?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекетіні? технологиялы? картасы.
Білім беру саласы: ?атынас
Б?лімдері: Тіл дамыту
Та?ырыбы: Білім еліне саяхат.
Ма?саты: 1. Білім ?лемі туралы т?сінік беру. «1 ?ырк?йек - Білім к?ні» екенін айтып, білім алу ма?сатында ал?аш мектеп, бала - ба?ша табалдыры?ын атта?ан балаларды ??тты?тау.
2. Саяхат жасау ар?ылы балаларды? білімге деген ??штарлы?тарын арттырып, ?иялдарын дамыту.
3. ?жымды досты? ?арым - ?атынас?а т?рбиелеу.
К?рнекілік: мектепке, балаба?ша?а кетіп бара жат?ан балаларды? суреттері.
Билингвалды? компонент: саяхат – путешествие, мектеп – школа, кітап – книга
1. ?йымдастыру кезе?і:
Армысы? асыл к?н, армысы? жан досым.
Жылуыма жылу ?ос, міне, мені? ?олым.
Балалар, бір - бірлері?ні? ала?андары?ды ?стап т?рып, нені сезінді?дер?
Ше?берге т?рып,т?рбиешіні? ?имылын ?айталап,
ынталанып ты?дайды.
?йымдастыру-Ізденушілік
2. «?дебиет ?лемінде» аялдамасы.
Б?л аялдамада ?ле? - та?па?тар, ж?мба? - жа?ылтпаш, ертегілер, ?ызы?ты ??гімелер жайлы ?ыс?аша ма?л?мат беріледі.
- Мені? атым - Жандос. Мені? атым ж дыбысынан басталады.
«Д?рыс айт» дидактикалы? ойыны. Т?рбиеші дауысты а дыбысыны? ?рт?рлі интонациямен айтылатынын мысалдар ар?ылы айтып к?рсетеді.
1. Д?рігерге келген бала ауызын ке? ашып: «А - а - а», - деп айтады.
2. ?ыз бала: «А - а - а», - деп ?ндетеді.
3. Анасы с?биін: «А - а - а - а», - деп ?лдилейді.
Осындай ж?мыстардан кейін болаша?та с?з, с?йлем, буын, дыбыс, ?ріп ??ымдарын ме?геретіндігін айтып т?сіндіру.
4.«Математика ?лемі»
1. Балалар он?а дейін санайды.
2. Т?рбиеші геометриялы? фигураларды? суретін к?рсетеді, балалар айтады. Мысалы: ?шб?рыш, т?ртб?рыш, т.б.
3. Математикалы? есеп шы?арады. Мысалы:
А?аш б?та?ына 3 тор?ай ?онып отыр. Бір тор?ай ?шып кеттi. Б?та?та неше тор?ай ?алды? (Жауабы: 2 тор?ай ?алды).
Математика ар?ылы ?арапайым математикалы? ??ымдарды ?алыптастырып, б?л ба?ытта?ы санау мен есеп шы?ару т?сілдерін игеруге ба?ытталатынды?ы айтылады.
Балалар, «Білім» елі сендерге ?нады ма? «Білім - сар?ылмас ?азына» дейді. ?мірде тек білімді ?ана емес, ?айырымды, мейірімді болу керек. Білімді, т?рбиелі адам Отаныны? ?сіп - ?ркендеуіне ?лесін ?осады.
5. Д?птермен ж?мыс
а) Мереке, білім, мектеп, о?ушы, м??алім, ?о?ырау деген тірек с?здерді пайдаланып ж?не жетекші с?ра?тар ар?ылы ??гіме ??растыру. Сурет бойынша ?ойылатын с?ра?тар:
1. Балаба?шада не ?йренді?дер?
2. Балалар мектепке не ?шін барады?
3. Мектепте о?итын баланы кім деп атайды?
4. Мектепте ?о?ырау не ?шін со?ылады?
?) О?у ??ралдарымен таныстыру. Осыдан кейін д?птерлеріндегі с?мкеге ?ажетті о?у ??ралдарын сызы?пен сызып к?рсетеді.
б) Д?птерде берілген ма?ал - м?телді? ма?ынасын т?сіндіру, жаттату.
Балалар ертегі, ?ле?, ?ызы?ты ??гімелерді еске т?сіреді
Балалар ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап береді.
?орытынды.
1. Саба?ты ?орытындылып, ж?мыстарын талдау.
Мада?тау.
Балалар осы о?у іс ?рекетінен ?йренгендерін естеріне т?сіріп жауаптар береді.
К?тілетін н?тиже: Балалар саба??а белсенді ?атысады
Нені біледі: Білім ?лемі саяхат жасайды
?андай т?сініктерді игерді: Білім ?лемі туралы т?сініктерін игереді
Ме?герген да?дылары мен іскерліктері: Саяхат жасау ар?ылы балаларды? білімге деген ??штарлы?тарын арттырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім еліне сая?ат »
№ 1 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Білім еліне саяхат.
Мақсаты: 1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек - Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала - бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.
2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.
3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілік: мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.
Билингвалдық компонент: саяхат – путешествие, мектеп – школа, кітап – книга
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың асыл күн, армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.
Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?
Шеңберге тұрып,тәрбиешінің қимылын қайталап,
ынталанып тыңдайды.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.
Бұл аялдамада өлең - тақпақтар, жұмбақ - жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең - тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.
3. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.
-Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.
- Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.
«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді.
1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А - а - а», - деп айтады.
2. Қыз бала: «А - а - а», - деп әндетеді.
3. Анасы сәбиін: «А - а - а - а», - деп әлдилейді.
Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.
4.«Математика әлемі»
1. Балалар онға дейін санайды.
2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.
3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:
Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).
Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.
Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп - өркендеуіне үлесін қосады.
5. Дәптермен жұмыс
а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Балабақшада не үйрендіңдер?
2. Балалар мектепке не үшін барады?
3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?
4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?
ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.
б) Дәптерде берілген мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату.
Балалар ертегі, өлең, қызықты әңгімелерді еске түсіреді
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар бірнеше рет қайталайды.
Балалар математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады..
Балалар сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Сабақты қорытындылып, жұмыстарын талдау.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі: Білім әлемі саяхат жасайды
Қандай түсініктерді игерді: Білім әлемі туралы түсініктерін игереді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырады.
№ 2 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жомарт күз.
Мақсаты: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.
Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Балалардың жауаптары:
- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.
- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білдіңдер?
3. Неліктен жомарт күз дейміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?
5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер?
6. Күз туралы не білесіңдер?
7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны.
3 Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.
Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.
Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.
Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
ә) Бидайдың сабағының суретін салу.
б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.
Сұрақтарға жауап береді
Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады.
Бидайдың суретін салып, жұмбақтың шешуін табады
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Күзде жапырақтарда, өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?
3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Күз мезгілі туралы білімдерін арттырады
Қандай түсініктерді игерді: Күз мезгіліндегі өзгерістермен танысады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Алтын күз» өлеңін оқып, мазмұнымен таныс болады.
№ 3 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: фланелеграф, көкөністер мен жемістердің мульяжі.
Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.
Мысалы: алма - тәтті, домалақ, түсі - қызыл, көк, сары; сәбіз - қатты, сопақша; бұршақ - ащы, сопақша.
- Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. (Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады).
5. Дәптермен жұмыс.
а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау.
-Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар?
-Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.
-Екінші суретте не жетпей түр?
-Біралмұрттың суреті жетпейді.
-Алмұрт туралы не білесіңдер?
ә) «Теңестір» жаттығуын орындау.
Сурет бойынша жұмыс истейді
Жұмбақ шешуін табады
- Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.
Балалар екі топқа бөлініп, бірінші топқа көкөніс деген сөзге, ал екінші топ жеміс сөзіне сөйлем құрастырады. Екі топ балалары көкөніс, жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсетеді.
Балалар жаттығуларды орындайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
-Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Олардың қалай аталуын біледі
Қандай түсініктерді игерді: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жұмбақ шешеді.
№ 4 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі.
Мақсаты:
1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2.Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
3.Оқу іс - әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент:нан-хлеб,пісірді – испекли, бидай – зерно, жер - земля
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе әңгіме
-Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.
-Нанды неден пісіреді?
-Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
-Мынау-бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Сөздік жұмысын жүргізу.
Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.
Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.
Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.
Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
3. Жұмбақ шешу.
Қыр басында әрқилы,
Сары теңіз толқиды.
(Егін)
4. Педагогтің түсіндіруі.
-Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?
-Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.
-Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп - баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.
5. Сергіту сәтін өткізу.
6.М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу. Тәрбиеші ертегінің бөлім - бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.
7. Жазбаша жұмыс.
Сөздердің мағынасын түсінеді
Жұмбақ шешуін табады
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Балалар ертегінің мазмұнымен танысады
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
-Тышқанды қандай сұрақ мазалады?
-Нан қайдан келеді?
-Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?
-«Нан - байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Ертегінің мазмұнымен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жұмбақ шешеді.
№ 5 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты:
1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.
-Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
-Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!
-Ал сендер үйлеріңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
-Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
-Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
-Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
-Бір үйде қандай адамдар тұрады?
-Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.
-Оларды атаңдар.
-Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.
-Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.
Балалар шаттық шеңберін орындайды
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2.Негізгі бөлім.
а)Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
-Отбасы мүшелері қайда тұрады?
-Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.
-Олар қалай тұрады?
-Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Нағашы ата - анасының әкесі.
Нағашы әже - анасының анасы.
Немере - ұл - қыздарынан туған бала.
б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
-Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
-Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.
-Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?
-Ал сендердің әжелерің қандай?
Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.
Әке - асқар тау,
Ана - етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.
3. Сергіту жаттығуын орындау.
4. Жазбаша жұмыс.
5.Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.
6. «Сыңарын тап» ойыны.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Балалардың жауабы
- Ата.
-Әже.
Сергіту сәтін орындайды
Сурет салады
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
-Отбасы мүшелерін атаңдар.
-Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Отбасы мүшелерінін атайды
Қандай түсініктерді игерді: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастырады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Түрлі-түсті бояумен жұмыс жасауды меңгереді.
№6 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Біздің үй.(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты:
1.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
2.Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.
Жаңа сөз: жиһаз, жатынжай, мансард.
Билингвалдық компонент:жиһаз-мебель,қабат-этажи
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Шаттық шеңберін құру.
Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.
2. Кіріспе әңгіме.
Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ - жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізеді:
- Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі - үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Коттедж - жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй. Мансард - шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.
Жиһаз - үй бұйымы, мүлік. Жатынжай - ұйықтайтын бөлме.
б) Салыстыру жұмысын жүргізу.
Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелеу.
-Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай?
-Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке - жеке отбасылары тұрады. Олардың ауласы - бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.
в)Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.
-Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады?
- Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.
-Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
-Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б.
-Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?
г)«Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Бөлмелердің атын атайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
1.Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?
2.Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.
тұрады?
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі...» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады.
ә) Тыныштық сәті.
-Ертегі - бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата-аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір - екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).
Балалар шаттық шеңберін орындайды
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
«Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісі
а) Педагог дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар - қала.
Мұржа - пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.
-Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?
г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.
ғ) Жұмбақ шешу.
Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.
Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол килтпеленіп тұрады.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Жұмбақтың шешуін табады
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Ертегі мазмұнын мазмұндау.
-Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Сөздік қорларын толықтырады, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамытады.
Қандай түсініктерді игерді:Ертегі мазмұнын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегіні мазмұндауға үйренеді.
№ 8 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары
Мақсаты:
1.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
2.Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
3.Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.
а)Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.
- Әуеннен не естідік?
-Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?
-Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт - құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.
ә) «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.
Сұрақтар:
-Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?
- Тотықұс Әтешке не үшін келді?
-Тоты әдемі киініп, қайда кетті?
-Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?
- Әтеш жабайы құс па?
- Үй құстарын, үй жануарларын атаңдар.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Дәптермен жұмыс.
Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.
-Үй құстарына қандай құстар жатады?
Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр - түсі, үлкен - кіші, пішіні).
ә)Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.
б)Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.
в)Тыныштық сәтін өткізу.
-Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып - тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?
-Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
-Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?
-Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтырады
Қандай түсініктерді игерді:Ертегі мазмұнын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегіні мазмұндауға үйренеді.
№9 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты:
1.Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.
2.Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3.Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.
-Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.
-Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?
-Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2.Негізгі бөлім.
а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.
Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.
Дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.
б) Жұмбақтар шешкізу.
Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.
1. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (Кірпі)
2. Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
3. Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
4. Бұлаңдаған құйрығы -
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)
в) Сергіту жаттығуын өткізу.
г) дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді:Ертегі мазмұнын жоспар бойынша айтуды үйренеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегіні мазмұндауды меңгереді.
№10 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!
Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.
-Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат та (Фея) келіпті. Қош келдіңіз.
Балалар Перизатқа ойыншық туралы өз ойларын айтады. Теледидардан әртүрлі ойыншық ұстаған балалар би билейді. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды.
-Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады?
-Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
-Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тәрбиешінің соңынан қайталайды
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Көңіл күйді көтеру.
Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз, Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.
«Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3.Дәптермен жұмыс.
«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.
Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Қандай түсініктерді игерді:Балалар ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйренеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыланады.
№11 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Елордасы — Астана.
Мақсаты:
1.Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.
2.Өлеңді мәнерлеп оңуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу -
3.Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің су - реттері, бейнетаспа.
Билингвалдық компонент:көп қабатты үйлер-многоэтажныедома
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
ә) Астана туралы мәлімет беру.
Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын не - месе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.
•Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.
•Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
•Бәйтерек - Астананың басты белгісі.
•Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.
• Парламент үйі - Өкімет үйі.
• Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.
• Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.
• Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы.
• Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.
б) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.
в) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.
А - ана, алма, ...
С - су, сан, ...
Т - таң, тамаша, ...
А - асыл, ата, ...
Н - нан, нар, ...
А - апа, алқа, ...
г)Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Өлеңдерін оқиды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Ойларын жүйелі жеткізе біледі
Қандай түсініктерді игерді:Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы біледі
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлеңді мәнерлеп оқуды меңгереді
.
№ 12 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.
Мақсаты:
1.Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.
3.Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар.
Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?
2. Кіріспе бөлім.
«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады.
Балалардың бір - біріне білдіретін тілектері:
-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.
- Дос болайық!
- Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.
-Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім.
а)Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.
-Ертегі қалай аталады?
-Ертегінің басы қалай басталады?
- Ертегі қалай аяқталады?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Жусан - ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп. Жабағы - ғой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.
Бақташы - мал бағушы.
Өркеш - түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.
б) Сергіту сәтін өткізу.
Саусақтарым бір - бірімен амандасайық,
Саусақтардан гүл ашайық,
Саусақтарды ашып - жұмып,
А - ә, г - ғ, ү - ұ, н - ң, к - қ, о - ө
Дыбыстарын дұрыс айтайық.
в) «Кім зерек?» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.
г)«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.
ғ) Тыныштық сәтін өткізу.
-Көзімізді жұмып, қысқы даланы көз алдымызға елестетейік.
Қыс. Далада аяз. Жердің беті аппақ қар, біз әдемі киініп балабақшаға келдік. Достарымызды көріп қуандық. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен таныстық. Ертегіде әртүрлі жануарлардың айтысқанын және тышқанның жыл басы атанғанын білдік. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» «Кім зерек?» ойындарын ойнадық. Көзімізді ашайық.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып, беру, жаттату.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Ойларын жүйелі жеткізе біледі
Қандай түсініктерді игерді:Ертегінің мазмұнын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді.
№13 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер.(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты:
1.Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
2.Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3.Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.
Көрнекілігі: жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ ұлттық киімдер үлгісі.
Билингвалдық компонент:қыс-зима,киімдер-вещи
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе әңгіме өткізу.
-Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Aya райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Педагог оқу іс - әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды.
- Айнырдың үстіндегі киімді ата.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киінген.
-Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - қысқы киімдер.
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім
а)Педагог әр балаға киімдер бейнеленген суреттер тара - тып береді, балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.
- Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима — жүннен басылған қысқы аяқкиім.
Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік — іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ — етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.
б) Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.
-Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай тон? Қандай етік?
-Қалың тон, қалың етік, жылы ішік, т.б.
-Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.
-Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?
-Тон сөзі жуан естіледі. Өйткені тон сөзіндегі о — жуан дауысты дыбыс. Ал етік сөзі жіңішке естіледі, етік сөзіндегі е және і - жіңішке дауысты дыбыстар.
в)«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
г)«Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны. Шарты: Aya райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.
- Киімдерді қалай киюіміз керек?
- Киімді қайдан аламыз?
ғ) Ө. Ақылбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Сөйлем, сөз тіркестерін құрастырады
Санамақ жаттайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а)«Қайсысы артың?» дидактикалық ойыны.
-Бір қатарда Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз.
ә) Киімдерді топтап айтқызу.
Малақай, құлақшын – бас киімдер.
Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер.тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
- Туфли.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата біледі
Қандай түсініктерді игерді:Әр мезгілде киетін киімдерді атай біледі
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді.
№14 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көңілді қыс.(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты:
1.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу.
- Қазір қай мезгіл?
-Қыстың күзден айырмашылығы неде?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
- Қысты неліктен көңілді деп айтады?
ә) Жұмбақтар шешу.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(Қар)
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады.(Аяз)
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.
Қыс қандай болады?
Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Дөң - көтеріңкі биік жер, төбе.
Қос - екі. Қос аяқта - екі аяқта.
б) «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі.
— Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
—Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар.
-Конькиді қай жерде тебеді? Шаңғыны ше?
— Дөң басынан шаңғы, шана теуіп көрдіңдер ме?
- Аққаланы қалай жасайды?
в) «Аққала» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жабыстырады.
Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
г) Т. Елеусізовтың «Қыс» өлеңін жаттату: педагог оқиды, балалар бірнеше рет қайталайды.
ғ) Ребус шешу. Шешуі: шана.
д) «Қайсысы артық?» ойыны.
- Бұл жерде артық - доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз, Ал доппен ойнай алмаймыз.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Ойын ойнайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Қысқы киімдерді ажырата біледі
Қандай түсініктерді игерді:Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндап, байланыстырып сөйлеуді үйренеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді.
№ 15 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.
Мақсаты:
1. 16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
2. Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктері: Отан, табиғат, Қазақстан Республикасының картасы, Тәуелсіздік ескерткішінің суреттері.
а)Қ.Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елге байланысты күйші композиторлардың бір күйін үнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. Балалардың Отан туралы пікірлері тыңдалады.
ә)Бейнетаспадан қазаң елі, республикамыз туралы 2 - 3 минуттық фильм көрсету.
Сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету. - Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан - ғасыр Жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаев.
-Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана қаласы.
- Алматы қандай қала?
- Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған.
-Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі).
б) Педагогтің түсіндіруі.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.
- «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.
- «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде тұратын халықтардың ортақ үйі - Отаны - Қазақстан Республикасы.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын біледі
Қандай түсініктерді игерді:16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік алады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға үйренеді.
№ 16 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
1. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету.
3. Сыйластыққа баулу.
Көрнекіліктері: жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.
а) Жұмбақ шешу: педагог жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан - әлем).
Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол. Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол.
- Шешуі: Аязата.
Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Пікір алмасу.
-Жаңа жыл мерекесі қашан болады?
-Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты?
ә)С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау.
• Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды.
• Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу).
• Өлең жолдарын балалармен бірге 2 - 3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек.
- Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. Міне, музыка залында шыршаны айнала дөңгелене тұрмыз. Марат қоян, Алмас қасқыр, Айгүл көбелек болып киініп алыпты. Жасыл шырша әсем етіп безендірілген. Аязата мен Ақша - қар шырша жанында би билеп жүр... Көзімізді ашамыз. Көз алдарыңа не елестеттіңдер? (Әр бала не елестеткенін баяндайды).
в) Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Педагог балалардың әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүреді.
г) «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
(Балалардың пікірлерін тыңдау).
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Бұл қандай мереке?
- Аязата мен Ақшақарға балалар қандай өнерлерін көрсе - тіп жатыр?
- Аязатаның дорбасында не бар?
- Ойыншықтар мен кәмпиттерді кімдерге береді?
- Ақшақар кім?
ә) «Сен білесің бе?» айдарын өткізу.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат біледі
Қандай түсініктерді игерді:Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамытады. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайтады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйренеді.
№ 17 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты:
1. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
2.Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстар үні.
Билингвалдық компонент:құстар-птицы,қыс-зима
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
2. Кіріспе бөлім.
а) Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ - жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог олардың жауаптарын қорытындылайды.
- Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді. Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.
ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне құстардың атына бай - ланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.
- Көгершінім.
- Балапаным.
- Қарғам.
- Қарлығашым.
- Тотым, т.б.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру. Қыстың бір суың күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме - дүкен құрыпты.
Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.
Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар: Әй, Сауысқан - ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?
Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
Сарышымшық — сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а)«Қайсысы артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Мұғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
- Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?
-Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік біледі
Қандай түсініктерді игерді:Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамытады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суретпен жұмыс жасауға дағдыланады.
№ 18 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқытіршілігі.
Мақсаты:
1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.
Билингвалдық компонент:жануар-животные,қыс-зима
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Шаттық шеңберін құру.
-Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір - бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.
2. Кіріспе бөлім.
-Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (Жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары). Аңдардың суреттерін көрсете отырып:
-Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім.
а)Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
- Қыста аңдар немен қоректенеді?
- Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы - тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады. ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Суықта дірдектеп - қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын - жайылып жатқан су алабы.
б) Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.
в) Ә. Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: педагог мәнерлеп оқиды, балпаң - балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу (балпаң - балпаң - теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) «Ақ аю» өлеңін 1 - 2 балаға жатқа айтқызу.
ә) Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.
1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
2. Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?
3. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
б) «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейтеді
Қандай түсініктерді игерді:Сурет бойынша толық сөйлем құрастырады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұраққа жауап беру арқылы ойлауға дағдыланады.
№ 19 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көшедегі көліктер.
Мақсаты:
1.Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.
2.Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.
3.Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі көліктер бейнеленген суреттер.
а) «Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады.
ә) Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Сөздік жұмысын жүргізу.
Жедел жәрдем - қолма - қол берілетін көмек. Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника. Су сепкіш — су тебуге арналған техника.
ә) Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
б) «Төртінші артық» дидактикалық ойыны.
Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атайды. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.
- Камаз, Тойота, Жигули, Мерседес.
- Камаз артық. Өйткені ол - жүк тиейтін машина. Жигули, Тойота Мерседес - жеңіл көліктер.
в) Жұмбақтар шешу. Шешулері: пойыз, автобус.
-Жұмбақта пойызды неге үйге теңеп түр?
- Өйткені пойыздың ішінде жататын төсек, тамақтанатын орын, жуынатын жер және әжетхана бар.
г) Күрделі сөздермен жұмыс.
Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.
Балалардан «Сүт тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сүт тасиды. Үш сөзден құралған» деген жауап алу қажет.
ғ) Сергіту сәтін өткізу.
Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айтады. Мысалы:
- Троллейбус - электр қуатымен жүреді. Ол - жолаушы таситын көлік.
- Трамвай - электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол - қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік.
ә) «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Көліктер туралы түсінік алады
Қандай түсініктерді игерді: Сөздік қорларын толықтырады Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға
дағдыланады.
№ 20 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
2.Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
3.Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным - түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Жаңа сөздер: жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Көрнекілігі: жеті қазына бейнеленген сурет.
Билингвалдық компонент: ит-собака, жылқы – лошадь, бүркіт – беркут,
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім.
Педагог жеті санын неліктен қасиетті екенін мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Балалардың пікірлері, жауаптары тыңдалады. Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Педагог «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқиды. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынған сурет арқылы мазмұнын түсіндіреді.
ә) Сөздік жұмысын жүргізеді.
Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу.
Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:
- Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып - білеміз.
- Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.
2.Кіріспе бөлім
а) Жұмбақ шешкізу.
Кірпіштен сарай, үй салады, Ол адам кім болады?Құрылысшы)
Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.
ә) «Кім болам?» дидактикалық ойыны.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім.
а) «Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.
- Дәрігер не істейді?
- Ғарышкер ше?
- Полиция қызметкері не істейді?
- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).
ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.
б) Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір - екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру.
Ғарышкер - ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.
в) Жұмбақ шешкізу. Шешуі: ұшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізіледі.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Педагог бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айтады. Балалар әр мамандық туралы әңгімелейді. Мысалы:
-Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.
-Полиция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.
ә) Педагог мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оңу керектігін айтып, сабақты қорытындылайды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтырады.
Қандай түсініктерді игерді:Сөздік қорларын толықтырады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады.
№ 22 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
1.Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынган сюжетті сурет.
Сөздік жұмыс: педагог, немере қызы.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.
Билингвалдық компонент: мақта – вата,
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім
а) Педагог балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқиды. Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады.
-Тышқан: «Апырай қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жеріне кірсем бе екен?» - деп ойлады.
- «Нан қайдан келеді?» ертегісі.
-Бір күні жануарлар «Не дәмді?» - деп таласып қалыпты.
- «Не дәмді?» ертегісі.
-Қыз Мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші», - дейді.
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
- Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе?
- «Не сыйлау керек?» әңгімесі.
ә) Педагог балалардан еңбек туралы қандай әңгіме, ертегі білетіндерін сұрайды. Сонан соң Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитындарының, оның еңбек туралы екенін хабарлайды.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім
а) Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат береді.
- Ыбырай Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.
ә) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Шапан, мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.
Шапан - астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім.
Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.
Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні. Әңгіменің мазмұнына байланысты төмендегі үлгідегідей сұрақтарға жауап беру.
- Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?
- Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?
- Мақтаны не іліп алып кетті?
- Торғайға мақта не үшін қажет болды?
Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.
б)«Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог өлеңді дауыстап оқиды, балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйренеді
Қандай түсініктерді игерді:Сөздік қорларын толықтырады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
№ 23 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем.(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты:
1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
3. Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
а) Педагог тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іледі де, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтатады. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету керек. Балаларға қойылатын жетекші сұрақтар:
1. Көктемде неше ай бар?
2. Қай айдан басталады?
3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
4. Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).
ә) Педагог балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Педагог Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шартылдайды - сартылдайды, тарсылдайды. Қып - қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.
Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
б) Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себет - тегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол,гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.
г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.
ә) Балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдері пысықталады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:көктем мезгілі туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді:Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамытады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
№ 24 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты:
1.Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру. 2.Өлең, мақал - мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс - әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аналар мерекесі туралы суреттер.
Әдіс - тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
2.Кіріспе бөлім.
Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім.
а) Сурет бойынша жұмыс.
Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.
ә) Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдыру.
б) F. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.
в) «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Оқу іс - әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең - тақпақтарын қайталау.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік біледі
Қандай түсініктерді игерді:Өлең, мақал - мәтелдердің мазмұнын аша біледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс - әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін меңгереді.
№ 25 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Мақсаты:
1. Балаларға хайуанаттар багы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.
2. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Билингвалдық компонент: хайуанаттар – зоопарк, жануарлар – звери,
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім.
а) Тәрбиеші хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.
ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу.Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Тыныштық сәтін өткізу.
-Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.
Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын деп атайды.
Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.
в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.
г) Жұмбақтар шешу. Шешулері: қоян, піл.
ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.
ә) Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Балалар хайуанаттар багы туралы түсінік алып, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтайды.
Қандай түсініктерді игерді:Жұмбақтың шешуін тауып, мазмұнын аша біледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып, ойлау қабілеттерін дамытады.
№26 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Наурызға шашу, Наурыз мейрамы.
Мақсаты:
1.Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.
2.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер.
Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан.
Билингвалдық компонент: мереке – празник, ұлттық мейрам – международныйпразник.
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Шаттық шеңберін құру.
Музыка ойнап тұрады. Педагог:
- Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді.
Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір - біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.
2. Кіріспе бөлім.
а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу. ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мысалы, татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалар алған білімдерін ортаға салады.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім.
а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.
• Тал егіп жатқан балалар.
• Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.
• Гүл егіп жатқан қыздар.
• Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері.
Раушангүл - әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.
б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.
в) Салт - дәстүр туралы мәлімет беріледі.
г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны
ғ) Наурыз көже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.
Балалар мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салады
Өлең жаттайды
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а)Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.
ә) Сабақта алған білімдері сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейтеді
Қандай түсініктерді игерді:Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулиды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейтеді.
№ 27 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі.
Дәптерде «Алтын сақа» ертегісінен үзінді және мазмұнына сай сюжетті сурет берілген. Ертегіні бөлім бойынша оқып, мазмұнын түсіндіреді. Сонан соң рөлдерге бөліп, сахналайды. Педагог балаларға түсінікті болу үшін, бұл ертегінің мазмұнын толық әңгімелеп беруіне де болады.
Көрнекіліктер: алтын сақа ертегісі, дәптер, ертегі сахналауға кейіпкерлердің кейімдері
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін құруға ортаға шақырады.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып тәрбиешінің іс – әрекеттерін қайталайды.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
Тәрбиеші балалар қанекей балалар қазір бізде қандай мезгіл?
Балалар енді барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Енді барлығым орнымызға отырайық, мен сендерге қазір өте қызықты ертегілер оқып беремін. Ал сендер тыңдаңдар жарайма балалар. Тәрбиеші балаларды отырығызып ертегіне оқып береді. Тәрбиеші ертегіні оқып болған соң балаларды ертегілер кейіпкерлеріне бөлінуді сұрайды. Балалар сендер қазір жаңа оқыған алтын сақа ертегілерін сахналайсыңдар жарайма балалар.
Сюжеттік рөлдік ойын: «Алтын сақа»
Ойынның шарты: балалар ертегідегі кейіпкерлерге бөлініп барлықтары өз рөлдерін сомдайды.
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді
Балалар ертегіні сахналайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды. Балалар біз бүгін қандай ертегі еліне саяхат жасадық?
Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Сендерге қандай кейіпкер ұнады?
Сендерге ойын ұнадыма?
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:
Қандай түсініктерді игерді:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
№ 28 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі.
Мақсаты:
1.Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.
2.Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мерекеге арналған сюжетті суреттер,
Билингвалдық компонент: 1 мамыр – 1 май, ұлттар - наций
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Шаттық шеңберін құру.
Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау.
2. Кіріспе бөлім
а) дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.
ә) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Бір - біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
3. Негізгі бөлім
а) Сөздік жұмысын жүргізу. Ынтымақ - адамдар арасындағы бірлік. Мереке - салтанатты той, мейрам.
ә) Педагог Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.
- 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы.
б) Осыдан кейін С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттады
Біз - балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
С. Оспанов
в) ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға толық жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік алады.
Қандай түсініктерді игерді:Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға үйренеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытады.
№ 29 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жеңіс мерекесі.
Мақсаты:
1. Жеңіс күні туралы түсінік беру.
2. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілетте - рін дамыту.
3. Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Жеңіс, Отан қорғаушы, соғыс ардагері. Көрнекіліктері: зал іші мерекеге арналып безендірілген.
Билингвалдық компонент: 9 мамыр – 9 май, жеңіс күні - день победы, соғыс – война,
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе әңгіме өткізу.
Педагог Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіреді.
- Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегі - мен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні - түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.
Бір - біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Сөздік жұмысын жүргізу.
Отан қорғаушы - Отанды қауіп - қатерден сақтаушы.
Жеңіс - соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық.
Соғыс ардагері - соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам.
Майдангер - соғысқа қатысқан адам.
ә) О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.
б) Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді (2 - 3 минут) көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.
Сұрақтар:
1. Жеңіс шеруіне кімдер қатысады?
2. Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме?
3. Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады?
в) Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға толық жауап береді
Өлең жаттайды
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Жеңіс күні туралы түсінік алады.
Қандай түсініктерді игерді:Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға үйренеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытады.
№ 30 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты:
1.Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.
2.Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.
3.Білімпаз болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мектеп, сызғыш, қоңырау.
Көрнекіліктері: «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті сурет, оқу құралдары.
Билингвалдық компонент: мектеп – школа, сабақ – урок, білім – знане, кітап – книга, ұстаз - учитель
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе әңгіме.
- Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме?
- Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды?
- Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?
- Балалар қалай киінген? Қолдарында не ұстаған?
- Жылдың қай мезгілінде оқиды?
- Балаларды мектепте кім қарсы алады?
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2. Негізгі бөлім.
а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.
ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.
(Сағаттың жүрісін жасау: «тик - так, тик - так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру). Тыныс аламыз.
(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).
в) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы:
Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.
г) Жұмбақ шешу.
Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама.
(Кітап)
ғ) Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру.
д) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді (қалам) тауып айтады.
ж) Жаңылтпашты жатқа айтқызу:
Айша жазу жазды, Қайша сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма?
• Педагог дауыстап оқиды.
• Балаларға бірнеше рет хормен және жеке - жеке қайта - латтырады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға толық жауап береді
Сергіту сәтін жасайды
Сұрақтарға жауап береді
Жаңылтпаш жаттайды
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) Кітап туралы мәтінді оқу.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік алады
Қандай түсініктерді игерді:Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыланады.
№ 31 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жаз.
Мақсаты:
1.Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.
2.Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету.
3.Табиғатты сүюге баулу.
Көрнекіліктері: жаз мезгілі бейнеленген сурет, әліппе дәптер,
Билингвалдық компонент: жаз – лето, күн – сонце, гүл – цветы, су – вода,
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім.
а) Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегі ретпен жүргізіледі:
• жаз мезгілінің ерекшелігі;
• жаз айлары;
• ойналатын ойындар;
• жаздағы мереке.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2.Негізгі бөлім.
а) Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу, тапсырмаларды орындату. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді. Тәрбиеші суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып береді.
1 - тапсырма. Қазір қай мезгіл?
2 - тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.
3 - тапсырма. Арық сөзін қатыстырып, сөйлем құрау.
4 - тапсырма. Гүлдерді қалай күтеді?
Әр тапсырманы орындату арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады.
Үлгі:
Жаз. Балалар гүл алаңына келді. Гүл алаңында түймедағы, раушангүлі өсіп тұр. Арықтан сылдырлап су ағып жатыр. Құстар сайрайды. Балалар гүлдерге су сепкішпен су қояды. Арам шөптерін жұлады.
ә) Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастыру.
б) Сөздік жұмысын жүргізу. Шалғын — қалың өскен көгорай, шөп. Шалғын сөзін қатыстырып, сөйлем құрату.
в) Жаз мезгілінде пісетін жеміс - жидектер, көкөністер туралы тақпақ - өлеңдер оқыту.
г) Жаңылтпашты жатқа айтқызу.
Келді жаз,
Жазға бала мәз
. Көлде қаз,
Көл жағасы саз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолды – қолға соғайық
Қарлығаштай самғайық
Орнымызға қонайық
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға толық жауап береді
Сұрақтарға жауап береді
Жаңылтпаш жаттайды
Балалар сергіту сәтін бірігіп іс қимылмен көрсетеді.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
а) «Жаз қызықтары» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.
1 - топ жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді.
2 - топ жаз мезгілінде демалыс туралы әңгімелейді.
ә) Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорытындылап, сабақты аяқтайды.
Мадақтау.
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады
Нені біледі:Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік алады
Қандай түсініктерді игерді:Табиғатты сүю туралы мағлұмат алады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге дағдыланады.
№ 32 сабақ «____» __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Балалар күні.
Мақсаты:
1.1 Маусым - балалар күні екенін түсіндіріп, балалардың мерекелік көңілін көтеру.
2.Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: ойыншықтар, шар, жалауша, суреттер.
Алдын ала орындалатын жұмыс: «Әлем балалар көзімен» атты көрме ұйымдастырылып, оған балалардың суреттері қойылады.
Билингвалдық компонент:
Іс – әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
1. Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Балалар, бүгін 1 Маусым - балаларды қорғау күні. Мерекелерің құтты болсын! Әрқашан көңілдерің ашық аспан сияқты таза болсын! Жүздеріңнен күлкі нұры кетпесін!
Кел, балалар, Ойын ойнайық!
Бақшамызда балаларды қорғау күнін Бірге тойлайық! Кел, балалар, Ән де салайық. Балаларды қорғау күнін Қуанышпен қарсы алайық!
Балалар мұқият тыңдайды
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
2.Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
- Мерекені өн шашудан бастаймыз.
1 - бала:
- Балалардың бақшасында бүгін той - Балаларды қорғау күні біліп қой! Тақпақ айтып, кезектесіп, бір - бірлеп, Кел, қосылып өн шырқайық, би билеп.
2 - бала:
- Алақай - ау, алақай! Ән шырқайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық, балақан!