Бейнелеу саба?ында пайдаланаты? дидактикалы? ойындарды? ?діс т?сілдері.
Просмотр содержимого документа
«" Бейнелеу ??ерінде пайдаланаты? дидактикалы? ойындар "»
Дидактикалық ойынның маңызы:
-дидактикалық ойын балалардың ақыл-ойына
күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды
қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді.
-дидактикалық ойын бүлдіршіндердің
танымын қалыптастырады. Өйткені олар ойынды әр түрлі ойыншықтармен,заттармен, қосарлы суреттермен,
кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде
олар түстерді ажыратуға, пішінді, көлемді,
заттардың ерекше белгісін, сипатын білуге
және құрылым жасауға дағдыланады;
-ойын балалардың зейінін тұрақтандырады,
есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіріп,
байқағыштығын арттырады;
-ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу
құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты
сергек сезініп, көркемдік талғамы артады.