kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы "Денсаулық", Бөлімі "Денешынықтыру",Тақырыбы "Петя,петя,петушок"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың денсаулықтарын нығайту. Балаларды ептілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы "Денсаулық", Бөлімі "Денешынықтыру",Тақырыбы "Петя,петя,петушок"»

Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 09.01.2020 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Бейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: денешынықтыру

Тақырыбы: Тема: Subject: «Біз балабақшаның балаларымыз»

Мақсаты: Цель: Goal: Шағын топтарда (отарларда) алға қарай жүру және жүгіру.

Тепе-теңдік жаттығуы - «көпірмен жүрейік» - тақта бойымен (ені 25 см).
Шағын топтарда жүруге және жүгіруге дағдылану, тәрбиешіге. Тепе-теңдікті сақтай отырып, тақтада жүруді үйреніңіз.

Қ/ойын «Маған қарай жүгіріңдер

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: обруч,доптар,доғалар.
Билингвалды компоненмент:доп-мяч, доға-дуга.

Сөздік жұмыс: доп,доға.обруч

Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, ойын.

Спорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.


Алтын сәуле арайлы

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп.

Қарсы алайық арайды

Балаларым қат-қатар,

Тұрындаршы бір қатар.

Оңға қарай бұрылып.

Тізбек болып тізіліп

Алға қарай басайық.


Балалар шеңбер бойымен жүреді:аяқ ұшімен,өкшемен,сыртымен,аяқты көтеріп және әр бағытта жүру,жүгіру,жай жүріп дем-алу.

Балаларға шеңберге тұруына көмектесу.Балалардын жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау.

Нұсқаушы балаларға бір орыннан қашықтығы 60 см ұзындыққа секіру жаттығуларын үйретеді.

Нұсқаушы балаларға топпен қолды еденге тигізіп доға астынан өтужаттығуларын үйретеді.

Ойын ережесін түсіндіріп ойнатқызу.

Заключительная часть: Қорытынды бөлім:

Бір қатарға тұрады . Дем алатын жаттығуды жасау, сабақ қалай өткенін айту , қоштасу.





Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group



Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 10.01.2020 жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Бейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы:Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: денешынықтыру

Тақырыбы: Тема: Subject: «1,2,3,ағашқа қарай жүгір»

Мақсаты: Цель: Goal: Алға бағытта шағын топтарда жүру және жүгіру. Екі жол

арасында жүру.
Шағын топтарда жүруге және жүгіруге дағдыландыру. Екі жолдың арасында жүруді үйрену, тепе-теңдікті сақтау.

Қ/ойын «Маған қарай жүгіріңдер

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: обруч,доптар,доғалар.
Билингвалды компоненмент:доп-мяч, доға-дуга.

Сөздік жұмыс: доп,доға.обруч

Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, ойын.

Балалар біздер саяхатқа шығамыз, жаттығу жасауға , дем алуға, денемізді шынықтыруға қолайлы табиғат бөлігіне барамыз.

Сағаттың тіліндей,

иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Сол аяқ, оң аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады.

Ұйымдастыру, іздену

Жүріп қозғалыста орындайтын жаттығулар:

1. қолдары белде, басын алға,

артқа, оңға, солға еңкейтіп жүру:

2.Екі қолдарын айналдыру 4-рет

алға қолды түзу ұстау,4-рет артқа

3.Оң қол жоғарда,сол кол төменде

1,2 дегенде қолдарын артқа-алға

сермеу,3-4 дегенде ауыстыру.

4. Қолдарын кеуденің алдында

ұстау: 1,2 дегенде артқа сермеу,

3,4 дегенде жанға оңға сермеу,

келесі 3,4 дегенде солға қарай сермеу.

5. Әр қадам сайын алға еңкейіп

жүру.

6.Тізені жартылай бүгіп жүру:

7.Толық отырып жүру:

8.Оң аяқпен секіріп жүру

9.Сол аяқпен секіріп жүр

10.2 аяқпен секіріп жүру

11. еңкейіп жүгіру

Доппен ойындар

Скалкалка, доптар, арқа


Жаттығуларды орындайды

Алаңды айналып жүреді


Доппен ойнайды

Балалар қалай ,көңіл-күйлерің көтерілдіме?

Секіру , жүгіру түрлерін үйрендіңдер ме?

Балаларды мадақтау

Өз ойларын айтады.

Ия, үйрендіе.

Қорытынды:

жүгіру түрлерін орындадыдоп, секіргіштерді қолдана алды.дене шынықтырудың пайдасын туралы түсінеді


































Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 8.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: сәрсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM:Денешынықтыру

Тақырыбы:Тема: Subject: «Көжектер»

Мақсаты: Цель: Goal :допты қақпа арқылы домалатуға үйрету. Алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеу.

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Көрнекілігі:қоян, сәбіз, доп, қақпа, барабан, ұзын жіп.

Сөздік жұмыс: қоян,сәбіз.

Билингвалды компонент: қоян-заяц.

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады. «Көжектер». Педагогтіңсоңынан қосарланып шағын топпен жүру, «жүгіру» деген белгі бойынша жүгіру. «Көжектер» қалай жүгіреді?

Жалпы дамыту жаттығулары.

Шеңбер бойына тұрғызып, жарпы дамыту жаттығуларын орындату.

Жаттығулардың жаалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындауын қадағалайды.

«Қояндарға сәбіз жинап береміз» тыныс алу жаттығуы.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Допты қақпа арқылы домалату 1 м арақашықтықтан.

-Алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеу.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.



Педагогтің мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Шар». Балалар қол ұстасып, бір-біріне жақын тұрып, шеңберді біртіндеп кеңейте, кіші адыммен артқа қарай жүру.

допты қақпа арқылы домалатуды, алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеуді.





Қорытынды:

жаттығулар көзмөлшерін дамытатындығын және табан бұлшықеттерін нығайтатындықтарын.  жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.
















































Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 14.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Денсаулық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM:Денешынықтыру

Тақырыбы:Тема: Subject: «Көңілді қозылар»

Мақсаты: Цель: Goal : Тәрбиеші үшін тұтас топ (отар) ретінде серуендеу және жүгіру.

Орнында екі аяқпен секіру.

Тәрбиешіге алға қарай бағытта жүруге және жүгіруге үйрету.

Екі аяғыңызды орнында

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Көрнекілігі: қозының суреті, обручтар, доп

Сөздік жұмыс: қозы, секіру.

Билингвалды компонент: қозы-ягненок


-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Ұсынылған жағдаятқа қатынасын көрсету

-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.

-Сәлеметсізбе!

-Көңіл күйіміз жақсы-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Ленталарды алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады

Жаттығуларды атайды.

-Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Тура жолмен жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м) жаттығуларын жасату, бекіту.

Ілулі тұрған затқа(доп) қол жеткізе жоғарыға секіру жаттығуын жасату,үйрету.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

1.Аз қозғалмалы ойын: «Өз үйіңді тап» ойынын ұйымдастыру.
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді нұсқаушы.

Нұсқаушының «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.
Балаларды қолдау және мадақтайды.

Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды ленталар ұстап жасау.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды

-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

- Алдыңғы іс – әрекетті жасаған жаттығуларын қайталап жасайды.

Балалар саптізбекте тұрып кезек-кезек ілулі тұрған затқа секіріп бастарын тигізеді.

-Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.

Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді.

Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтарды жинайды)

Қорытынды:Тура жолмен жүруді (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м) біледі.Жоғарыға екпінмен секіруді игеред.Нұсқаушының белгілеріне ыңғайланып жаттығулар жасауды біледі

































Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 15.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сәрсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Коммуникация».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Тема: Subject: «Көңілді аула»

Мақсаты: Цель: Goal : Дауыссыз, жіңішке дауыста айтуда жаттығу.

Кіші топтардың сөйлеуін тыңдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Сөйлеулерін дамыту, тілдік қорын дамыту.

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: аула, үй, түстер.

Билингвалды компонент: аула-площадь,үй-дом,түстер-цвета.

Көрнекіліктер: Суреттер, үйдің макеті, түрлі-түсті қағаз


 Амандасу сәті.

Сә-ле-мет-сіз-дер-ме!

Орнымыздан тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Апай айтқан әр сөзді

Ұғып тыңдап алайық

Балалар күн шуағын түймеге қадайды.

 

-Балалар мынау кім?

-Дара бізге қонаққа келіпті. Бірақ, ол өте көңілсіз оның үйі жоқ екен, оған көмектесеміз бе?


Балалар мынау не?


Балалар біз үй дегенді қалай түсінеміз?


Балалар бәріміз суретке қарайық

Міне біздер үймен, олардың түрлерімен қалай жасайтынын көрдік, енді бәріміз бірге Дараға үй жасап берейік. Ол үшін бізге қандай пішіндер қажет? Дұрыс айтасыңдар. Үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек,шаршы.Әр балаға фигуралар беріледі. Балалар болса дараға арнап үй жасайды.

Бәріміз бірге ойын ойнайық.

Ойынның аты: « Бұл кімнің үйі?»

Ойының шарты: ілулі тұрған үйлерге сол үйді мекендейтін аңдарды көрсету.

Балалармен тамашалауБалалар орындарына отырады.Балалар үшбұрышты жасайды..

Балалар жұмыстарын аяқтайды.

Балалар ойын шартын мұқият тыңдайды.

Жарайсыңдар, балалар! Сонымен бүгін біз сендермен нетуралы өттік?

Қайталау сұрақтарын қою

 Өз үйімі,ауламыз туралы.

Қорытынды: Үй және олардың түрлерін.Геометриялық бұрыштарды игеру.Сұрақтарға жауап бере білуді



Бірінші кіші тобында оқу қызметіндеұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в первой младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 16.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Бейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Шығармашылық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM:Сурет салу

Тақырыбы:Тема: Subject: «Аққала»

Мақсаты: Цель: Goal Балалардың бояу суреттерін жасауға деген қызығушылығын оятуды жалғастырыңыз. Балаларға өздеріне қол жетімді өрнек құралдарын (түсі, өлшемі) қолдана отырып, снеговикті бейнелеуге көмектесіңіз.

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: аққала, қар, дөңгелек.

Билингвалды компонент: аққала-снеговик.

Көрнекіліктер: ақ ақағаздар, дөңгелектер,желімдер, қылқалам,аққаланың суреті.



Балалалар, қазір қай жыл мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі. Қандай өзгерістер болады екен табиғатта?


Ал, мынау суретте балалар не жасап жатыр?


Аққаланы қандай пішінен жасап жатыр?


Балаларға аққаланың суретін көрсету. Оларға дайын пішіндер жасап беру.

Сергіту сәті:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Бишілерше бұралып,

Дөңгелене билейік.


Балаларды өздік сурет салуға машықтандыру.

Қазір қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде қар жауады. Күн суытады.

Олар қардаң аққала жасап жатыр.

Дөңгелек пішінен жасап жатыр.


Қағазға сурет салатынына қуанады.

Оны қалай салу әдісін үйренеді. Өз бетінше жұмысқа кіріседі.


Балалар сергіту сәтін орындайды.


Суретті ұқыпты, таза, әдемі етіп салуға тырысады.


Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Балалардың жұмыстарын мадақтайды.


Балалар бір-бірінің, өздерінің, салған суреттерін тамашалайды.

Жұмыстарын мақтап мадақтағанға қуанады.


Қорытынды:Аққаланы неден жасалатының балалар ұғынады.Көлемі әр түрлі дөңгелектерді салу керек екенін түсінеді.Қағаз бетінде өз бетімен сурет салуды қолданады.














































Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 20.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Дүйсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Таным».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Жаратылыстану

Тақырыбы:Тема: Subject: «Аяз неге ашулы?»

Мақсаты: Цель: Goal: Берілген мезгілге (аязға) тән табиғат құбылыстарымен таныстыру. Жағдайға байланысты көрнекі қабылдау мен зейінді дамыту, қарапайым нұсқауларды түсіну және ұстану қабілеті. Қарапайым өзара әрекеттесу дағдыларын тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: аққала, қар, дөңгелек.

Билингвалды компонент: аяз -мороз

Көрнекіліктер: ақ ақағаздар, дөңгелектер,желімдер, қылқалам,аққаланың суреті.

Кел, күлейік, күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді болып жүрейік

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар, алдымен бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын далада бүгін қандай екен?. Терезеден бақылау жүргізу. Балалар сендер сабаққа келе жатқанда күн қандай болды?. Сендер тоңдыңдар ма?

Қазір Жылдың қай мезгілі?

Қыста күн қандай болады?

Иә дұрыс айтасыңдар, қазір жылдың қыс мезгілі. Қыста күн суытады. Қыста аяз болады. Қатты аяз күндерітерезелер қырауланып өрнектер пайда болады.

Қыста қар жауады. Қысты күні жел қатты болса даладағы қарларды ұшырып боран соғады.

Сергіту сәті.

Жел соғады гу-гу.

Екі аяз ертегісін айтып беру.

Ойын: «Жел мен ағаштар.

Балалар ауа райын терезеден бақылайды

Сұрақтарға жауап береді. Аяз бен боран туралы түсінік алады. Сергіту сәтін жасайды.Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Қорытынды:

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қыс мезгілін Аяз бен боранмен танысады.

Қыс мезгіліндегі өзгерістерді.























































Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 21.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Денсаулық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Денешынықтыру.

Тақырыбы:Тема: Subject: «Құстар ұясында»

Мақсаты: Цель: Goal Балаларды екі аяқпен сергітуге үйрету; мұқият тыңдаңыз және соңғы сөз айтылғанда ғана қашыңыз

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: еңбектеу

Билингвалды компонент: еңбектеу - ползать

Көрнекіліктер: доптар, тақтайшалар, кішкентай орындықтар және ойынға қажетті заттар.

1.Бір қатар сапқа тұру

2. Сәлемдесу. (Нұсқауларды орындау).

Тік ұста да бойыңды.

Жоғары соз қолыңды.

Қолды жоғары созып жүру

Бүйір таяп қос қолмен,

Көтер аяқ оң жақтан,

Көтер аяқ сол жақтан

Құлап кетпе сәл сақтан.

Қол белде, оң, сол аяқты көтеріп жүру.

Күнде жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алайық.

Негізгі бөлім.

Жан- жақты дамыту жаттығулары: Баяу жүгіру

Балаларға үлкен себеттегі доптарды көрсету. Доптарды балалардың өздеріне алғызып , бірінің соңынан бірін жүргізіп , шеңберге тұрғызу.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатарға тұрады.

Іс –қимылмен келтіріп , бірінің соңынан бірі жүгіреді.

Доптарды өздері себеттен алады. Шеңбер құрып тұрады.

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Допты иыққа тигіз»

Б.қ. негізгі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру.

1. Екі қолмен ұстаған допты алға созу

2. Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу

3. Екі қолмен ұстаған допты алға созу

4. Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу

5. Бастапқы қалыпқа келу.



Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Иілу»

Б.қ. Негізгі тұрыс, допты қос қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ.

1. Допты қос қолмен жоғары көтеру

2. Допты алға созып иілу

3. Б.қ. келу

3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Алға, артқа секіру»

Б.қ. аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау

1. Алға қос аяқпен секіру

2. Артқа қос аяқпен секіру

3. Б.қ. келу

Тыныс алу:

- тік тұру

- допты алақанға қою

- алақандағы допты үрлеу.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1 Тартылған жіптен аттау.

2. Допты бір-біріне лақтыру , ұстап алу.

( Допты бір-біріне лақтыру , ол допты ұстап алу ).

Жалғыз аяқ жолмен ойыны;

Балалармен бірлесе ойнау.

Ойын шартымен таныстыру.

Аяқты жіпке тигізбейді.

Допты лақтырады, өзіне келген допты екі қолмен , ұстап алады.


Қорытынды:

1.Балаларды мақтап, мадақтау.

2. Жүріс түрлерінің дұрыс орындалуын бақылау.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау


































Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 21.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Шығармащылық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Мүсіндеу

Тақырыбы:Тема: Subject: «Мишуткаға арналған ыдыс»

Мақсаты: Цель: Goal Допты домалақтату, ортасын бас бармақпен басу және шыныаяқ жасау үшін шеттерін қысу арқылы балаларға үйретуді жалғастырыңыз. Пішін, түс сезімдерін дамыту, қараңғыда сөздік қорын молайту.Балаларды жануарларға қамқорлық жасауға, жанашырлыққа, көмекке ұмтылуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: ыдыс, ожау.

Билингвалды компонент: ыдыс-посуда

Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша,ыдыстың суреті.


Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын,

Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ермексазбен ожау мен кесеніжасайтынын ескертеді.

Топқа Қонжық келеді. Әуен қосылады.

-Мына суретке назар аударайықшы.

-Анамыз не істеп отыр?

-Оның қолындағы не?

-Атаның алдында не тұр?

-Тегенеге құйылған қымызды сапырып,тостағанға құю үшін ағаш ожау қолданады.

-Ожау : Қымыз құюға,сүт құятын, сорпа сапыруға арналған болып бөлінеді.

Қауіпсіздік ережесі:

Ермексазды ауызыңа салма.

Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.

Киіміңді таза ұста.

Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.

Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.

Ожау жасау үшін:Мишутка арнап ыдыс жасаймыз

Ермексазды екіге бөлу.Екінші бөлігін тағы екіге бөліп,оларды сопақтау етіп домалақтау. Ожаудың басы мен жиегін жасап,біріктіру.Екінші бөлігінен созу арқылы ожаудың сабын жасау. Ожаудың басы мен тұтқасын біріктіру.Қалақшамен тегістету.

Енді жасаған ожауды сәнді болу үшін безендіру.

Ширатылған кесінділер.Ыдыстың түбі.Кесінділерден құрастырылған жұмыс.Кесе.

Мүсіндеу кезінде керек жерінде жеке бөліктерін созып,саусақтардың ұшымен пішініне келтіреміз.

Орыс тілінде кесе-чашка деп айтылады. Кәне бәріміз қайталайық.

Сұрақтар.

1.Үйінде өзіне ұнайтын кесе бар ма?

Ол неден жасалған?Неге ұнайды?

2.Кеселердің әр түрлі болуы неліктен?

3.Сеніңше мереке күндері әдемі ыдыстарды пайдалану себебі не?

Оларды кім жасайды?

Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау.

Хормен айтады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын Орындарына отырад


Отбасы дастархан басында отыр.

Анамыз ожаумен қымыз сапырып, скесеге құып жатыр.

Атаның алдында кесе тұр


Өз бетімен жұмыстанады

Балалар ереже бойынша өз бетімен жұмыстанады .

Қорытынды:

Білу керек: Үй тұрмысындағы ыдыстармен танысты.

Меңгеру керек: Ұлттық бұйымдарды құрметтеуді меңгерді.

Жасай білу керек: Ожау мен кесе жасауды үйренді.

































Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 22.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сәрсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Денсаулық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Денешынықтыру

Тақырыбы:Тема: Subject: «Петя,петя петушок»

Мақсаты: Цель: Goal Шағын кіші топтарда бағанда серуендеу және жүгіру. Доптарды алға қарай бағыттау. Балаларды кішкене топтарда бағанмен жүру және жүгіру туралы таныстыруды жалғастырыңыз. Қатты үйретіңіз, алға қарай жүру кезінде допты екі қолыңызбен итеріңіз.

Қ/ойын«Күннің көзі мен бұлттар

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: петушок,доп,тақтай,доға.

Билингвалды компонент: секіру-прыгать, лақтыру-бросать.

Көрнекіліктер: доға,тақтайша.

- Балалар, бүгін бізге қонаққа кішкентай Петушок келді. Балалармен амандасады.

Балалар, сендер қалай жаттығу жасайтындарыңды көріп, үйренейін деп

едім

Балалар келген қонаққа қуанып, амандасады.

Негізгі бөлім.

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Допты иыққа тигіз»

Б.қ. негізгі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру.

1. Екі қолмен ұстаған допты алға созу

2. Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу

3. Екі қолмен ұстаған допты алға созу

4. Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу

5. Бастапқы қалыпқа келу.

Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Иілу»

Б.қ. Негізгі тұрыс, допты қос қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ.

1. Допты қос қолмен жоғары көтеру

2. Допты алға созып иілу

3. Б.қ. келу

3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

«Алға, артқа секіру»

Б.қ. аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау

1. Алға қос аяқпен секіру

2. Артқа қос аяқпен секіру

3. Б.қ. келу

Тыныс алу:

- тік тұру

- допты алақанға қою

- алақандағы допты үрлеу.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1 Тартылған жіптен аттау.

2. Допты бір-біріне лақтыру , ұстап алу.

( Допты бір-біріне лақтыру , ол допты ұстап алу ).

Балалармен бірлесе ойнау.

 Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.

Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу.

Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу.

Қорытынды

Кішкентай лақ балалардан сұрайды:

-Сендерге бүгін қызықты болды ма?

-Бүгін сендермен қандай жаттығулар жасадық?









































Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 22.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Сәрсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Коммуникация».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Көркем әдебиет

Тақырыбы:Тема: Subject: «А. Барто тақпағын оқу «Қозы мен қоян»

Мақсаты: Цель: Goal Балаларды «Ойыншықтар» жинағынан А.Бартоның өлеңдерімен таныстыру. Балаларға өлеңдердің мазмұнын түсінуге көмектесу. Оларды қайтадан тыңдағыңыз келеді. Балаларға дыбысты (з) дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс айта білуге ​​үйрету, осы дыбыспен, қарапайым тіркестермен сөздерді анық және анық айту.  Гербова -138

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: Қозы мен қоян

Билингвалды компонент: қозы-ягненок,қоян-заяц.

Көрнекіліктер:  қоян мен қозының суреттері.

Кіріспе әңгіме:

Бүгінгі іс –әрекетімізде «Қозы мен қоян» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз. Ертегіні оқып беру.

Сұрақ- жауап

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Қозы не жақсы көреді?

-Қоян оған неге жақындамады?

-Қозы нені жақсы көреді?

«Қояндар» ойыны.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбырды.

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып жүгірді. Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің


Тәрбиешімен бәрге сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Секіріп, қоянның қимылдарын жасайды.

Рефлекциялы түзету кезеңі

-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

-Бүгінгі іс- әрекетімзде қандай ертегімен таныстық?


Иә .Қозы мен қоян


Қорытынды: адамгершілік қасиеттерін бағалауды, ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерін келтіруді, ертегінің мазмұнын








Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 23.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Бейсенбі

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Шығармашылық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Сурет салу

Тақырыбы:Тема: Subject: «Сауленің көйлегін безендірейік»

Мақсаты: Цель: Goal Балаларға қарындашты дұрыс ұстап, оны жылжытып, қағазға дөңгелек із қалдыруға үйретуді жалғастырыңыз. Ұсынылған формадағы шеңберлерді бейнелейтін (көйлек) балаларды қарындашпен басқаруға үйрету

Әдіс тәсілдері: балалармен алдын ала жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: Қуыршақ сәуле.

Билингвалды компонент: көйлек-платье

Көрнекіліктер:   Қуыршақ Айсұлу, оның әдемі көйлек үлгісі, әр балаға бір-бірден көйлек үлгілері, түрлі бояулар, қол сүрткіштер, су.

Педагог балаларға әр түрлі көйлек үлгілерін көрсете отырып, көйлектің түрі өте көп болатынын айтады. Бірінеше қуыршақтың көйлегін көрсетіп, түсіне, өрнектеріне балалардың назарын аударады.

-Қуыршақ Сауле қонаққа әдемі көйлек киіп барғысы келеді.

Сендердің көмектесуге дайын тұратындарыңды біліп көмек сұрай келіпті.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.Көмектесетіндері жайлы айтады.

Ендеше бәріміз бірге қуыршақ Сәулеге арнап көйлектерді әдемі етіп безендіріп берейік. Алдарындағы көйлек үлгілерін өздеріне ұнаған түстерге боясыңдар. Ол үшін саусақтарынды сол түске батырып,әр түрлі көлемдегі дөңгелектер салу арқылы безеңдіресіңдер. Дөңгелек салудың неше түрі бар екенін естеріңе түсіріп көріңдер.

Педагог көйлекке дөңгелектерді салу жолдарын көрсетеді. Үлкен домалақтарды қылқалммен салуға кеңес береді.

Балалардың қабілетіне қарай дөңгелектерді қылқаламмен салып шығуды ұсынуға да болады.

Балалардың түсті дұрыс таңдауына бағыт береді және қандай түс алғандарын сұрай отырып бояуды ұсынады.

Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. Педагог

балалардан көйлектерін қандай түспен безендіргені жайлы сұрайды. Неге дәл сол түсті таңдағаны туралы, осы түсте басқа да қандай заттар болатынын сұрап көруге болады. Көйлекті безендіріп болған соң балалар көйлектерін қуыршақ Сәулеге сыйлайды.

Балалар педагогтің көрсетуімен саусақтарын пайдаланып көйлекті безендіреді.

Әр түске матырған сайын саусақтарын сүртіп отырады.

Балалар өздері таңдап алған түстер жайлы әңгімелейді.

Безендіріп көйлектерін қуыршақ Сәулеге сыйлайды.

ПедагогСәуленің атынан балаларға ризашылығын білдіреді бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Саусақпен және қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын.

Қорытынды: Көйлектердің пішіні,өрнектердің әр түрлі болатындығын.

Саусақ және қылқаламды алмастыра отырып көйлекті безендіруді.






Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 24.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Жұма

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Денсаулық».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Денешынықтыру

Тақырыбы:Тема: Subject: «Үлпілдек балапан»

Мақсаты: Цель: Goal: Баланстағы жаттығу - екі сызықтың арасында жүру және жүгіру (ені 25 см).Секіру - орнында екі аяқпен секіру. Балаларды серуендеуге және шеңберде жүгіруге үйрету.Шектеулі аймақта серуендеу және жүгіру кезінде тұрақты тепе-теңдікті сақтаңыз.

Екі аяқпен орнында секіруді үйреніңіз.

Қ/ойын «Балапандар»

Сөздік жұмыс: балапан,

Билингвалды компонент: балапан-цыпленок.

Көрнекіліктер:  балапан суреті, секіру-прыгать.


Педагог төмендегіі тапсырманы орындатады.

Сап-тізбекте бірінің соңынан бірі дағдылы, аяқты тырпылдатпай басып жүру. Бірнің соғынан бірі жүру, жүгіру. «Тауық пен балапандар» қимылын бейнелей жүру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады. Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.


Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығулардың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Тура жолмен жүру және жүгіру.

-Бір-біріне доп домалату.


«Аттар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.


Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.



Ойынға жаппай қатысады.

Қорытынды:

«Не естіледі?» қимыл-қозғалыс аз ойыны.

Түрлі жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспадан қандай жануардың дауысы екенін анықтайды.








Кіші тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі

Конспект занятия организованной учебной деятельности в младшей группе

The lesson summary of organized educational activityfor first junior group


Өткізілетін күні: Дата проведения: The date of the: 24.01.2020жыл

Апта күні: Деньнедели: Day of the week: Жұма

Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area «Таным».

ОҚҰ түрі:Вид ОУД: Type of OAM: Құрастыру

Тақырыбы:Тема: Subject: «Қаршалар»

Мақсаты: Цель: Goal: Стандартты емес материалдардан конструктивтік белсенділікті дамытуды жалғастырыңыз: киімдер қолдың ұсақ моторикасы, тыныс алу, байқау. Түстер туралы білімдерін бекіту: ақ, көк. Балалардың тәжірибе жасау дағдыларын дамыту.

Сөздік жұмыс: қаршалар,қарлар.

Билингвалды компонент: қаршалар-снежинки.

Көрнекіліктер:  қағаздар,тақтайшалар.


Балаларға үлгі сурет бойынша көрсетіп, қар жауып тұрған сәтті бейнелейтіндіктерін түсіндіреді. Жауған қарға бақылау жасағандарын естеріне түсіреді. «Жапалақтап қаршалар жауды» ойынын ойнайды.


Балалар сурет бойынша әңгімелейді және ойын ойнайды.

Тәрбиеші үлгіні көрсетіп балаларға бүгін жауған қарды қағаздан қалай жасауға болатынын көрсетіп түсіндіреді. Жолақ жұмсақ қағаздарды үщіп алып балалар алақан арасына салып умаждайды, оны домалақтайды, жұмсартып, домалақ бейнеге келтіріп, қағаз бетіне әр жерге қар жауаған тәрізді етіп орналастырады. Қағаз бетіндегі көріністерді пайдалана отырып, мазмұн бере орналастыруға бағыт беріледі. Балалардың іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатынын қадағалайды.


Балалар екі қағазды да кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, домалақтауға әрекеттенеді. Қар ақ, жұмсақ, оны қағаздан жасағанда да, жұмсартып, домалақтап, бейнеге келтіреді.


Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді, мадақтайды.


Өздерінің жасаған жұмыстары жайында айтып беруге талпынады.


Қорытынды:

жапалақтап жауған қар туралы біледі

қағаздың көлемі «үлкен», «кіші» және оны умаждау әдістерін игерді

қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп, оны кеңістікке дұрыс орналастыра білуді меңгерді



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім беру саласы "Денсаулық", Бөлімі "Денешынықтыру",Тақырыбы "Петя,петя,петушок"

Автор: Рамазанова Эльмира Жумартовна

Дата: 21.01.2020

Номер свидетельства: 536832


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства