Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:Коммуникация Пән:Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Менің Отбасым»
Бірінші кіші «Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 29.09 2019ж.
Тәрбиеші:Жумабаева А.Т.
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың түрі: жобалық қызмет.
Жобаның мақсаты:
Ата, әжесі, ата-анасын жақсы көретіндігін айтып беру.
Азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Қуаныш шеңбері
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әңгімелесу
- Балалар сендер білесіңдер ме, отбасы сөзі қайдан шыққан, орысша «семья». «Семья» сөзі – «7 я» сөзінен шыққан. Яғни отбасыдан төрт, бес, алты, жеті адам және мен. Бастысы оның қанша болғандығында емес, маңыздысы барлығы бір-бірінің жақсы көріп, көмек көрсетіп, түсінгенімізде. Ал қазақша «отбасы» – «от қасында» деген мағына береді. Яғни от жылылығы, жақындар мен туғандардың жылылығы, яғни – үй деген мағына береді.
- Бүгінгі сабақта біз өз отбасымызды кімнің бар екендігін қазақша айтамыз. Ол үшін әкелген фотасуреттерді пайдаланып айтамыз.
(Балалар жауабы. Менің атам бар. Менің әжем бар.)
Сергіту
Бас бармағым – атам,
Үйдің данасы.
Балан үйрек – әжем,
Ошақ анасы.
Ортан терек – әкем,
Отау тынысы.
Шылдыр шүмек – шешем,
Шаңырақ ажары.
Титай бөбек – мен,
Бәрінің базары.
Суретпен өз ойымызды білдірейік «Мені қалай жақсы көреді?»
- Қазір отбасыңда сені қалай еркелетіндігін суретпен көрсетіңдерші. Атаң мен әжең сені қалай еркелетеді? Әкең мен анаң қалай еркелетеді?
- Сендер сонда өз туғандарыңның жылуын сезінесің бе? Ал сен оларды қалай жақсы көресің?
(Балалар өздерін қалай еркелетінін, білдіретін суреттерді алады. Мысалы: күн – күнім, жүрек – жүрегім, гүл – гүлім, бота – боташым, қарлығаш – қарлығашым т.с.с)
- Әрине, біз өз отбасымызды жақсы көреміз. Ойлап қарасақ отбасы барлық жануарларда да, құстарда да бар екен.
Қорытынды.
Сенде де бар отбасы,
Менде де бар отбасы.
Балықта да, малда да,
Құстарда да, аңда да,
Үлкенде де, кішіде,
Отбасы бар әрбір кісіде.
Отбасы бары шуақ қой,
Қуаныш пен қуат қой.
«Менің отбасым» (қорытынды)
Сабақтың түрі: жобалық қызмет.
Жобаның мақсаты:
Ата, әжесі, ата-анасын суреттеп беруге үйрету.
Татулық жайлы әңгімелеу.
Сабақтың барысы
Қуаныш шеңбері
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әңгімелесу
Балалар бүгінгі сабақтың ерекшелігі біз өз отбасымыздың суретін саламыз. Әкеміздің, анамыздың, атамыздың, әжеміздің. Оларды біз кімге теңейміз. Олар қандай?
Алдымен әдемі, жақсы, тамаша, қайырымды сөздерін қайталайық.
«Бала тілі – бал» балалар әңгімесі
Балалар сурет бойынша өз отбасы мүшелерін әңгімелейді, суреттейді.
(Балалар өз отбасы мүшелерінің бірінің суретін салады).
- Менің атам бар. Менің атам жақсы. Менің әкем бар. Менің әкем тамаша.
Сергіту:
Үйде нешеу екенбіз?
Кел, санайық екеуміз:
Бас бармағым – әкем,
Балан үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Ертегі тыңдайық
Балалар біз қазір «Шалқан» ертегісін әңгімелеміз. Ата үлкен шалқан екті. Ол үлкен болып өсті. Ата оны жұла алмады. Әжені шақырды. Тартты, тартты жұла алмады. Әже немересін шақырды. Тартты, тартты жұла алмады. Немересі итті шақырды. Тартты, тартты жұла алмады. Ит мысықты шақырды. Тартты, тартты жұла алмады. Мысық тышқанды шақырды. Тартты, тартты жұлып алды. Балалар айтыңдаршы, қалай олар шалқанды жұлып алды. Әрине, тышқан келген соң. Ол көп. Олардың күші де көбейді. Сондықтан да олар жұлып алды. Ендеше біз бәріміз бірге болсақ, отбасымызды тату болсақ, барлығын да жасай аламыз. Ендеше біз қазір бір бірімізге «Тату болайық» деген тілек айтайық. Отбасымыз да тату болсын! Отбасымыз тату болсын!