Дамытушылық :Өзіне тән ерешеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Қыс мезгілі туралы түсініктерің кеңейту
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы. Түсіндіру, Көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Қыс мезгілндегі суреттер, ұлпа қарлар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар? Далада не жауып тұр? Қардың түсі қандай? Сеңдер нені байқап тұрсыңдар?
2. Негізгі бөлімі
Тақпақ қайталау.
Балалар шықты далаға
Ойнап, күліп жүр енді
Шаналармен озады
Аққаланы соғады.
Суретпен жұмыс:
Балалар не істеп жатыр? Олардың қолдарында не бар? Қардан не жасаған? Дұрыс балалар олар шаңғы теуіп жатыр, кейбір балалар аққала соғып жатыр. Балалар жылы киімдерін киіп қысқы далада серігіп жүр.
Сергіту сәті:
Қар жауады оң жақтан,
Қар жауады сол жақтан
Қарды алып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
Қыс мезгілі туралы түсінік беру, ерешеліктері жайлы айтып беру. Сурет бойынша өз ойларын айтқызу. Жаңа сөздерді қайталату.
3.Қорытынды
Ойын: Қар жинау.
Қызығушылық таныта отырып балалалар ойынды ойнайды.