бөлме өсімдіктерін күтуге қажетті заттар (сүрткіш, су құйғыш, су құятын ыдыс, алжапқыш), үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: қазтамақ, дәрілік өсімдіктер.

Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения, жапырақтар - листья, сабақ – стебель.


Оқу іс –әрекетінің кезеңдері.

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалардың назарын топтағы бөлме гүлдеріне аударады.

- Мыналар нелер?

- Гүлдер не ішінде.өсіп тұр?

- Мұндай гүлдерді кайда өсіреміз?

- Дұрыс,бұл гүлдер бөлмеде өседі.

Сондыктан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды. Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады.

Педагогтің

сұрақтарына жауап

береді.

-Гүлдер.

- Құмыра ішінде

өсіп тұр.

- Үйде, топта өседі.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

1. Білімді өзектендіру

- Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын. ал сендер қандай өсімдік екенін табыңдар.

- Жапырақтары сопақша, үлкен, түсі қою жасыл. Бұл қай өсімдік?

(Фикус гүлін көрсетеді).

- Бүгін сендерді жаңа бөлме өсімдігі -

хош иісті қазтамақпен таныстырамын.

Қазтамақтың сабағы жасыл. шырынды,сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі.

Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртурлі түсті болады, бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамактар көп кездеседі.

2. Билингвальды компонент: өсімдіктер - растения, жапырақтар – листья, сабақ — стебель.

3. Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош иісі».

- Қазтамақтың хош иісін сезіну үшін терең тыныс алайық.

- Қазтамақ - дәрілік өсімдік. Одан дәрілік майлар жасалады. Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді.

- Балалар, қазтамақтың фикустан айырмашылығын қарастырайық.

Фикус қандай күтімді қажет етеді? Жапырақтарындағы шаңды немен сүртеді?

Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз? (Жапырақтары ауаны тазартады).

Өсімдіктерді қалай суару керектігін көрсетіңдерші.

Су қүйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып, суды шашыратпай суару керек. Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп-баптау керектігін түсіндіреді.

4.Сергіту сәтін өткізу.

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Жел күшімен шайқалған.

5. Таңғажайып сәт.

Есік қағылып, бөлмеге дәрігер Салауат кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мейірімді Салауатпын. Таңертең маған көжектер келіп, құлақтарының ауырып тұрғанын айтып еді.

Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты. Балалар, сендердің топтарыңда дәрілік өсімдіктер бар ма?

Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендер маған көмектестіңдер, енді мен өз достарымды емдеп аламын. Сау болыңдар!

6.Үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?» сұрағына жауап алу.

Жеке жұмыс жүргізеді.




Айтылған сипатта-

ма бойынша фику-

сты табады.



Мұқият тыңдайды.










Қайталайды.




Қазтамақ гүлінің

иісін иіскеп, тыныс

алу жаттығуларын

орындайды.


Қазтамақ пен фикусты салыстырады. Сабағы мен жапырақтары әртүрлі екенін ай- тады.

- Фикус гүлінің жапырақтарын сулы шүберекпен сүртеді.

Қазтамақ пен фикус- ты күту жолдарын айтады.






Сергіту жаттығуын орындайды (қолдарын жоғары көтереді, шайқалады т.б.).


Дәрілік өсімдіктер бар екенін, оның ішінде қазтамақтың атын айтады.

Балалар дәрігер Салауатқа қазтамақ гүлін береді, оны мен қоштасады.








Тапсырманы орындайды, жауап береді.


Рефлексиялық – түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Бөлме өсімдіктерін бір-бірінен ажырата білуге арналған тапсырмаларды.

Түсінеді: Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді.

Қолданады: Бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде.

Тәрбиеші: Кенжалиева Нуржамал


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім саласы: Таным/ Экология негіздері. Та?ырыбы: "Б?лме ?сімдіктері"

Автор: Кенжалиева Нуржамал Есенгалиева

Дата: 15.07.2016

Номер свидетельства: 337570


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства