Ұйымдық-іздену Рефлекстік түзету | Балалар отырады. Балалармен әңгімелесу. Балалар, біз кеше қайда бардық? - Иә, балалар біз «Фауна» жануарлар әлемінде болдық. Онда сендер нені көрдіңдер? - Біз ол жерден не сатып алдық? Оны аквариумнан қалай алдық? - Балық сусыз өмір сүре ала ма? Сендерге балық «Фауна» дүкені ұнады ма? - Балалар біз қазір табиғат жайында әңгімелейміз. -Табиғат дегеніміз не? -Ол бізді қоршаған орта:ауа, су, орман, күн, аңдар.Осының барлығы табиғатқа жатады.Табиғат екіге бөлінеді:тірі табиғат және өлі табиғат болып. Тірі табиғатқа:гүлдер, құстар, жануарлар, ағаш, балық. Өлі табиғатқа: қар, мұз, жаңбыр, күн -Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын.Ал сендер мұқият тыңдаңдар: Аузы бар,тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Бұл жұмбақтың шешімі не? -Дұрыс айтасыңдар. -Балықтар қайда тіршілік етеді? -Су туралы кім мақал-мәтел айтады? Балалар айтады: -Балықтар немен тыныс алады? -Балықтар желбезекпен су асты ауасымен тыныс алады. Балықтар қалай өсіп-өнеді? -Уылдырық арқылы көбейеді, екі жүзу қанатымен, жұмыс жасайды, су асты ауасымен дем алады. -Қараңдаршы, қандай әдемі балықтар? Өздері тез жүзеді. -Балықтар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? -Қанша балық аквариумда жүзіп жүр? -Нешеуі үлкен? Нешеуі орташа? Нешеуі кіші? -Балалар, балықтар таза суды сүйеді ме? -Дұрыс айтасындар, балықтар таза суды өте жақсы көреді. Сондықтан аквариумның суын тазартып, ауыстырып тұру керек. -Балықтар немен қоректенеді? -Балықтар балдырлармен, суда өсетін өсімдіктермен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Сергіту сәті: Кане балалар тұрамыз, Бойымызды жазамыз. Балықтарға ұқсап біз, Жүзіп-жүзіп аламыз. Балықтар туралы кім тақпақ айтады? Ойын: «Кім алтын балықты құрастырады?» Мақсаты:Логикалық ойлау, іс-әрекетін дамыту. Ойын: «Кім көп балықты аулайды?». Мақсаты: Жылдамдыққа , шапшаңдыққа,ептілікке баулу. Ұйымдастырылған іс-әрекетін әрі қарай сурет салумен жалғастырамыз.Бояп болғаннан кейін балалар, қазір біз балықтарды суға жібереміз. Бағанадан бері сендер балықты күту, олардын қайда өмір сүретіні жайлы білдіңдер. Міне, мынау ақ қағаз, балалар, судың түсі қандай ? Ендеше көк түске бояйық. Ал енді көз алдарыңа көлді елестетейік? Балалар ендеше қолдарыңдағы балықты алып суға жіберіңдер. Ал енді, балалар осы ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша тақырыбымызды қорытындылайық. 1.Балалар бүгін біз нені бақыладық? 2.Топтағы балықтар қайда өмір сүреді? 3.Аквариумдегі балықты қалай күтеміз? 4.Балықтар қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша тақырыбымыз ұнады ма? Белсене қатысып отырған балаларды мақтау,мадақтау. Балалар біз бүгінгі тақырыбымызды өлең шумағымен аяқтайық: Күн сәулесін шашқаның үшін, рахмет! Ауа таза аспаны үшін, рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкені үшін, рахмет! Ағаш, көлеңкең үшін, рахмет! Осымен ұйымдастырылған іс-әрекетіміз аяқталды. Рахмет балалар! | Балық дүкені «Фаунаға» бардық. Аквариумның ішіндегі әр түрлі балықтарды көрдік(үлкен,кіші). Балық. Сүзгішпен сүзіп алдық. Сусыз өмір сүре алмайды Бізге «Фауна» дүкені ұнады. Тәрбиешіні балалар мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Балық. Балықтар суда, яғни аквариумнің ішінде жүзиді. «Су-анасы бұлақ» «Су- тазалықтың досы» «Су-тіршіліктің көзі» «Судың да сұрауы бар». Сопақша. Төрт балық бір үлкен балық, екеуі орташа балықтар, біреуі кіші балық. Иә балықтар таза суды жақсы көреді Қимылдарды тәрбиешімен бірге қайталайды. Айым: Дәмді ететін сорпаңды, Білем таяз ортаңды. Денесінен басы үлкен, Ұстап алдым шортанды. Даниял: Ел іргесін алыппын, Өзім соган қарықпын. Атам айтқан осыны, Қасқыры деп балықтың. Балалар ойынға белсенді қатысады. Судың түсі көгілдір, көк. Көлді елестетеді. Балалар суға балықты жібереді. Балықты бақыладық. Аквариумда өмір сүреді. Суын ауыстырамыз, жем береміз. Сопақша пішінге ұқсайды. Иә,ұнады. Өлең шумағын тәрбиешімен бірігіп қайталайды. |