Бұл сиқырлы шарлар,жарсаңдар оның ішінен тапсырма жазылған қағаз шығады.
1 тапсырма.
«Пойыздың» вагондарын құрастыру.
Тақтада пойыздың суреті ілініп тұрады.
-Мына, пойызбен вагондар қандай пішінді?
-Тік бұрышты.
-Түсі қандай?
-Түсі көк.
-Вагонның терезелері қандайпішінді?
-Тікбұрышты.
-Вагон үлкен тік бұрышты,терезелері кішкентай тік бұрышты.
-Терезенің түсі қандай?
-Ақ түсті.
-Пойыздың вагондары мен дөнгелектері жоқ екен.
-Дөңгелектің түсі қандай екен?
-Қара.
-Пішіні қандай?Дөнгелек шеңберге ұқсайды.
Балалар пойызды құрастырады.
Пойыз сапарға аттануға дайын болды.
2 тапсырма. «Пойыз ойыны»
Пойыз жүргізушісін таңдайды,ролді қолына ұстап,балалар вагон болады.
Бір-бірінің белінен ұстап чух-чух-чух деп жүреді.Музыка ырғағымен белгіленген стансияға таяп қалдық у-у-у-у деп тоқтаймыз.
3.Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. ( Бидай)
Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа. (Масақ)
Балалар бүгін біз бидайдың масағы туралы мәлімет аламыз.
Балалар мынау менің қолымдағы бидайдың масағы.Бидай негізі азық-түлік дақылы.Оның дәні,кебегі,сабаны құнарлы мал азығы. Бидандан біз көптеген тағам түрлерін дайындаймыз.Ол бізге үлкен еңбекпен келеді.Бидайды өсіріп,баптап өсіретін адамды диқаншы дейміз.
Суретпен жұмыс жасау.
Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
Адамдар бидайды жинап жатыр.
Адамдар бидайды егіс алқабынан жинап,қоймаға апарады.Бидайды қауызынан тазартып ,одан ұн алады.Ұннан түрлі өнімдер жасаймыз.
Олар:Нан,макарон,кондитерлік тағамдар.
Нанды қайда пісіреді?
Наубайханада.
Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бидай туралы мақалдар.
Мағынасын түсіндіру.
1.Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
2.Диқан жерін анасындай сүйеді.
Жер диқанға баласындай иеді.
3.Диқаншы жерін мақтайды.
Балықшы көлін мақтайды,
Кәсіпкер кенін мақтайды.
Дидактикалық тапсырма.
Балалар суретке сәйкестендіріп заттарды орындарына қойып шығу.