kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Білім беру бөлімі: Математика негіздері. Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Матикаметикалық пішіндер туралы білім беру 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Білім беру бөлімі: Математика негіздері. Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат»»

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: АКТ . Лэпбук. Дьенеш блоктары.

Жылулық шеңбері:

Біздің топтың ұл-қыздары

Тату –тәтті ойнайды

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар біз бүгін пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз. Қараңдаршы алдарыңда ненің бейнесі тұр?

Бұл жәй ғана алақан емес, бұл арман тілекті орындайтын ғажайып алақан. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып іштей ғажайып пішіндер еліне апаршы деп тілек тілесек апарады екен. Қане олай болса неге отырмыз саяхатқа шығайық. (қолдарын қойып,көздерін жұмады)

Пішіндер еліне келеді.

  1. Слайд.

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

- Мен төртбұрыш,төртбұрышпын
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Сен қандай пішінсің?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
Сен қандай пішінсің?

 Шеңбер :

- Дөңгеленген дөңгелекпін.

Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?



Алдарынан Қызыл телпек шығады.

Қызыл телпек : Ой балалар пішіндер еліне қош келдіңдер! Пішіндердің сырларын білуге келдіңдерме? Олай болса мына сиқырлы кітапшаны алыңдар, кітапшаның іші ойынға толы сендере қызықты болады деп сенемін. Бұл жәй кіпапша емес сиқырлы қызыққа толы кітапша. Сендерге сәттілік тілеймін!

1.тапсырма:  Балалар, кітапшада қызықты бірнеше тапсырмалар бар екен.

Патшалыққа кіргенде біз нелермен таныстық?

Ендеше мына суреттегі заттар қандай пішіндерге ұқсайды табыңдаршы ?

(карточкамен жұмыс)

Міне керемет су ағып жатыр екен.Қалай өтеміз? Кітапшадан судың суреті бар ма екен көрейік. Судан өту үшін пішіндерді шығыршықтардың түстеріне қарай топтастыр дейді.

2.тапсырма Шығыршықпен ойын.

1.Сары шығаршықтың ішіне тек сары түсті пішіндерді салыңдар.

2. Қызыл шығыршықтың ішіне тек қызыл түстерді салыңдар.

3.Бізде қандай түс қалды балалар?

Сергіту сәті: (музыкалық әуен)

Ал балалар тұрайық

Қолдан шеңбер құрайық.

Дөңгелектей дөңгелеп

Шыр айналып тұрайық.

Қолды аспанға сөзайық.

Түп-түзу боп тұрайық.

Бір біріне қосқанда

Ұшбұрышты құрайық.

Билингвальді компонент: Дөңгелек - Круг

Ұшбұрыш- треугольник

Шаршы - квадрат

3.тапсырма Балалар мына қызықты қараңдар аңдар қандай пішіндерде тұратынын білмейді екен Көмектесемізбе. Сұрақ жауап.

Аю қандай пішінде тұрады.

Қоян ше?

Ал түлкі ше?

Дәптермен жұмыс. Пішіндерді нүкте бойынша сыз.

4.Тапсырма Балалар біз жаңа төртбұрышпен таныстық.

Ендігі тапсырмамыз

Төртбұрыш пішінді заттарды сызамыз.

Балалар уақыт боп қалды тобымызға қайтатын уақыт болды.Тобымызға қалай қайтамыз. Ой балалар қараңдар сиқырлы кілемше жатыр .Ай,ай ай тышқандар кілемшені тесіп тастапты, қараңдаршы біз оны жамай аламыз ба? Кітапшаның ішінде ұқсайтын пішіндер бар ма екен көрейікші?

Міне пішіндерден жамайық (балалар жапсырады) Енді атап беріңдерші бізге кілемшені жамауға қандай пішіндердің көмегі тиді? (Балалар атайды)

Әуен қосылады. Балалар топқа оралады.

Қортынды: Балалар бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

Қайда бардық?

Қандай пішіндермен таныстық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Балаларды мадақтау.


Тәрбиеші: Г.Т.Толеугалиева





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Толеугалиева Гульфайруз Толеугалиевна

Дата: 24.03.2021

Номер свидетельства: 576624


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства