kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы:?атынас Б?лімі:К?ркем ?дебиет Та?ырыбы: То?тар батыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:?атынас Б?лімі:К?ркем ?дебиет Та?ырыбы: То?тар батыр»

Б.Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №14 15.04.2016

Тобы: Мектепалды

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі :Көркем әдебиет

Тақырыбы:Тоқтар батыр

Мақсаты: Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға түсіндіру. Бала­ларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.

Сөздік жұмыс: ғарышкер,зымыран,Байқоңыр

Билингвалды компонент:зымыран-ракета,ғарыш-космос


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-  Көктем айларын білеміз ба?

- Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

.Ал көктемнің осы айы нешінші айы?

-Осы ай қалай деп аталады?

-Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар.Ол-ғарышкерлер мерекесі.

Жұмбақ шешу:    Ұшады қанатсыз

                             Зырлайды аяқсыз.    /Зымыран/

                             Ұшқыш емес,бірақ ол

                             Аспанда қалықтап ұшады

                   Оны кім деп ойлайсындар?                                /Ғарышкер

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне  ұшатын   адамдар.Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер   еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.

- Аспанда тағы нелер болады,балалар?

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген.Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады?

                    Бүгін Юрий ағаның

                    Ұшқан күні ғарышқа

                    Мен аспанға қараймын

                    Мен ғарышкер боламын..

 

Сергіту сәті:   Бойымызды,денемізді оятайық.

                         Сәлем көздер, оянайық

                         Сәлем құлақтар,  оянайық

                         Сәлем қолдар, оянайық

                         Сәлем аяқтар, оянайық.

Балалар,кәне 3топқа бөлініп отырайық.

 Шығармашылық топ

Геометриялық пішіннен зымыран құру

2 топ Зымыран суретін бояу,тақтаға ілу.

Ойын: «Көліктер»

ОЙЫН ШАРТЫ: аспанға ұшатын көлікті айтқанда қолдарын көтереді. Жолмен жүретін көліктерді айтқанда аяқтарын тарсылдатады.

Дәптермен жұмыс: өлең шумағын оқу.



-Балалар сұраққа жауап береді.



Балалар жұмбақ шешеді


































Дәптермен жұмыс:























Қимылмен көрсетеді.













Рефлексивті-түзетушілік

- Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?

- Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?

- Өскенде ғарышкер болғың келе ме?



Балалар мадақтау сабақты аяқтау

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:Ғарыш ,Байқоңыр туралы түсінеді туралы

Түсінеді:Ғарышкерлер туралы түсінеді

Қолдана алады:Ғарышкерлердің қандай болу керек екені туралы ойларын жеткізе алады










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім беру саласы:?атынас Б?лімі:К?ркем ?дебиет Та?ырыбы: То?тар батыр

Автор: Маманова Раушан Ныгметолловна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 330019


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства