Просмотр содержимого документа
«Балалар?а музыкалы? т?рбие беру »
Балаларға музыкалық тәрбие беру
Ән-саз жетекшісі: Сәрсенова Қалықыз Майшақызы.
Ән сабағының мақсаты
1.Балалардың әнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
2.Балалар арасынан таланттарды іздеу.
3.Жеке ерекше талантты бавлалардың өнерін әрі қарай дамыту,көркейту.
4.Ән сабағы арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру.
5.Ән салу,би билеу және драмалық үйірмелер арқылы балалардың өнерге деген ынтасын тудыру.
Музыкалық тәрбие
Бала бақшада музыкалық тәрбиені жүзеге асырудың сан алуан әдістерін қалыптастыруға мүмкіндігі мол.Соның ішінде музыка сабағының мәні зор. Музыкалық сабақты топтағы балалармен тұтас күйде және әр баламен жеке жүргізу арқылы оларды адамгершілік қасиеттерге баулуға болады.Мұндай сабақтар бүлдіршіндерді жалпы ртақ қуанышқа,эстетикалық әсерге бөлеуге ықпал етеді,сондай-ақ мәдениеттілікке,бірлесіп іс-әрекет жасауға баулиды. Сабақты ұйымдастыру барысында тәрбиеші балалардың зердесін музыкаға бағыттауға және еңбектенуге қабілетін ашуға баса назар аударуы тиіс.
Музыка әлемімен танысу,оны сезіну арқылы бүлдіршіннің эстетикалық талғамы болады.
Музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру нысаналы оқытуды талап етеді.Балдырғандарды жан-жақты және үйлесімді дамыту олардың жас ерешеліктеріне қарай жүргізіледі.Мұндағы басты негізгі бағыттар мыналар:
-Музыка тыңдауға, ән үйренуге ынталық қалыптастыру,
-Музыкалық шығармаларды тыңдату арқылы олардың балдырғандарға әсерін арттару,
-Балалардың музыка туралы ең қарапайым ұғымдарын қалыптастыру.
Музыка сабағы баланың жеке басының көптеген жақсы қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ол бүлдіршіндерді қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла әрекет жасауға баулиды, байыпты көзқарасын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің жетілуіне септігін тигізеді.
Ән сабағындағы музыкалық ойындардың маңызы.
Ән сабағының ойымен ұштасуы, балаларға ерекше әсер етеді, яғни қосымша ән ырғағын салу, жеткізу, тыңдау сияқты әсер байқалады.
Мысалы: 1-ойын. «Ән айтқан кім» ойынында үш түрлі суретпен папасы, мамасы, баласының суретімен жұмыс жасайды. Мұғалім бұл жанұяның әнді жақсы көретінін айтады, бірақ әр түрлі дауыспен ән салатынын ескертеді. Папасы жоғары, мамасы орташа, баласы төмен дауыспен айтылатын әндер «әке әңгімесі», «Бесік жыры», «Кішкентай марш». Осыларды бала қайсысы кімнің дауысы екенін айыра білу керек.
2-ойын. «Музыкалық үй». Бұл үйде әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұрады. Мұқият тыңдап, қай аспаптың ойнап жатқанын айыруға болатынын түсіндіру.
3- ойын. « Карусель». Бұл ойында әуеннің жәй тез орындалуын айыра білу керек.Карусельді айналдырып, әнді тыңдайды, әннің тез жерінде тез айналдырып, орташа жерінде орташа айналдырып, темпке көңіл бөлдіру керек.
4-ойын. «Көңілді көңілсіз». Бұл ойында адамның, баланың үш суреті пайдаланады, яғни ренжіп, жәй қалыпта тұрған. Осы суретке байланысты «Үш мінез» атты шығарманы суретке қарап, өзгерістерді айту.
5-ойын. «Бауырсақ кімді кездестірді?». Бұл ойында бауырсақтың кездескен аңдардың әуенін салу, яғни әуенді бірінші ойнап, қасқыр, қоян, аю, түлкі тағы басқа аңдарға сәйкес музыка ойнау.
6- ойын. «Көңілді поезд». Бұл ойында поезды ойынщық түрінде пайдаланып, музыка бойынша бір ырғаққа қарай жәй, орташа, тез жүргізу.
Музык- бала бақшада
Музыкалық өнердің өзі бірнеше міндеттерді шешу қажеттілігін мақсат етіп қояды:
-Музыкаға деген сүйіспеншілік пен ынтаны тәрбиелеу.
-Оларды белгілі дәрежеде ұйымдасқан әр түрлі музыкалық шығармалар және қолданылатын мәнерлеу құралдары бар жүйеде таныстыра отырып, балалардың әсер алушылығын байыту.
-музыканы қабылдау және ән салу, ырғағын түсіну.
-Балалардың жалпы музыкаға деген сезімін, әншілік дауысты және қимыл мәнерлігін қалыптастыру.
-Музыкалық талғамын бастапқы дамуына ықпал ету.
-Музыкаға творчестволық көзқарасты бейнелерді музыкалық ойындар мен хороводтарды беру.
-Бүлдіршіндердің музыкалық талғамын қалыптастыруға, оны тани білуге көмектесу, музыкалық шығармаларды түсіндіру, тыңдауда, сезінуде олардың