kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалар?а ?й жануарлары туралы білімдерін толы?тыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ?й жануарлары туралы білімдерін толы?тыру, оларды? пайдасы, ма?ызы, туралы т?сінік беру. Оларды? т?рлерін бір – бірінен ажырату?а, айт?андай зейін ?ойып ты?дау?а ?йрету к?зделіп ?й жануарларына байланысты та?па?тар мен ма?ал м?телдер айт?ызу с?ра? – жауап, ж?мба? шешу ар?ылы тіл байлы?тарын дамытумен бірге оларды? бізге тигізер пайдасын айтып, ?лтты? т?рбие негізін е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу, экологиялы? т?рбие беру ?арастырылады.
Т?рбиелік: ?й жануарларына ?ам?орлы? жасау.
?діс - т?сілі: С?ра? - жауап, т?сіндіру, к?рсету
К?рнекілік: ?й жануарларыны? суреттері

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалар?а ?й жануарлары туралы білімдерін толы?тыру »

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы, маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері

Тәрбиеші:Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, жер-ана

Амансың ба, достарым

Сендерді көрсем қуанам

Тәрбиеші:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс
- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- 3 ай (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Боран соғады, күн суытады, мұз қатады.
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен тіл дамыту сабағын өткіземіз. Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.Мен сендерге суреттерді көрсетемін сендер суретке қарап айтындар. Суретте не салынған. Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе. Оларды қалай атаймыз? Үй жануарлары.Оларды неге үй жануарларыдеп атаймыз?үйткені олар бізбен біздің қорамызда мекендейді.Сурет бойынша түсіндіру.Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы келеді.
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Балабақша.
- Қандай балабақша?
-«Шуақты Шұғыла» балабақшасы.
- Мен, боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Көрмедіңдер ме?
Балалар:- Жоқ
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастылырған оқу іс - әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)

Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар: Қой - мә - мә маңырайды
Бақташы ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!

2.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар
(Түйе) Түйе - бө - бө боздайды

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:


Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!

Ералы: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

Мейіржан: Мө-мө деген әні бар,

Үй маңынан табылар,

Мөңіреген бұзауым

Маған жақын жануар

Жания: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.

Назерке: Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың

Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз



Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»

Қорытындылау:
- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?

Енді осы үй жануарларының әрқайсысының төлдерін атайықшы.
Тәрбиеші: Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!


Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар.





Тәрбиеші: Калиева Гульжанат Канагатовна – КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балалар?а ?й жануарлары туралы білімдерін толы?тыру

Автор: Калиева Гульжанат Канагатовна

Дата: 20.03.2015

Номер свидетельства: 189185


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства