Просмотр содержимого документа
«Білім к?ні "Мені? Отаным ?аза?стан 2014ж»
Тақырыбы: «Менің- Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, суретттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бүгінгі білім күндеріңізбен құттықтаймын.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің –Отаным Қазақстаным»
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? Біз тұратын мемлекеттің аты қалай аталады?
Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады.Біздің еліміздің өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің жалауы бар.Біздің ұлттық тіліміз – қазақ тілі.Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. Балалар, мынау біздің еліміздің туы.
Қазақстан жалауы.
Тудан сендер ненің белгісін көріп тұрсыңдар?
Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
Ал. енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?
Көк, көгілдір түс.
Неге ұқсайды.
Аспанға ұқсайды.
Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен.
Біздің елтаңбасы.
Мынау біздің Қазақстан Республикасының елтаңбасы.Ал, балалар, нені көріп тұрсыңдар? Сендерге не таныс? Қандай белгілер салынған екен
Шаңырақ, уқ,ат деген белгілер.
Иә, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар.
Әнұран
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мен сендер таныстыңдар. Ал еске түсірейік бәріміз. Балалардың барлығы әнұранды айтады.
Енді, балалар, бізідң Қазақстан Республикасында көптеген ұлттар өмір сүреді. Сендер қандай ұлттарды білесіңдер:
Қазақ, орыс, ұйғыр, кәріс.
Иә дұрыс, өте жақсы. Солармен бірге тағы көптеген ұлтттар, өзбке, татар,украин, неміс тағы басқа ұлт өкілдері өмір сүреді екен. Біздің республика өте бай.
Табиғаты қандай тамаша,ұлан байтақ далаларға, көлдерге, теңіздерге және шөл жерлерге өте бай. Мыңдаған халық мекендейді. Республикамыз жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне де бай.
Астана қаласы өте әдемі, көрікті қала. Астанада саябақтар, мәдениет үйлері, әдемі биік үйлер, мектептер мен балабақшалар көп екен. Біздің республикамызда тұратын халықтар өте тату тұрады. Қазақстанда мыс, алтын, күміс, қорғасын, темір мен мұнай көп өндіріледі. Завод, фабрикалар өте көп. Республикамызда сүт, ет, астық қоры мол. Қазақстан Байқоңыр ғарыш алаңы бар.
Қорытынды.
Балалар, біз әрқашан еліміздің әсем табиғатын, жемістері мен байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек. Сол кезде ғана еліміз гүлденіп, көркейеді. Әсем, көрікті республика болады. Сонымен қатар, өзіміздің ана тілімізді, яғни қазақ тілін қадірлеп, әрқашан ұмытпауымыз керек. Еліміздің туын, әнұраны мен елтаңбасын қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүруіміз керек. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасы екенін таныта аламыз. Қазақстан Республикасына мақтаныш сезіммен қарап, елімізге, жеріміз бен әдет – ғұрымызға деген сүйіспеншілігімізді арттыру керек. Түрлі халық өкілдерімен туысқандық, достық, сыйластық және қарым – қатынаста болуымыз керек.