kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: «Биік-аласа»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикадан биік аласа ұғымдарын қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: «Биік-аласа»»

Білім беру саласы: Таным 
Білім бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Биік-аласа» 
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыта отырып, биік-аласа, ұғымдарымен таныстыру. 
Заттарды биіктігіне, қарай салыстыра білуге үйрету. 
Аласа-биік, ұғымдарын қалыптастыру жолдарын қарастыру, ғажайып саяхттың тапсырмаларын орындату арқылы қызығушылықтарын ояту. Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру, тілін-ойын дамыту. 
Мотивациялық кезең
Тәрбиеші: - Келіңдер балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі сабағымызға қонақтар келді. Қане амандасайық! 

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз.

Еш уайымды білмейміз.
-Балалар бүгінгі сабағымызда ғажайып саяхатқа баруға қалай қарайсыңдар? 
-Ал саяхатқа немен барамыз? 
-Қане балалар тыныш тұрып, мұқият тыңдайық. Ненің дауысы естіледі? (таңырқай)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ендеше жолға шығу үшін машинаның дөңгелегіне жел берейік .
-Жақсы балалар! Үлкеееен дөңгелек пайда болды. -Енді машинамызға от алдырамыз 
-Машина от алды 
-Машина жүруге дайын 
-Кеттік пе? 
Машина, машина, 
Жолға біз шығамыз. 
Жүргізуші апаймен, 
Саяхатқа шығамыз. 
-Балалар біз орманға келдік, енді бір-бірімізге кедергі жасамай, ыңғайланып отырайық. 
(Балалар орнығып отыруына тәрбиеші көмектеседі) 
Ұйымдастырушылық кезең (Балалардың көңілін тақтаға бөлу) 
Балалар орманға келдік нелерді көріп тұрмыз? 
-Ағаштарды? 

Балалар ағаштар бірдей ме?
-Ал мына шырша қандай? 
-Тағы қалай айтуға болады? 
-Биік –аласа 
-Қане бірге қайталаймыз (биік-аласа)

Біз бүгінгі саяхатымызда биік-аласа ұғымдармен танысамыз.
-Ал енді мына суреттерге қарайық. 
-Қандай үйлер? 
-Дұрыс айтасыңдар, мына үй биік, мына үй аласа. 

«Қара және салыстыр» ойыны.

Екі бала фланелеграфқа жақын келіп, одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрайды.

- Үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме?

- Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа.

- Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз. Бірі екіншісінен биік екен. Балаларға көрсетеді, үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіреді.


- Ааах, балалар біз қайда тап болдық, бізді кім күтіп тұр екен. 

Алдарынан Жапалақ шығады.
-Жапалақ ақылды, көп өмір сүретін құс. (Тәрбиеші жапалақтың тілінде сөйлейт) 
-Менің орманыма қош келдіңдер балалар. Балалар менің орманымда үйлер тұр,бірақ мен сол үйдердің айырмашылығын таппай отырмын. Көмектесіңдерші.Биік үйді биік ағаштың қасына, аласа үйді аласа ағаштың жанына орналастырыңдаршы.

Балалар енді мына тапсырманы орындайықшы мына алдарыңдағы үйлердің қайссы биік, қайссы аласа көрсетіңдерші.

- «Ойлан тап» дидактикалық ойын

(Балалар тапсырманы орындайды.) карточкамен жұмыс

Сергіту сәті: 
Ал балалар тұрайық

Жапалақ боп ұшайық

Қанатымызды жазып ап.

Ұшып-ұшып алайық.

-Өте жақсы балалар, серігіп демалсақ саяхатымызды жалғастырайық. 
- Балалар қараңдаршы ағаштардың түбінде нелер отыр?

Торғайлар.

Жапалақ: Торғайлардың қарындары ашып тоңып отыр.Балалар сол торғайларға көмектесіңдерші?
Тәрбиеші: Балалар торғайларға қалай көмектесеміз,қалай ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.Олай болса мақта таяқшаларынан торғайларға жемнің суретін салайық.  Берілген қорапқа мақта таяқшаларынан нүктелеп жемнің суретін саламыз.
(Тәрбеші балалардың аттарын айта отырып, мадақтайды) 
-Жақсы, дұрыс орындадыңдар. 
-Жарайсыңдар, балалар! 
-Енді таяқшаларды үстелдің шетіне жинап қойып, дайын суреттеріңді Жапалаққа берейік.
-Көрдіңдерме балалар, жапалақ қандай ақылды сиқыршы құс суреттерді торғайларға жемге айналдырады.
-Дұрыс балалар, өте жақсы. Жарайсыңдар жапалақтың тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. 

-Ендеше балабақшаға қайтамыз ба? 
Немен қайтамыз? 
-Автобусты от алдырып, жолға шығайық. 
-Автобус от алды
Рефлексивтік –түзетушілік.
-Бүгінгі ғажайып саяхат сабақ ұнады ма? Саяхатта нелерді көрдік?

Үйлер қандай екен?
-Қонақтармен қоштасайық 
Сау-бол-ыңыз-дар! 

Тәрбиеші: Г.Т.Толеугалиева









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: «Биік-аласа»

Автор: Толеугалиева Гульфайруз Толеугалиевна

Дата: 24.03.2021

Номер свидетельства: 576622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства