kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Балалар бақшасындағы жапсырмалау  ерекшеліктері

Сабақ түрі, өткізу үлгісі (жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; сайыс-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері)

Сабақтың мақсаттары:Студенттерге балабақшадағы жапсырмалау ерекшелігі жайлы білімдерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесінен сабақ жоспары»

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Директордың инновациялық Директордың оқу-әдістемелік

технологиялық жөніндегі орынбасары ісі жөніндегі орынбасары

____________ Р.Аубакирова ___________ Н.Нургазиева





Ашық сабақ



Пәні: Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Балалар бақшасындағы жапсырмалау ерекшеліктері




Оқытушы: М. Салтыбаева 304кабинет


Мектепке дейінгі және шығармашылық

Пән бірлестігінің отырысында қаралды

Хаттама №4 «15» қараша 2017 жыл

ПБК төрайымы: __________Н.Сапарова




Астана 2017

Сабақ жоспары


Оқытушы: Салтыбаева Маржан Айткуловна

Пән:Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесі

Мамандық, топ: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 215 кж

Тақырыбы: Балалар бақшасындағы жапсырмалау ерекшеліктері

Құндылық:Тыныштық

Қасиеттері: Сабырлық, дербестік, терең ойлау

Күні:26.12.2017ж

Сабақ түрі, өткізу үлгісі (жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; сайыс-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері)


Сабақтың мақсаттары:студенттерге балабақшадағы жапсырмалау ерекшелігі жайлы білімдерін кеңейту


Білімділігі:студенттерге жапсырмалаудың технологиялық картасын құру түрлерін және жас ерекшелік топтарда қолдануын меңгерту

Дамытушылығы:балабақшада жапсырмалауды ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері жайында шеберліктерін арттырып, әртістік қабілеттерін ашу

Тәрбиелілігі:Балалар бақшасындағы жапсырмалаудың ерекшеліктері тақырыбын тыныштық құндылығын сабырлық, дербестік, терең ойлау қасиеттері арқылы ашу, студенттерді жұмыс барысында мұқият болуға ұжыммен жұмыс білуге, өз ойларын айта білуге тәрбиелеу

Әдістері: Көрнекілік, ауызша баяндау, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап т.б

Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, слайд а-4 қағаздар, қатты қағаздар, қалың бояулар

Пәнаралық байланыс: жеке әдістемелер, өзін-өзі тану, педагогика


Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Т. С. Каморова. Бейнелеу іс – әрекеті мен конструкциялауды үйрету тәсілдері,

2.Қ. Болатбаев. Бейнелеу өнері пәні бойынша өз бетімен жұмыс істеуге үйрету














Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

Жағымды жағдай туғызу

Тыныштық сәт: «Балалық шаққа оралу»

Уақыт ағымы сізді балалық шаққа алып кетті, сіз өте кішкентайсыз.Тамаша таңертеңгі тәтті ұйқыдан ояна алмай маужырап төсекте жатқан кезіңізді елестетіңіз. Жаймен есік ашылды,сіз анаңызды көрдіңіз. «Қошақаным, жүрегім, жаным ұйқыдан ояна ғой»-деп тұр. Жылы сөз. Сіз өзіңізді жеңіл және сергек сезінесіз.

Көктемнің жылы күнін елестетіңіз, сізді анаңыз «Аппағым, томпағым бүгінгі сабағыңнан 5-тік алып кел»-деп мектепке шығарып салды.

Есіңізде қалған жасыңызды еске алыңыз сіз көшеде жүріп келесізүстіңіздегі киіміңіз қандай, аяқ киіміңіз, бас киіміңіз ше? Сіз өте көңілді,қасыңызда сізге ең жақын адамның қолынан ұстап келесіз.

Сіз алға қарай жүгіріп кетесіз де жақын адамыңызды тағы да күтіп алып, қолынан ұстайсыз.

Сіз кенеттен біреудің күлкүсін естисіз, басыңызды көтеріп қарағында,мүлдем басқа адамның қолынан ұстап келе жатқаныңызды көрдіңіз. Кейін бұрылғанда сіздің жақын адамыңыз артқы жақта сізге күле қарап тұрғанын көресіз. Сіз оған қарай жүресіз де, құшақтағанда «қоңыр қозым, момақаным, кішкентай ғана қолқанатым» деген жылы лебізді сезесіз. Тағы да біргесіз. Көңілді күймен әрі қарай бірге кетіп бара жатырсыз.

Енді бөлмеге қайта оралатын уақыт болды. Ақырындап көзіңізді ашыңыз.

Рахмет.

5

мин

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)






Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.

Студенттерді топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақтарын беру.

1-тапсырма: Үй тапсырмасы

1-ші топ Қауіпсіздік ережелеріне арналған шағын көрініс

2-ші топ Жапсырмалауға көлеңке театрын ұйымдастыру

3-ші топ Бейнеролик

4-ші топ Слайд қорғау (жапсырмалау түрлері)

15

мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)



Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс,қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

Жаңа сабақ: топқа бөлу (суреттерді біріктіру)

1-ші топ: Кіші топ

2-ші топ: Ортаңғы топ

3-ші топ: Ересек топ

4-ші топ: Мектеп алды даярлық топ

Тақырыбы: Балалар бақшасындағы жапсырмалау ерекшеліктері

-жапсыру іс-әрекетінің маңызы?

-жапсырудың жас ерекшелік топтарындағы айырмашылығы?

-жапсыру қай бөлімге жатады және шығармашылық бағытта балаларға қандай тәрбиелік мән береді?

Шағын дәріс:

Жапсырмалаудың ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрлысы, көлемі, жазықтық пішіні мен жиынтығы туралы білімді меңгертуге мүмкіндік береді. Пішіндерді қиып ары-бері жылжытуға, бір пішінді екіншісінің үстіне салып, салыстыруға мүмкіндік береді.

Екінші сәбилер тобындағы жапсыру.Екінші сәбилер тобында жапсыру сабағы басталады. Қолдарының майда бұлшық еттері жеткілікті дамымағандықтан, қозғалыс үйлесімділігінің нашарлығынан, өз әрекеттерін бақылауы әлсіз болғандықтан екінші сәбилер тобындағы балалардың жас ерекшелігі мен жапсыру жұмыстарының өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып, оларға қайшы берілмейді: олар барлық пішіндер мен сұлбаларды дайын күйінде алады.

Естиярлар тобындағы жапсыру. Мектеп жасына дейінгі естиярлар тобындағы балалардың білімі, іскерлігі екінші сәбилер тобындағыға қарағанда арта түседі. Балалардың қолының еттері қатайып, дами түседі және іс – әрекетті мақсатты түрде бақылау пайда бола бастайды. Бұлардың барлығы жапсыру бойынша сабақты сапалы өткізуге бағытталады.

Ересектер тобындағы жапсыру. Мектеп жасына дейінгі ересектер тобының балаларында бақылау , ойындар мен сенсорлық тәрбиенің әсерінен пішін, түс, көлем және заттардың басқа да сапасы жайлы білім қалыптасады. Бұл жастағы балаларда қоршаған орта жайлы айтарлықтай білімі болады, олар көптеген түрлі іскерлік пен қию тәсілдерінің техникасын меңгерген. Ересектер тобының балаларының буыны қатайып, шымырланады, оның қозғалысы да епті және нақты бола түседі. Бұл балаларға үйренудегі аса күрделі міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Мектепке даярлық тобындағы жапсыру. Мектепке даярлық тобындағы балалар заттардың сипатты белгілерін және айналадағы құбылыстарды байқауға қабілетті келеді. Бұл жаста балалар байқағыш, басты нәрселерді саналы түрде есте сақтайды, заттарды немесе құбылыстарды салыстыра біледі. Әр түрлі әрекет барысында саусақтың, қолдағы буындардың нәзік қозғалыстары дамиды. Бұл өте ұсақ бөлшектерді қиюға және жапсыруға, жапсыру әрекеті техникасын жетілдіруіне мүмкіндік береді.

20

мин

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау

Топтық жұмыс

1. Кластер (берілген плакаттарға әр топ жас ерекшеліктеріне қарай жапсырмалау жұмыс ретін түсіндіру)

2.Шығармашылық жұмыс

Жапсырмалауға байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын ұйымдастыру.

Кіші тобы:

Естияр тобы:

Ересек тобы:

Мектепалды даярлық тобы:

30

мин

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант, дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету

«Велосипед» (студенттер тізбек арқылы бірі–біріне тақырыпты түсіндіріп, бағалайды)

15

мин

6

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, қорытындылау барысында студенттерді бағалау

-Қима-қағаздармен жұмыс

-Сұрақ-жауап

-мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда жапсыру іс-әрекетінің маңызы қандай?

-жапсыруды қолдануда қандай талаптар қойылады?

-балаларды жапсыруға үйретудің міндеттері?

5

мин

7

Үй тапсырмасы






Қолданылатын әдебиетті, беттерін көрсету.

Үйге тапсырма: декаративті және заттық бейнелеуге арналған шағын суретті кітапша ұйымдастыру

Негізгі әдебиеттер:

1.Т. С. Каморова. Бейнелеу іс – әрекеті мен конструкциялауды үйрету тәсілдері 34-37б

2.Қ. Болатбаев. Бейнелеу өнері пәні бойынша өз бетімен жұмыс істеуге үйрету




Оқытушының қолы ___________________________________




























Сабақ жоспары


Оқытушы: Құрманбек М.Е.

Пән: Психология

Мамандық,топ: «0101000- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру», 214кб

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі шақта қиялдың дамуына арналған ойындар мен жаттығулар»

Күні: 22.12. 2017 ж

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттері: Үйлесімді қарым-қатынас,и жауапкершілік, өз-өзіне толыққанды сенушілік.

Сабақ түрі, өткізу үлгісі (жаңа білім,дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; сайыс-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері)


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қиял ұғымын түсініп, түрлерін анықтау және қиялдың қандай жағдайда екенін С.Немовтың әдістемелерін қолданылуын меңгере отырып, оларды жинақтау.

Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, студенттердің педагогикалық зерттеулерді дұрыс жүргізуге, оларды мұқият және ұқыпты зерттеуге, зерттеу әдістерін тиімді қолдуын дамыту.

Тәрбиелілігі: Топпен жұмыс жасауға, достарын сыйлауға,бір-бірінің пікірін дқрыс қабылдауға, білгенін өзгеге үйретуге, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс


Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, слайд.


Пәнаралық байланыс: Педагогика

Әдебиет: С.В.Мухина. «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» 45-50 беттер.






Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары,

Тыныштық сәті: «Теңізге саяхат»

3 минут

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)











Білім бағалау өлшемі

Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.

«Мектепке дейінгі шақта қиялдың дамуы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Топ студенттері 4 топқа бөлінеді:

1-топ. Ертегілер арқылы қиялдың дамуы;

2-топ. Сурет салу арқылы қиялдың дамуы;

3-топ. Тақпақ, өлең шығаруда, жаттауда қиялдың дамуы;

4-топ. Қиял өлеңдер арқылы қиялды дамыту.

Топ модераторларын сайлап алу. Бір-бірін критералды бағалау.

15 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)





Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі шақта қиялдың дамуына арналған ойындар мен жаттығулар»

С.Немов:

«Мектепке дейінгі шақтағы қиялдың ойынсыз дамуы, іс-әрекеттің жеміссіз қалғанымен бірдей,- дейді».

С.Немовтың нақыл сөзі бойынша сұрақтар:

1) Автордың нақыл сөзін қалай түсінесіздер?

2) Бала қиялының дамуында ойындар мен жаттығулардың маңызы қандай?

Шағын дәріс слайдпен ұштастырылады.

Шағын дәріс. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол – сал атты, ал астындағы таяқ – аты. Бірақ ол шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ кезінде, таяқпен қимыл жасамағанда өзі ойша таяқты шын ат дей алмайды.

Үш-төрт жастағы балалардың ойынында баламалардың заттың орнына тұруға тиісті заттың ұқсастығы басты орын алады. Ересек балалардың қиялы мүлде ұқсамайтын алмастырылатын заттарды да тірек етуі мүмкін. Екінші жағынан алғанда, ойын көзге көрінетін іс-әрекеттің толығынан түсінік аумағында өтуі де мүмкін.

Ойындар мен жаттығулар үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады.

Студенденттерге адамның жалпы психологиялық жағдайының деңгейін анықтауда тест жүргізу.

7минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау, кітаппен жұмыс, бағдарламамен жұмыс, шығармашылық жұмыстар.

Топ студенттері 4 топқа бөлінеді.

Студенттер топ модераторын сайлайды, студенттер өздік жұмысты жарыс ретінде орындап, ұпай саны бойынша студенттер бір-бірін бағалайды.

Әр топ сабақта жақсы ұпайлар жинау үшін әр үйшіктерден тапсырмаларды орындауы керек және үйшікті ашу үшін кілт алуы керек, ал кілтті алу үшін мынадай тапсырманы орындауы қажет, топқа берілетін уақыт 10 минут.

  1. топ. Екі-үш жастағы балаларға қимыл-қозғалысты ойындар арқылы қиялды дамыту;

  2. топ. Үш-төрт жастағы балалардың қиялын ойындар арқылы дамыту;

  3. топ. Бес алты жастағы балалардың қиялын жаттығулар арқылы дамыту;

Студенттер тапсырманы орындап, бір-бірін ұпайлар бойынша бағалайды, үйшіктің кілтіне қол жеткізулері керек.

30 минут

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар.

Тақырыпты бектіде әр топтың үйшігіндегі ұпайларды жинауда мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс.

1-топ. - Қиялдың дамуында ойындардың орны туралы зерттеген ғалымдар мен олардың ой-пікірлері.

  • Үйшіктегі жаттығуды жүргізу;

2-топ. - Дидактикалық ойындар арқылы баланың қиялын дамыту;

  • Үйшіктегі жаттығуды жүргізу;

3-топ.- Сюжетті рөлді ойындар арқылы бала қиялын дамыту;

4-топ.- С.Немовтың қиялды дамытуға арналған әдістемелері туралы не білесіндер?


15 минут

6

Сабақ қорытындысы

Рефлексия.

Түсінік бере отырып бағалау.

Сабақта алған әсерлерін және ұпайларын жазып ұйдің ішіне салады.

3 минут

7

Үй тапсырмасы

С.Немовтың қабылдауды анықтаудағы әдістемелерін жинақтау.

Әдебиеттер тізімі:

Мухина С.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы»

С.Немов «Психология» ІІІ том.

Өлең айту.

«Балалар бақытты»

2 минут

Оқытушының қолы __________________________________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесінен сабақ жоспары

Автор: Салтыбаева Маржан Айткуловна

Дата: 19.04.2018

Номер свидетельства: 466923

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Сабақта М.Монтессори технологиясын қолдану әдістері"
    ["seo_title"] => string(58) "sabak_ta_m_montiessori_tiekhnologhiiasyn_k_oldanu_distieri"
    ["file_id"] => string(6) "393779"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1487578113"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства