Мотивациялық қозғаушылық: Ұйымдастырушылық-ізденістік: Рефлексиялық- түзетушілік | Сәлеметсіздер ме балалар. Қайырлы күн. -Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық. Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай! Қуанатын күн туды, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме қонақтар! -Өте жақсы балалар орнымызға отырайық. Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар? -Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші. Тышынтық сәті. (жәй музыка ойналады) -Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз. Айналаға қарасаңыз, ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл-сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады. -Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен. Слайдпен жұмыс. Тәрбиеші балалармен бірге слайдтан күздің суреттерін тамашалайды. Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу. -Алтын, сары, қызыл, көк. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. -Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме? Тәрбиеші балалардың тақпақтарын тыңдайды. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру (сұрақ-жауап арқылы) Ғажайып сәт: -Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі? Есікті қағып «Алтын күз» кіреді. Сәлеметсіз бе, балалар. Бізге «Алтын күз» келіп қалыпты. -«Алтын күз»:-Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарынды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар. -Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме? -Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық. (Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру) Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық! Сергіту сәті. Жылы жаққа ұшпайтың, Біздің жақта қастайтын. Құстар жүрсе жуықта, Жем шашуды ұмытпа. -Өте жақсы. Тәрбиеші: «Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға? «Алтын күз»:-Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар. Берекесін сыйлауға Өлкемізде күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина» Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау. «Алтын күз»:-Өте тамаша балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Ақылды тәртіпті балалар болыңдар. Сау болыңыздар! Жарайсыңдар балалар. Тәрбиеші: -Балалар, сендерге «Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма? -Балалар бүгін біздер немен таныстық. -Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? -Оқу іс-әрекеті аяқталды,сау болыңдар! | Сәлемдесу. Балалар шеңбер бойына тұрады. Балалар әр сөзді қайталап және қимыл-қозғалыс арқылы шаттық шеңберін жасайды. Бір-біріне жылы тілектер тілейді. Балалардың жауабы. -қазір күз мезгілі. -күзде үш ай бар. Балалардың бәрі сөздерін жұмады. Музыка тыңдап күз мезгілін көз алдарына елестетеді. Балалардың бәрі көздерін ашады. -ия, елестеді. Балалар слайдтағы суреттерге назар аударып, қызыға қарайды. Балалар тыңдайды. -ия, білеміз. Саят. Қандай өзі береген, Алмасын – ай, алмасын. Жемісі көп не деген, Жеп тауыса алмайсың. Зарина. Көк майсадан көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін. Айару. Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Балалар суреттерге назар аударып, тәрбиешімен бірге әңгіме құрастырады. Сәлеметсіз бе, «Алтын күз» Балалар тыңдайды. -жоқ кейбір құстар жылы жаққа ұшпайды. Балалар алтын күздің көмегімен құстарға геометриялық пішіндерден ұя құрастыруға кіріседі. Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар жасайды, тәрбиешімен бірге өлеңнің сөздерін қайталайды. Балалар күздің тапсырмаларын қуана орындайды. Балалар «Көкөністер мен жемістерді жина» ойынды көңілді, әрі қызықты ойнайды. Балалар алтын күзбен қоштасады. -Ия, ұнады. -ия, ұнады. -Сау болыңыз! |