Дамытушылық: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту
Оқыту: Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру,сұрақ – жауап.көрсету, жабыстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, сергіту, жаттығу. Блингвальды компонент: қыс-зима Суық-холодно Қар-снег- Ұйымдастырушылық- ізденістік: жылдың қай мезгілінде болады? - қыс. - Ал қыс мезгілі қандай болады? - Суық, боранды, желді, аяз, адамдар жылы киінеді, шыршалар болады. Қыста біз қалай киінеміз? - Біз жылы киінеміз. Тәрбиеші: - Балалар қандай қысқы ойындар білесіңдер ме? - шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, қар лақтырып ойнаимыз, аққала жасаймыз. Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі несімен ерекше деп ойлайсыңдар? - Я, қыс мезгілінде аппақ қарымен, жылда келетін Аяз атасымен ерекше екен. Әр мезгілдің өзіндік сипаты болатын сияқты, қыс мезгіліде өз қызығымен есімізде қалады. Тәрбиеші: Қарлы боранмен сықырлаған аязбен қыста келіп қалды. Бірақ біз қыста қорықпаймыз, жылы киімдерімізді киеміз. Қане балалар Тақпақ жаттайық Қыс келгенде далама, Қызығып тек тұрмаймын. Ат жегіп-ап шанама, Аппақ қармен зырлаймын.