Уәждемелік - түрткілік Белингвалдық компонент Сергіту сәті | Ұлттық тұтынатын бұйымдардың суреттерін көрсетіп, алардың ерекшелігіне, о – өрнегіне, түр – түсіне назарларын аударту. -Балалар мына заттарға қарап, таныс ою өрнек түрлерін айтыңдаршы. Ою –өрнек туралы мағлұмат беру. -Ою- өрнек – қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі. Көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде ою – өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы құнды еңбектер жазып, деректер келтірген. Әсіресе Шығыс халықтарының ою – өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсатып жасаған.Ұлтық ою – өрнектің түрлерінің қазақ атаулары өте көп. Кейбір деректерде 360 – қа тарта түрлері бар делінген. Ұлттық ою – өрнектер бұрынғы кезде барлық заттарға салынған. Мысалы текемет, сырмақ. Бұл заттар қойдың жүнінен киіз басылады, сол киіз бетіне оюлар жапсырылады. Сырмақ – киізден сырып, олап жасалған төсеніш. Сырмақ жасау өнерінде «қошқар мүйіз» ою – өрнегі көп қолданылады, олар өте дәлдікпен орналасып, бір – бірімен жалғасып, ұласып жатады. Сырмақты жерге салады, текеметті керегеге іледі. -Бүгін сендермен жапсыру оқу іс – әрекетінде сырмақты олаймыз. Ою – өрне орыс тілінде орнамент Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз, Бір отырып, бір тұрып Тез шынығып аламыз Жұмыстың орындалу барысын көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру. Оюдың белгісін қиып аламыз. Екі түсті қағаздан дайындамалар қиып аламыз. Түрлі – түсті қағаздан қиып алынған дайындаманы екіге бүктеп, одың үлгісін бүктелген жағынан қойып, жай қарындашпен бастырып сызу. Екінші дайындамаға да осыны қайталау. Оюды белгі бойымен элементтерін бүлдіріп алмай ұқыптап қиып алу. Негізгі қағаз бетіне рапликация бөлшектерін түс үйлесімділігін сақтай отырып, орналастыру. Барлық апликация бөлшектерін ретімен желіммен жапсыру. Қиналған балаларға көмек көрсету. Балалар жұмысына талдау жасау. Барлық жұмыстарды тақтаға ілу. -Балалар біз сендермен сырмақтың оын жасадық. Енді осы жеке – жеке жұмысты біріктіріп үлкен сырмақ құрайық. | . Білетін ою өрнек түрлерін айтады. Мұқият тыңдайды. Ою – өрнектердің түрлерін біледі. Ою – өрнекті қайда пайдаланатынын, ол қайдан шыққанын, неге ұқсайтындарын біледі. Сырмақ пен текемет туралы мәлімет алады. Естерінде сақтайды. Іс – қимылмен көрсетіп айтады. Балалар жұмыс дәптеріне көрсетілген үлгі бойынша қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындайды. Аяқталған жұмыстарын тақтаға іліп үлкен сырмақ құрады. |