kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу қызметі: «Сауат ашу негізі» Тақырыбы: «Мектеп асханасында Н дыбысы мен әрпі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

н дыбысы мен әрпі туралы айтылады. буыгға бөледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу қызметі: «Сауат ашу негізі» Тақырыбы: «Мектеп асханасында Н дыбысы мен әрпі»»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу қызметі: «Сауат ашу негізі»

Сабақтың тақырыбы: «Мектеп асханасында Н дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларды Н н дауыссыз дыбысы мен әрпін таныстыру. Н н дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру.

Коррекциялық: Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділікке, бір- бірінің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілік: Суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тұрғыдан зейіндерін сабаққа дайындау;

Күн нұрындай көңілім

Даламдай кең пейілім

Жүрегім толы мейірім

Бәріне ортақ шуағым

Қайырымды баламын

II. Өткен сабақты пысықтау:

  • Балалар сауат ашу сабағында біз қандай дыбыспен таныстық?

  • С дыбысы қандай дыбыс?

  • Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

  • Қандай сөздермен таныстық?

  • Сағат, сандық, сақина, сүт т. б.

Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы

Мақсаты: Балалардың диафрагмалды тыныс алуын дамыту.

  • Көбелекті гүлге қондыр.

  • Трубочкадағы допты алысқа ұшыр.

Артикуляциялық жаттығу жасау арқылы тілді дамыту.

Алдыңғы төменгі және жоғарғы тістерді көрсетіп, ерінді күлгендегідей ұстауға дағдыландыру.

Серуен- еріндерге күлкі үйіріледі, ауызды сәл ашып, тілді ақырын тістеу. Тілді ақырын тістей отырып, оны алдыға-артқа қарай қозғалту. Тілді жалпақ етіп, еріндерге күлкі үйіріледі.

III. Жаңа сабақ:

  • Балалар, мына ыдыста не бар?

  • Нан бар.

  • Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?

  • Ол қасиетті тағам.

  • Дұрыс.

  • Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін балалардан сұрап, балаларға айтқызу.

  • Н, н, н.

  • Н дыбысы қалай айтылып тұр?

  • Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.

  • Олай болса бұл қандай дыбыс?

  • Дауыссыз дыбыс.

  • Қандай түспен белгілейміз?

  • Көк түспен белгілейміз

  • Дұрыс балалар.Біз бүгін дыбысымен танысамыз.

  • Мына суреттерге назар аударайық.

  •  Нан, айна, қоян т. б сөздер

  • Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.

Н н дыбысының артикуляциялық қалпы: Айнамен жұмыс:

  • «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,

  • тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.

  • Н дыбысын әр балаға жеке-жеке айтқызу.

Тіл ұстару жаттығулары:

На - на - на Ан- ан- ан Ын- ын- ын

Но- но –но Он- он- он Ен-ен-ен

Ну- ну- ну Не- не- не

IVСергіту жаттығуы:

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Суретпен жұмыс жұмыс:

Әріптермен буындарды құрастырып, толық оқу. Н дыбысының орналасуын көрсету.

V. Бекіту кезеңі: «Кім зерек?» дидактикалық ойын.

VI. Бағалау: Сабаққа қатысқан балаларды жеке-жеке мадақтау.

VII. Қорытынды:

Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

- Н дыбысы қандай дыбыс екен?

- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? деген жетекші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Токанова Макпал Болатовна

Дата: 16.01.2021

Номер свидетельства: 570263


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства