Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:Таным Пән: ҚұрастыруТақырыбы:Балабақша»
Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 29.09.2019 ж.
Тәрбиеші: .Жумабаева А.Т.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы:"Балабақша айналасындағы қоршау"
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Кірпіштерді төрт бұрыш бойына бір-біріне белгілі бір арақашықтықты сақтай отырып орналастыруды үйрету. Балабақшаны сүйюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қарапайым заттарды құрастыра білу дағдыларын дамыту.
Оқыту: Құрылыс материалын пайдаланып айналасын қоршауға құрастыра білуге үйрету, олардың өзара қатынасымен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Құрылыс материалдары, кубиктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң» деймін мен Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді Қақпа туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.
2.Негізгі бөлім:
Балалардың серуенде жүргенде қақпа көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен. Қақпадан балалар, үлкендер, тіпті машиналар аулаға кіре алатынын айтады. - Қазір сендер қандай қақпа тұрғызасыңдар, оны кубиктерден құрастыру. - Алдымен кубикті кубикке қою қажет. Жоғары жағына кірпіш қоямыз.
Міне, әдемі биік қақпа құрастырдық. - Енді сендер де осындай биік қақпа құрастырып көріңдер. Тек түзу қою керек, әйтпесе әдемі қақпа болмайды, тіпті ол сынып қалуы мүмкін. (Машина өтетін қақпа құрастыру ) Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке - жеке балаларға көрсетіп, жауап алады. Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады. Балалар құрастырып болған соң, ойнатуға және өздеріне ұнайтын құрылыспен толықтыруға болады.
Сергіту сәті:
Жел себеді, бетімізге
Тербелейді, ағаштар
Кіп-кішкентай, ботақандар
Үп-үлкен боп, өседі.
Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны ары - бері бірнеше рет өткізеді. Тәрбиеші үлгісінен соң, балардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады. Балаларға көмек беруге асықпау қажет. «Қақпа құрастыру» ойыны.
Балаларға, жеке жұмысқа, дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады.
Қорытынды :
Балалар жеке жұмыс жасайды. Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады. Жақсы