Отбасы жайлы түсінік.Отбасы жаксы көру бір біріне мейрімді көмек көрсету
Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:Шығармашылық Пән:Сурет салу Тақырыбы: Менің Отбасым»
Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
.
Тәрбиеші: Жумабаева АТ.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу.
Өтпелі тақырып: « Менің отбасым»
Тақырыбы: «Әженің моншағы.»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Әсемдікке тәрбилеу.
Дамытушылық: Балаларды бояумен біркөлемді дөңгелектерді көлденінен жүргізілген сызықтын бойымен салуды үйрету.
Оқыту: Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу,сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Отбасы туралы суреттер. балалардың отбасы мүшелерімен фотосуреттері.
Билингвальдік компонент: Отбасы-Семья,әже-бабушка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң» деймін мен Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі бөлім:
-Балалар, бүгін біз Әжеге моншақтың суретін салып берейік.
-Моншақ туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.
-Балалар сендер қандай түсті моншақтарды көріп тұрсыңдар?
Билингвальдық компонент: отбасы-семья, әже- бабушка..
- Қазір біз моншақтың суретін салуда қылқаламмен жұмыс жасаймыз.
Әдеттегідей қауіпсіздік ережелерін есте сақтаймыз. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру. -Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Шаршаған шығарсыңдар сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Жел себеді, бетімізге
Тербелейді, ағаштар
Кіп-кішкентай, ботақандар
Үп-үлкен боп, өседі.
Дидактикалық ойын:
«түстерін ажыратып моншақтарды тез құрастыр»
Шарты: Балалар, алдарында тұрған түрлі моншақтарды ажыратып біркелкі моншақтарды құрастырады.
Әжемен қоштасу.
Қорытынды:
Бүгінгі оқу қызметінде ненің суретін салдық?
Қандай құралды пайдаландық?
Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Біз кімге моншақтың суретін салдық?