Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:Коммуникация Пән:Көркем әдебиет Тақырыбы:Бауырсақ»
Ортаңғы топ «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 29.09.2019 ж.
Тәрбиеші: Жумабаева А.Т.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: « Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы:Ертегіні айту. «Бауырсақ»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлеріне ене отырып жанашырлыққа тәрбиелеу.
Дамутышылық: Ауызша халық шығармашылығы туындысына деген қайырымдылық сезімін дамыту.
Оқыту: Кейіпкерлердің тәртіптеріне қарапайым мінездеме беруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Бауырсақ» ертегілерінің кейіпкерлері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Бүгін ауа райы қандай болып тұр? Күзде нелер піседі? Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
2. Негізгі бөлімі
Балалар бүгін біз «Ертегілер әлеміне» қонаққа барамыз.Онда көптеген ертегілер кейіпкерлерімен танысамыз. Сеңдер қандай ертегілерді білесіңдер? Ертегі сеңдерге несімен қызықты? «Үш аю» ертегісі, «Қызыл телпек» ертегісі, «Жеті лақ» ертегісі деп жауап береді. Саяхатқа бару үшін ен алдымен барлығымыз көзімізді жұмамыз.
Әуен қосылады: «Ертегілер» әні қосылады.Балалар көзімізді ашамыз біз саяхатқа да жеттік, қараңдаршы қандай әдемі.
Суретпен жұмыс:
Балалар суретте не көріп отырсыңдар? Қандай ертегі деп ойлайсыңдар? Бауырсақ ертегісің кім айтып береді? Ертегіні сахыналауға үйртеу.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
3.Қорытынды
Балалар біз қайда саяхатқа келдік? Қандай ертегілер мен таныстық? Бауырсақ ертегісі сеңдерге ұнады ма? Ертегі де қандй кейіпкер ұнады? Аю қалай жүреді? Ал түлкі ше?
Ортаңғы топ «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Дамутышылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту: Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, сұрақ – жауап.Үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Армысын алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым! (балалар шеңберге тұрып өлең сөздерін қайталайды.)
2. Негізгі бөлімі
Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды көрсету. Менің қолымда не көріп отырсыңдар? Доп қандай? Дөңгелек ол домалайды. Үш бұрышқа ұқсайтын заттардлы көрсету. Үйдің шатырын көрсетіп салыстыру. Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар заттарды көрсету.
Суретпен жұмыс: Балалар мына суреттерге керек геометриялық пішіндерді қойып шығу керек. Ұқсас заттарды пішіндерге орналастыру. Допты қай пішінге орналастырамыз? Доптын түсі қандай? Доп не істейді?
Сергіту сәті:
Күн ашылды
Бұлт төнеді
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты
Жаңбыр жауды,
Жел басылды
Күн ашылды.
Балаларға пішіндерді салыстырып айырмашылықтарын айтып өту.
Жұмбақ жасыру:
Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар,
Ол пішінді кім табар? (Үш бұрыш)
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар? (Дөңгелек)
Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар. Бұл қай пішін? (Төртбұрыш)
Сиқырлы дорбаны сипап сезу арқылы пішіндерді атау.
3.Қорытынды
Балалар біз қандай пішіндерді қайталадық? Қандай заттарды ұқсас пішіндерге орналастырдық? Балаларды мадақтап , сыйлықтарын тарату.