Шаттық шеңберге тұрып, бір – біріне күлімсіреп қарайды.
Құстардың сайраған, сылдырап аққан судың, жаңбырдың даусын тыңдайды.
Ұйымдастырушы - ізденуші
Балалар,қарандаршы ,мен
орманда қандай фотосурет жасап келдім.
Неге орман өзгеріп кеткен?
Қалың қар қайда кеткен?
-Шыныменде қар еріп кеткен.
Қазір қай жыл мезгілі?
Мына суреттердің ішінен көктем
мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алындар.
Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?
Дұрыс айтасыңдар. Қар
еріп,жылғалардансу ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылыжел соғады.
Бәйшешек - қар астынан қылтып шығатын көктемнің алғашқы гүлі.
Сергіту сәті:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Балалар, бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі – қарлығаш. ( Суретін көрсетеді ).
Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суретін жинап қоржынына салып берейік.
Көктем
Қар ериді, жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады.
Сергіту сәтін орындайды.
Суреттердің ішінен көктем бейнеленгендерін таңдап, қоржынға салады.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Сұрақ – жауап әдісі арқылы қортындылау, балаларды мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек : көктем ерекшеліктерін анықтауды, ондағы табиғат құбылыстарын айыруды;
Нені білді : сұрақтарға толық жауап береді, көктем мезгіліндегі өзгерістерді атайды;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«14 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Әжем үшін дәмді сый».
Мақсаты: Туыстық қарым – қатынас туралы түсінік беру, алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру, мүсіндеуде саусақ қимыл – қозғалыстарының ептілігін қалпытастыру, үлкенге деген сый, құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:ермексаз жиынтығы, мата сулық, пластик тақтайша, пластмасса тәрелке, күкірті алынған сіріңке талдары, тәрбиеші дайындаған үлгі, дөңгелекше пішінді, түрлі өрнегі бар нағыз печенье.
Қостілділік: сый-подарок.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балаларға Қызыл телпектің қонаққа келетіні туралы айтады. Балаларға қызыл телпек қонаққа келеді. Олармен амандасады.
Балалар Қызыл Телпекпен амандасады
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
. Тәрбиеші:
- Қош келдің, Қызыл телпек.
Қызыл телпек:
- Мен ормандағы әжеме бара жатырмын, сендердің көмектерің керек еді.Менің әжеме арнап дәмді сый әзірлеп бересіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Кәне балалар Қызыл Телпекке көмектесеміз бе?
Балалар:
- Иә.
Тәрбиеші:
- Дәмді сыйды әзірлемес бұрын мына суреттерге қарап, оларды атап өтейікші:
- Кәне мынау не?Ал мынау ше?
Тәрбиеші тәттілер салынған тәрелкені көрсетеді:
- Қараңдар, мынау сары түсті печенье.Ол шеңбер пішіндес. Әр печеньенің өз суреті бар. Мына печеньеде жолақшалар ,ал мынада – тесіктер т.б. бар.
- Ал мынау ойық тоқаштар. Олар дөңгелек пішіндес. Ойық тоқаштық ішінде тесік бар, оны саусаққа кигізуге болады. Ал бүгін біздер әжеге тәтті печенье әзірлеп береміз. Тәрбиеші балаларға жұмысты орындау тәсілін көрсетеді.
1. Ермексазды жұмсартамыз («қамыр илейміз»)
2.Жұмыр пішін – шар жасаймыз (алақандарды айналдыра қимылдату арқылы)
3.Шарды алақандарымыздың арасына салып жаныштаймыз, сөйтіп печенье шығарамыз.
4.Енді сіріңкенің көмегімен тесіктер жасаймыз .Әдемі печенье шығады. Тесіктерді кішкентай етіп, ұқыптылықпен мұқият жасаймыз.
Тәрбиеші:- Печенье жасап шығу үшін ермексаздың қандай түсі керек?
Печенье, тоқаштар, кекс, тәтті нан т.б.
Балалар тәрбиешінің артынан қимылдарды қайталайды.
-Сары түсін алдық.
Рефлексиялық-түзетушілік
Тәрбиеші барлық жұмыстарға оң баға беріп,қарап көріп,балалардың печеньені қалай әдемі безендіргеніне назар аударады. Печенье пластмасса тәрелкелерге салынады.Балалардың жұмыстарынан көрме жасалады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Суреттердегі дәмділерді атай біледі;
Игереді: Жұмысты орындау тәсілін игереді;
Меңгереді: Ермексазбен жұмыс жасауды меңгереді;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Тақырыбы: «Жақсы деген немене,жаман деген немене».
Мақсаты:қоршаған ортада жақсы деген не екенін түсіндіру.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер.
Қостілділік: Жақсы-хорошо,жаман-плохо.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
Жамандық көрсен біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла.
- Балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.
Тәрбиешімен бірге орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгімі.
- Балалар, бүгін біз Владимир Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене» өлеңімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру.
Мұқият тыңдайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
«Мен қандаймын» ойыны.
Мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.
Ойын барысы:Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.
Мысалы:
- Іңкәр, сен әдемісің, мейірімдісің, жақсы қызсың, т.б.
Қорытындылау.
- Бүгін біз оқу іс – әрекетімізде ненің жақсы, ненің жаман екенін білдік. «Жақсы бала» деген атқа лайық болу үшін әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі болу керек.
.
Ойынға белсене қатысады.
Балалар бір – біріне пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: жақсы қасиет пен жаман қаситетті ажыратуды.
Игереді: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.
Меңгереді: әдептілік нормаларын.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК « Айналайын » ясли бақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 05 » сәуір 2016 жыл
Тобы: «Құлыншақ »
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Бұлақ».
Мақсаты: Көрнекіліктер арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және есте сақтауға, барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер.
Қостілділік: бұлақ, балбұлақ;
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Бүгінгі оқу іс – әрекетінде
ақын.Н. Жаневтың « Балбұлақ» өлеңімен танысамыз.
Алдымен өлеңді мұқият тыңдаду:
Балбұлақ ағады,
Таңдайын қағады.
Сөйлейді сылдырлап,
Бөпемдей былдырлап.
Балалар, ата – бабамыз тыйым сөздерге ерекше көңіл бөлген.
Мысалы: суға түкірме, бұлақ көрсең – көзін аш, суды ысырап қылма, судың да сұрауы бар, т.б.
Тәрбиеші осы сөздердің мағынасын толық түсіндіріп береді.
« Қолшатыр ойыны »
Мақсаты:балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызуғушылықтарын артыру.
Ойын шарты: тәрбиеші қолына қолшатырды ұстап, ортада тұрады. « Күн шықты! » - дегенде, балалар бойларын сергітіп, күнге қыздырынып, еркін ойнайды, ал « Жаңбыр жауды! » - дегенде, бәрі қолшатырдың астына жиналады.
Мұқият тыңдайды.
Ойына белсене қатысып, дұрыс ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Үнтаспадан сарқыраған судың дыбысын естірту арқылы су туралы әңгімелеу, қортындылау.
Судың дыбысын естіп, әңгімелейді.
Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек:өлеңнің мағынасын түсініп, жатқа айтуды;
Нені білді: сөздік қорын молайту арқылы жаңа сөздерді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 05 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Қоршаған орта.
Тақырыбы: «Айгүлге сыртқа шығуға көмектесейік».
Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың қасиетімен сапасы туралы түсінігін кеңейту. Заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атайбілуін жетілдіру, заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (киімдер, аяқ киімдер). Заттарға деген қамқорлық дағдыларын, киім және аяқ киімді сақтау ережелерін қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар:демонстрациялық материалдар, суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Ойын: « Тақия тастамақ »
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.
Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады.
-Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі әдемі.
-Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала.
Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады.
Қимыл-қозғалыстармен орындайды.
Суреттегі киімнің атын атайды. Мысалы: көйлек, жейде т.б.
Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды.
Балаларсөйлепүйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек :киімдерді сипаттай алуды
Нені білді : жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды; 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 04 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: Қос аяқпен заттардың үстінен секіру (биіктігі 5см) Аяқтың ұшымен жүгіруді өкшемен жүрумен кезектестіру. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеу.(3көлденең салма бойынша)
Мақсаты:5см биіктіктегі 2заттың үстінен біртіндеп секіруге үйрету. Аяқтың ұшына тұра білу және аяқты түзеу ұстап өкшемен жүруді орындау. Табан сіңірлерін нығайта (майтабанды алдын ала емдеу) білуін бекіту.
Қолданылатын құрал саймандар:гимнастикалық қабырға, қ/ойынға бетперделер.
Қимыл әрекет кезеңдері
Жаттықтырушының іс - әрекеті
Балалардың қимыл әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Бір – бірден жүру, жүгіру. о/ж «Сиқырлы сықырық». Саптізбекте бір-бірден қолға арналған жаттығулар жасау – алдыға, жан-жаққа, белге, иыққа; аяқтың ұшымен – «күнге жеткіз», өкшемен – «балапандар», табанның сырт қырымен жүру – «солтүстік аюлары».
Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.
Ұйымдастырушы-ізденуші
1. «Күш сынасайық». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол алдыға созулы, алақанды түйістіру. 1-2- кезекпен оң (сол) қолды бүгеді, қарсыластың алақанына күш салады. 8 рет.
2. «Кім ұзын?». Б.қ.: т.т., қол ұстасып бір-біріне қарап тұрады. 1- қол жан-жақта. 2- жоғарыда, аяқтың ұшына көтерілу және жоғары қарау. 3- қол жан-жақта. 4- б.қ. 6 рет.
3. «Иілу». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол жан-жақта. 1- оң (сол) жаққа иілу. 2- б.қ. Әр жаққа 4 рет.
4. «Аяқтың ұшын көрсет». Б.қ.: қол ұстасып тізерлеп тұру. 1- оң (сол) аяқты жан-жаққа. 2- б.қ. Әр аяқпен 4- рет
5. «Отырып тұру» Б.қ.: арқа түйістіріп, қол ұстасып тұру. 1- отыру, қол жан-жақта. 2- б.қ. 6-7 рет.
6. «Тербелейік». Б.қ.: бас түйістіріп, қол ұстасып, шалқадан жату. 1-2- қолды жібермей,серпінмен етпетінен жату . 3-4 б.қ. 5-6 рет.
7. «Секірулер». Б.қ.: бір-біріне қарап тұрады,қол ұстасып, қол жан-жақта. Секіру: бір аяқ алдыда, бірі артта. Аяқты ауыстырып отыру, 10-дегенде орында жүру, қайтадан жалғастыру. 2 рет
Негізгі қимылдар:
1.«Жіпше» - заттар арасымен бір - бірінің қолын ұстай жүгіру.
2. «Таразы» - еңкейтілген тақтайшаға жүгіріп шығу және жүгіріп түсу.
Қимылды ойын: «Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.
Қолдарын , тік, әдемі көтереді.
Әдемі, белсенді жасайды.
Барлығыда бірге отырып – тұрады.
Тік, түзу тұрып,
әдемі жасайды.
Әдемі иіледі.
Аяқты алма-кезек ауыстырады.
Біркелкі, әдемі секіреді.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.
Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Қос аяқпен заттардың үстінен секіруді; Аяқтың ұшымен жүгіруді өкшемен жүрумен кезектестіруді;
Машықтандыру: Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеуді;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 08 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: Допты қос қолмен еденге қайтара ұру. Заттардың үстінен қос аяқпен секіру. (биіктігі-10см)
Мақсаты:Доптың үстінен жеңіл басып қос қолмен еденге қайта соғу. Допты алақанын жайып қағып алуды үйрету. Үш заттың үстінен біртіндеп секіру, екпінді итеріліп және бүгілген аяқпен жеңіл жерге түсе білуін бекіту.
Қолданылатын құрал саймандар:доптар, қ/ойынға бетперделер.
Қимыл әрекет кезеңдері
Жаттықтырушының іс - әрекеті
Балалардың қимыл әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Екі – екіден жүру, жүгіру. о/ж «Сиқырлы сықырық». Саптізбекте бір-бірден қолға арналған
жаттығулар жасап – алдыға, жан-жаққа, белге, иыққа; шынтақты айналдыру, 5 рет оң (сол) жаққа. о/ж «Дәулер мен ергежейлілер» - адымдап және шағын адыммен жүру. Орташа екпінмен, шашыраңқы жүгіру.
Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.
Ұйымдастырушы-ізденуші
1. «Күш сынасайық». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол алдыға созулы, алақанды түйістіру. 1-2- кезекпен оң (сол) қолды бүгеді, қарсыластың алақанына күш салады. 8 рет.
2. «Кім ұзын?». Б.қ.: т.т., қол ұстасып бір-біріне қарап тұрады. 1- қол жан-жақта. 2- жоғарыда, аяқтың ұшына көтерілу және жоғары қарау. 3- қол жан-жақта. 4- б.қ. 6 рет.
3. «Иілу». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол жан-жақта. 1- оң (сол) жаққа иілу. 2- б.қ. Әр жаққа 4 рет.
4. «Аяқтың ұшын көрсет». Б.қ.: қол ұстасып тізерлеп тұру. 1- оң (сол) аяқты жан-жаққа. 2- б.қ. Әр аяқпен 4- рет
5. «Отырып тұру» Б.қ.: арқа түйістіріп, қол ұстасып тұру. 1- отыру, қол жан-жақта. 2- б.қ. 6-7 рет.
6. «Тербелейік». Б.қ.: бас түйістіріп, қол ұстасып, шалқадан жату. 1-2- қолды жібермей,серпінмен етпетінен жату . 3-4 б.қ. 5-6 рет.
7. «Секірулер». Б.қ.: бір-біріне қарап тұрады,қол ұстасып, қол жан-жақта. Секіру: бір аяқ алдыда, бірі артта. Аяқты ауыстырып отыру, 10-дегенде орында жүру, қайтадан жалғастыру. 2 рет
Негізгі қимылдар:
1.«Толқындар» - бір аяқпен тербелген секіргіштен аттай секіру.
2. «Тарсылдақ» - қолды алға қарай созып шапалақтап, аяқтан аяққа секіру.
Қимылды ойын: «Айқасу».
Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.
Қолдарын , тік, әдемі көтереді.
Әдемі, белсенді жасайды.
Барлығыда бірге отырып – тұрады.
Тік, түзу тұрып,
әдемі жасайды.
Әдемі иіледі.
Аяқты алма-кезек ауыстырады.
Біркелкі, әдемі секіреді.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.
Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Допты қос қолмен еденге қайтара ұруды;Машықтандыру: Заттардың үстінен қос аяқпен секіруді;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«04 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Торсық».
Мақсаты: Ыдыстар туралы ұғымдыарды бекіту, торсықпен таныстыру, қатты қағаздын қиылған торсықты төртбөліктен құрастырып жасауға, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету, ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру, ыдысты ұқыпты қстай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:дидактикалық ойынға арналған ыдыстардың суреттері, үлгі көрнекіліктер, әр балаға арналған торсық суреттері.
Тәрбиеші балалармен сурет бойынша бірнеше ыдыстарды тақтаға қойып, "Орнында не жоқ?" дидактикалық ойынын ойнайды. Олардың ішінде балаларға таныс емес торсық бар. Тәрбиеші торсықтың суретін көрсетіп, оның не екенін балалардан сұрайды, оның қымыз құятын ыдыс екенін түсіндіреді
Балалар сурет бойынша ыдыстардың атауларын атайды
Торсықты айта алмайды
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
Торсықтың суретін көрсетіп, өзін көрсетіп әңгімелейді, пішініне назар аударады . Торсықтың ұзынша мойны, үлкен бөлігі-"бүйірі","түбі" және қақпағы болады."Енді осы торсықты қағаздан өзіміз құрастырып көрейік"-деп балаларға қиылған торсықтардың суретін таратып береді. Тәрбиеші балаларға торсықтың пішінін дұрыс құрастыруына басшылық жасайды, бөліктері ауысып кетпеуі керек, егер дұрыс құрамаса , бағыт беріп, түзетіп, көмектеседі. Қағазбен құрастыруға балалардың қол қимыл қозғалысы және ойлау,кеңістікті бағдарлай білуіне баса назар аударылады.
Әр бала өзінің алдарындағы қиылған торсық суреттерін төрт бөліктен құрастырады. Балалар өздері торсық құрастырған соң торсықпен қуыршақтарға қымыз құйып беріп , ойын ойнайды
Рефлексиялық-түзетушілік
Тәрбиеші барлық балалардың құрастырған торсықтарын қарап шығады,қалай орналастырғанына мән береді. Ол не үшін қажет екенін сұрайды. Балалардың жұмыстарын бағалайды.
Өздері жасаған торсықтарын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: торсықпен танысады, қағаздан қиылған пішіндерді құрастыруды біледі.
Игереді: Жұмысты орындау тәсілін игереді;
Меңгереді: қағаздан жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«11 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар».
Мақсаты: Ққрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруға және оның көлеміне, пішініне, түсіне қарай қоршаулар жасай алуға дағдыландыру, үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер, үй жануарларының ұсақ ойыншықтары.
Тәрбиеші үй жануарларының ұсақ ойыншықтарымен "Төлін тап" дидактикалық ойынын ойнайды. Олардың ішінде балалардан қозы, лақ, ботақан, бұзау туралы білетіндерін сұрайды. Үнтаспадан тқлдердің дауысын тыңдайды. Осылайша ойын жалғасып, ойын соңында бота мен лақты екі шетіне шығарып қояды. Енді біздер лаққа бөлек , ботаға бөлек қоршау жасап берейік деп өтініш береді.
Балалар үй жануарларының төлдерін атап айтады.
Тәрбиешінің өтінішін қабыл алады
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
Тәрбиеші үлгідегі суретті көрсетіп, қоршаудың ерекшелігіне назар аударады. Қайсысы үлкен,қайсысы биік болатыны алдын ала ойланып алынады. Әр баланың алдына ұсақ ойыншықтар таратылады.Лақ алған бала лаққа,бота алған бала ботаға арнап қоршау жасайды.Лақтың қоршауын жасау үшін кірпіштер көлденеңінен пайдаланылады, ал ботаға кірпіш тігінен пайдаланылады. Не себептен? Балаларға ойлануға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға көмек береді. Балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырып ойын ойнауға бағыттайды
Балалр өздері таңдап алған төлдеріне қоршау жасайды,үлгіге өарай отырып кірпіштерді дұрыс орналастыруға әрекет етеді. лақтың өоршауы аласа, ботаның қоршауы биік екеніне көңіл бөледі. Қоршаудың есігін ашып жабатын етіп жасап көреді.Төлдер қалай дыбыстайтынын айтады
Рефлексиялық-түзетушілік
балалардың құрастырған қоршауларын тәрбиеші қарай отырып,олардың құрылыс материалдарын қалай пайдаланғанына мін береді. Балалардың жұмыстарын бағалайды.
Өздері жасаған қоршауларын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: құрылыс материалдарының түсін , көлемін, пішінін ажырата алуды, үй жануарларының т өлдері жайлы біледі .
Игереді: "биік", "аласа" ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды.
Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«11 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: 1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу. Допты қос қолымен еденге қайта ұру.
Мақсаты:Гимнастикалық қабырға бойынша адымдарын кезектестіріп түсіп келе жатқанда көлбеу тақтайдың біреуін жіберіп алмай, аяғына дейін жетіп және еденге ақырын түсуді үйретуді жалғастыру.
Қолданылатын құрал саймандар: Доптар, қ/ойынға бетперделер.
Қимыл әрекет кезеңдері
Жаттықтырушының іс - әрекеті
Балалардың қимыл әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Тік тұру, түзелу, амандасу. Саптізбекте жұптасып қолға арналған жаттығу жасап жүру; алдыға, жоғары аяқ ұшына көтеріліп тартыламыз; өкшемен- «балапандар»; тізені жоғары көтеріп жүреміз – «тырналар»; табанның сырт қырымен жүреміз – «тышқандар»; Орташа екпінмен жүгіру, белгі бойынша тоқтау 2-3 рет. Шашыраңқы жүру, «Бейне жаса».
Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.
Ұйымдастырушы-ізденуші
Жалпы дамыту жаттығулары:
1. «Таяқшаны бұр» Б.қ.: өкше бірге, аяқтың ұшы жан-жақта, таяқшаны екі қолмен ұстап, алдыға көтереміз. 1- таяқшаны оңға (солға) бұрамыз. 2- б.қ. Әр жаққа 3- рет.
2. «Жоғары көтер» Б.қ.: аяқ солай, қол таяқшамен төменде. 1- қол таяқшамен алдыда. 2- жоғары, оған қараймыз. 3- алдыда. 4- б.қ. 6-7 рет
4. «Таяқшаны ауыстыр» Б.қ.: аяқ солай, қол жан-жақта, таяқша бір қолда. 1-қолды жанмен жоғары көтеріп, таяқшаны екінші қолға ауыстыру. 2- б.қ. 7р.
5. «Алдыға еңкею» Б.қ.: жерде отыру, аяқ иық бойымен, қол тізеде жатады. 1- алдыға еңкею, қолды таяқшамен созып, аяқтың ұшына жеткізу. 2- б.қ. 8-рет.
6. «Жүреміз» Б.қ.:жерде отыру, аяқ бірге, таяқша алдыда, руль ретінде. Көліктерде отырып, аяқты алма-кезек алдыға-артқа жылжыту. 5-6 рет
7. «Секірулер» Б.қ.: т.т., таяқша жерде тұрады, бір аяқпен оны айналып секіру, екі аяқты алмастырып отыру. Әр жаққа 3- рет
Негізгі қимылдар:
1. «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
2. «Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
Қимылды ойын: «Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.
Балалар жаттығуларды қайталайды, әдемі, толық жасауға тырысады.
Балалар ойынға белсенді қатысады.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.
Дем алу жаттығулары
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеуді;
Машықтандыру: Допты қос қолымен еденге қайта ұруды;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«15 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде бір жағымен қырындап жүру 1,5 метр биіктікте гим\лық қабырға бойымен өрмелеу. Қос аяғымен заттардың үстінен секіру. Биіктігі 10см.
Мақсаты:Жоғары тіреуіште денесін тік ұсап басын төмен түсірмей, нық тепе-теңдікті сақтап қырындап жүруді орындауға үйрету. Көлденең бағытта бір көлденең салмадан кейін екінші көлденең салманы ұстап солға қырындап жүруді көлбеу тақтайдан гимнастилық қабырғаға өте білуді бекіту. Биіктігі 10см 3заттың үстінен бірізділікте секіріп жаттықтыру.
Қолданылатын құрал саймандар:доптар, қ/ойынға бетперделер.
Қимыл әрекет кезеңдері
Жаттықтырушының іс - әрекеті
Балалардың қимыл әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Саптізбекте бір-бірден залдың бұрыш-бұрышына қойылған конустарды айналып, сарбаздар тәрізді жүреміз, қолға арналған жаттығуларды- жанымызға, алдыға, иыққа жасап жүреміз; иықты 5 рет алдыға, 5 рет артқа айналдырамыз. Жүру, дем алу жаттығулары.
Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.
Ұйымдастырушы-ізденуші
1. «Таяқшаны бұр» Б.қ.: өкше бірге, аяқтың ұшы жан-жақта, таяқшаны екі қолмен ұстап, алдыға көтереміз. 1- таяқшаны оңға (солға) бұрамыз. 2- б.қ. Әр жаққа 3- рет.
2. «Жоғары көтер» Б.қ.: аяқ солай, қол таяқшамен төменде. 1- қол таяқшамен алдыда. 2- жоғары, оған қараймыз. 3- алдыда. 4- б.қ. 6-7 рет
4. «Таяқшаны ауыстыр» Б.қ.: аяқ солай, қол жан-жақта, таяқша бір қолда. 1-қолды жанмен жоғары көтеріп, таяқшаны екінші қолға ауыстыру. 2- б.қ. 7р.
5. «Алдыға еңкею» Б.қ.: жерде отыру, аяқ иық бойымен, қол тізеде жатады. 1- алдыға еңкею, қолды таяқшамен созып, аяқтың ұшына жеткізу. 2- б.қ. 8-рет.
6. «Жүреміз» Б.қ.:жерде отыру, аяқ бірге, таяқша алдыда, руль ретінде. Көліктерде отырып, аяқты алма-кезек алдыға-артқа жылжыту. 5-6 рет
7. «Секірулер» Б.қ.: т.т., таяқша жерде тұрады, бір аяқпен оны айналып секіру, екі аяқты алмастырып отыру. Әр жаққа 3- рет
Негізгі қимылдар:
1.«Арыстан» - орнынан тұрып ұзындыққа секіру.
2. «Доптар» - алға қарай жылжып алмастырып секіру
Қимылды ойын: «Арқан тарту». Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.
Қолдарын , тік, әдемі көтереді.
Әдемі, белсенді жасайды.
Барлығыда бірге отырып – тұрады.
Тік, түзу тұрып,
әдемі жасайды.
Әдемі иіледі.
Аяқты алма-кезек ауыстырады.
Біркелкі, әдемі секіреді.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.
Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде бір жағымен қырындап жүруді;
Машықтандыру: 1,5 метр биіктікте гим\лық қабырға бойымен өрмелеуді; Қос аяғымен заттардың үстінен секіруді;
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін_______________
КМҚК « Айналайын » ясли бақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 06 » сәуір 2016 жыл
Тобы: «Құлыншақ »
Білім беру саласы : « Қатынас »
Бөлімі : Тіл дамыту
Тақырыбы :«Әйгеріммен ойнаймыз»
Мақсаты : балалардың сөздік қорын сын есімдермен толықтыру. Заттың түсін, үлгі бойынша көлемін ажыратуға үйрету. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды.
Шаттық шеңберге тұрып, бір – біріне күлімсіреп қарайды.
Құстардың сайраған, сылдырап аққан судың, жаңбырдың даусын тыңдайды.
Ұйымдастырушы - ізденуші
Балалар Айгерімге қонаққа барайық.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындарын айтып, балалардан топқа, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды.
-Сенің қандай ойыншығың бар? -Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? -Қандай? (үлкен, кішкентай). -Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? -Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық». -Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады. -Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. -Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі. Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.
Сергіту сәті Ақ қоян-ау, ақ қоян Ұйқыңнан тұрсаңшы, Бетіңді жусаңшы, Әй-әй көйлек кисеңші!
. Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. Менде құлыншақ бар. -Құлыншақ кішкентай, әдемі. Мен құлыншақты жақсы көремін. -Менде ойыншық ботақан бар. Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар. Балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ойынды түсініп ойнауға талпынады. Тез көрсетуге тырысады. Балалар жылқыны көрсетеді. Балалар мысықты көрсетеді. Ботақанды көрсетеді.
сәйкес қимыл-қозғалыстар жасатылады.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Сұрақ – жауап әдісі арқылы қортындылау, балаларды мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықты сипаттауды, ойыншықтарды таза ұқыпты ұстауды. Игереді: ойыншық туралы түсінікті игеру. Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«06 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: сурет салу.
Тақырыбы: «Үйректің балапаны».
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Сары түсті қарындашпен үйректің суретін тегіс, біркелкі етіп бояуға үйрету. Дамытушылық: Пішінін, түсі мен бөліктердің, орналасуын жеткізе отырып қарапайым заттарды, қоршаған ортадағы құбылыстар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеудің тәсілдерін үйрету.Саусақ маторикаларын дамыту. Тәрбиелік: Үй құстарына сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Көрнекілік: Үйректің суреті. Қажетті құралдар:Түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, магнитті тақта. Сөздік жұмыс: Үйрек, қаз, күркетауық. Билингвальдік компоненті: Балапан-цыпленок, Қаз-гусь.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ғажайып сәт. Топқа торғай келеді. -Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын табыңдар: Табаны бейне алақан, Мынау қандай балапан? «Біз бақытты балдырған Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.
Балалар қуанады.
Балалар жұмбақты шешеді. (Үйрек)
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
-Балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер? -Неліктен біз оларды үй құстары деп атаймыз? -Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар? -Қалай қөректенеді? -Қандай құстар суда жүзеді? -Құстардың балапандары қандай түсті болады? -Балапандарды неден қорғау керек? Ал балалар, енді осы үй құстарының дауысын салып көрейікші: Сергіту сәті:06-04 «Ә»№40 «Сағаттың тіліндей» Балалар үстелге келіп алдымыздағы ақ бет қағазға үйректің суретін салайық. -Қарындаштарды ауызға салуға болмайды, бір-бірлеріңе сілтуге болмайды. Қарындаштарды қатты бассақ ренжіп жазбай қояды. -Қазір қызықты ойын ойнаймыз Дидактикалық ойын: «Үй құстары»: Ойын шарты: Тақтаға құстардың суреттерін іліп бір баланың көзін жұмамыз да бір суретті алып тастаймыз. Қай сурет жоқ екенін бала табуы керек. -Тауық, қаз, үйрек, әтеш -Олар үй шаруасында күтіліп өсіріледі. -Оның еті, жұмыртқасы адам ағзасына пайдалы. -Біздің ата-аналарымыз бидай, жем, су, тары береді. -Үйректер мен қаздар -Қара, сары. -Суықтан, судан, мысықтан, иттен. Қаз: Қаңқ-қаңқ. Үйрек: Быт,быт, быт Тауық: Қыт, қыт, қыт Әтеш: Ку-ка-ре-ку Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарап алып Жаттығу оңай –ақ
Балалар үйректің суретін салып бояйды.
Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды
Рефлексиялық-түзетушілік
-Бүгін бізге кім қонаққа келді? -Сендер ненің суретін салдыңдар? -Торғай сендердің салған суреттеріңе риза болды. -Торғаймен қоштасайық. Балалардың салған суреттерін мадақтау.
-Бүгін торғай қонаққа келді. -Үйректің балапанының суретін салдық.
-Торғай сау бол.
Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек: Құстардың түрімен танысады; Нені игереді: Түстарді ажырата алуды; Нені біледі: Қарындаштарды дұрыс ұстап, салынған суреттің іш
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
Бекітемін_______________
КМҚК « Айналайын » ясли бақшасы
Әдіскер : Мушакулова С
« 07 » сәуір 2016 жыл
Тобы: «Құлыншақ »
Білім беру саласы : « Шығармашылық »
Бөлімі : Жапсыру
Тақырыбы :« Арба жолмен жүріп келеді »
Мақсаты : Түрлі- түсті қағаздардан геометриялық фигураларды қиып алып, олардан арба жасауды үйрету.
Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.
Құралдар:сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім
Көрнекілігі :. арба суреттері,
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгіме, көрсету.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау
Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)
Ұйымдастырушы - ізденуші
Мұғалім балаларға арбаның суреттерін көрсетіп, талдау жасату
-Мынау не?
- Ол не үшін керек?
- Арбаны қайда көруге болады?
- Арбаның қандай бөліктері бар?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, арбаның әр түрлері болады, машинаның артына ілінетін арбалар, адам сүйрейтін арбалар т.б. Бірақ барлық арбаларға адамдар әр түрлі заттарды салып тасиды. Арбаның дөңгелектері, ұстайтын жері, зат салатын жері болады.
- Біз бүгін түрлі- түсті қағаздан осындай арбаны қиып алып жасаймыз.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы- қырлы жерлермен
Ытқып- ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Мұғалім жұмыстың жасау барысын түсіндіріп, көрсетеді.
Алдымен арбаның жүк салатын орның қағаздан қиып алады, пішіні тік төртбұрышты
Арбаның екі дөңгелегін қиып алады
Арбаның ұстайтын қолдарын ( ұзын жолақша пішінді) қиып алады.
Қағаз бетіне желіммен жапсырады.
Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелері мен тазалыққа аса мән бе
Балалар мұғалімнің көмегімен арбаны қағаздан қиып алып, жапсырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы
. Балалардың жасаған жұмыстарын қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан көрме жасау
Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек : Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Нені білді:Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын
Бекітемін _________ ______
КМҚК «Айналайын» яслибақшасы
Әдіскер : Мушакулова С.
«07 » сәуір 2016 жыл
«Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тапқыр бала».
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуге үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
Жамандық көрсен біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла.
- Балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.
Тәрбиешімен бірге орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгімі.
- Балалар, бүгін халық ертегісі "Тапқыр бала"ертегісін оқимыз.
Тәрбиеші ертегідегі баланың тапқырлығы жөнінде әңгімелеп береді.
Сергіту сәті
Жел тұрды,жаңбыр тамшылыды
Жаңбыр жауа бастады
Күн күркіреді
Жаңбыр саябырсыды,тамшылады
Жел басылды,күн ашылды
Мұқият тыңдайды.
Балалар іс-әрекет арқылы тәрбиешінің қимылын қайталайды
Рефлексиялық-түзетушілік
«Мен қандаймын» ойыны.
Мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.
Ойын барысы:Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.
Мысалы:
- Іңкәр, сен әдемісің, мейірімдісің, жақсы қызсың, т.б.
Қорытындылау.
- Бүгін біз оқу іс – әрекетімізде баланың тапқырлығына тәнті болдық
.
Ойынға белсене қатысады.
Балалар бір – біріне пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: жақсы қасиет пен жаман қаситетті ажыратуды.
Игереді: қай жерде де бала ойланып,өзінің бойындағы жақсы қасиетін бағалай білуді игереді
Меңгереді: әдептілік нормаларын.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын