kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды? тама?тану гигиенасы. Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары № 3

План учебного занятия   №

К?ні:                          П?н     Педиатрия     негіздері                                Тобы   

Дата                           Предмет                                                                   Группа

О?ытушыны? Т.?.А.       Кайырбекова И.А.

Ф.И.О. преподавателя

І. Саба?ты? та?ырыбы  Балаларды? тама?тану гигиенасы. Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар

Тема занятия 

Саба?ты? т?рі ж?не типі  Аралас   саба?

Тип и вид занятия

Ма?саты  Балаларды? тама?тану гигиенасы туралы т?сінік

Цель беру

Міндеттері

Задачи

а) Білімді?    Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар  сипаттау

обучающие  

?) т?рбиелік     жеке бас гигиенасын са?тай білуге т?рбиелеу.

воспитательные 

б) дамытушылы?   Мысалдар келтіре білу, ?з пікірлерін д?лелдеу, кестелер

развивающие  (кластерлер) ??рыстыра білу.

ІІ. К?тілетін н?тиже.

Ожидаемые результаты:

а) о?ушылар т?сінуі тиіс  

должны понимать     Балаларды? тама?тану гигиенасы

?) о?ушылар ??ндылы  ба?дары  болуы  медициналы? сауаттылы?

должны иметь ценностные установки

б) о?ушылар жасай біледі            кітаппен ж?мыс жасауды

должны уметь

План занятия

І. Организационный момент

?йымдастыру кезе?і

О?ушылармен с?лемдесу. О?ушыларды? саба??а ?атысуын ?ада?алау ж?не тексеру.

ІІ.Білімді актуализациялау:

Фронтальды с?рау:

Ж?йке  ж?йесіні? гигиенасы.

К?з гигиенасы.

Тыныс алу ж?не дауыс аппаратыны?  гигиенасы.

Ас ?орту ж?не з?р шы?ару ж?йесіні? гигиенасы.

Тері гигиенасы.

Дене шыны?тыруды ?йымдастыру гигиенасы.

Балаларды? е?бекпен ш??ылдануына ?ойлатын гигиеналы? талаптар.

Дене м?шесіні? т?зу болуы ж?не жалпа? табандылы?ты? алдын алу.

Шыны?тыру

Т?сіндіру:                                             

  •  
  1. Тама?ты? химиялы? ??рамы
  2. Тама?тану гигиенасы
  3. Балаларды? киіміне ?ойылатын гигиеналы? талаптар

ІІІ. Бекіту:

Практикалы? ж?мыс орындау: Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар

IV. ?орытындылау, ба?алау.

ІV. ?й тапсырмасы: § 4 Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды? тама?тану гигиенасы. Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар»


СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА

МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ

Ред 1






Сабақ жоспары № 3

План учебного занятия №

Күні: Пән Педиатрия негіздері Тобы

Дата Предмет Группа

Оқытушының Т.Ә.А. Кайырбекова И.А.

Ф.И.О. преподавателя

І. Сабақтың тақырыбы Балалардың тамақтану гигиенасы. Балалардың киіміне қойылатын талаптар

Тема занятия

Сабақтың түрі және типі Аралас сабақ

Тип и вид занятия

Мақсаты Балалардың тамақтану гигиенасы туралы түсінік

Цель беру

Міндеттері

Задачи

а) Білімдіқ Балалардың киіміне қойылатын талаптар сипаттау

обучающие

ә) тәрбиелік жеке бас гигиенасын сақтай білуге тәрбиелеу.

воспитательные

б) дамытушылық Мысалдар келтіре білу, өз пікірлерін дәлелдеу, кестелер

развивающие (кластерлер) құрыстыра білу.

ІІ. Күтілетін нәтиже.

Ожидаемые результаты:

а) оқушылар түсінуі тиіс

должны понимать Балалардың тамақтану гигиенасы

ә) оқушылар құндылы бағдары болуы медициналық сауаттылық

должны иметь ценностные установки

б) оқушылар жасай біледі кітаппен жұмыс жасауды

должны уметь

План занятия

І. Организационный момент

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және тексеру.

ІІ.Білімді актуализациялау:

Фронтальды сұрау:

Жүйке жүйесінің гигиенасы .

Көз гигиенасы .

Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы.

Ас қорту және зәр шығару жүйесінің гигиенасы .

Тері гигиенасы.

Дене шынықтыруды ұйымдастыру гигиенасы .

Балалардың еңбекпен шұғылдануына қойлатын гигиеналық талаптар.

Дене мүшесінің түзу болуы және жалпақ табандылықтың алдын алу.

Шынықтыру

Түсіндіру:

Жоспар:

  1. Тамақтың химиялық құрамы

  2. Тамақтану гигиенасы

  3. Балалардың киіміне қойылатын гигиеналық талаптар

ІІІ. Бекіту:

Практикалық жұмыс орындау: Балалардың киіміне қойылатын талаптар

IV. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үй тапсырмасы: § 4 Балалардың киіміне қойылатын талаптар

Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері.

Балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.

Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:

  1. Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары.

  2. Балалар организмінде клеткалар мен тіндердің құрлысына қажетті белоктар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге белок қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала неғұрлым жас болса, белок қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Белок жетіспеуі өсу процесінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін;

  3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық (клетка қабығының, дәнекер тіндерінің қалыптасуы және т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажеттілігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондықтан, жас балалардың организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді;

  4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болумен қатар, организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды;

  5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез жинап, тез жоғалтып отырады. Сондықтан балалар организміндегі су алмасу процесі жылдам бұзылады және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер балаларда жақсы көрінеді;

  6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп-дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге қарағанда 1,5 есе жоғары. Калций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзетілетіндіктен, организм кальциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді;

  7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады;

  8. Ана сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы микроэлементке (әртүрлі жеміс-жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады;

  9. Балалар организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады;

  10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.

Негізгі зат алмасудың мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституциясына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне (көктем, жаз мезгілдерінде жоғары), туып, өскен мекеніне (биік таулы аудандарда, жазыққа қарағанда жоғары) және т.б. байланысты болып келеді.

Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген шаралардың орындалуы қажет:

  1. Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;

  2. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;

  3. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;

  4. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Санитарлық дәрігер ас-мәзірін құрастырған кезде мынадай негізгі қағидаларды білуі керек:

  1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажет-тілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам колориясын 10%-ға жоғарылату қажет;

  2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді;

  3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнделікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек;

  4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс;

  5. Барлық балалар мекемелерінде, Медициналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдайларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар "жазғы" және "қысқы" деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационының калориясын және химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша жүргізіледі;

  6. Күнделікті үлгі ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі (мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қызметкерлер тек қана түсте, ал мектеп интернаттарында 3 мезгіл тамақтанады);

  7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен ауыстыруға болады;

  8. Балалар рационында, ас қорту органының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар (қара бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болу керек);

  9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгіліне тұрақты түрде болады.

Балалардың аяқ киімі

Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.

Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық жарақаттанудан сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.

Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан тұрады.

Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып келетіні, аяқ киімін жасаған кезде (әсіресе балалар аяқ киімі үшін қалыптар жасағанда) ескерілуі керек. Балалардың табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сүйектенуі бой өсуінің жетілуіне қарай аяқталатындықтан, баланың табанына берілетін механикалық әсерлер оны жылдам деформацияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, аяқ киімнің қалыңдығын, иілгіштігін, сапасы мен жылу сақтау қасиетін гигиеналық нормаландыру қажеттігі туады.

Балаларға арналған аяқ киімдер табан ұзындығына сәйкес анықталатын өлшем арқылы (өкшенің ең дөңестеу келген шетінен бастап, ең ұзын бақайдың басына дейінгі аралық) алынады Өлшем бірлігі ретінде миллиметр алынған, нөмірлер арасындағы айырмашылық 5мм болуы мүмкін.

Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.

Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.

Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте).

Балалар аяқ киімдерін бекіту үшін, бас жағының улкен иілгіштігін, жеңілдігін, аяқ киімнің ішкі аралығының ауа өткізгіштігі мен желдетілуін қамтамасыз ету үшін арнаулы жіптерді және аралас тәсілдерді қолдануға болады.

Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.

Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті резеңке жылусақтағыштық қасиеті бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.

Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлығын жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің аяқ киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.

Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10 жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм, 13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой жеткен қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) аяқ киім киіп жүру, ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан, зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасының иіні ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Биік өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.

Аяқ киім табанды қысып, қан және лимфоайналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі керек. Аяқ киімнің биіктігі оның түріне байланысты нормаланады.

Қоныш - аяқ киімнің формасын сақтау үшін өкше жағына орналасқан, аяқ киімнің үстіңгі жағының негізгі деталі. Аяқ киім қонышы өкшенің деформациясының алдын алып, табанның алға қарай жылжуын болдырмауы үшін қажет. Қонышты даярлау үшін қалыңырақ табиғи теріден жасайды.

Аяқ киімнің бас жағы- бақайлар мен бақайларға дейінгі буындардың үстін жауып тұратын үстіңгі бөлігі. Аяқ киімнің бас жағында оның формасын сақтау үшін астары мен сыртқы қабатының аралығына арнаулы қаттылау келген деталь салынады және ол бақайларды жарақаттанудан сақтайды.

Балалар аяқ киімін қозғалуға кедергі келтірмейтіндей етіп, аяқтарына мықтап бекітуге арналған бекітпелері болуы керек. Ол үшін әр түрлі бекіткіштер: аяқ киімнің бауы, жылжымалы “молния”, арнаулы жабысқыштар т.б. қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға бекітпесі жоқ, жылдам шешіліп қалатын үсті ашық аяқ киімдер жасауға болмайды.

Аяқ киімнің массасы бекітпелерінің түріне, конструкциясына және пайдаланылған материалдарына байланысты болады. Бәтеңкелердің массасының нормасы шолақ бәтеңкеге қарағанда - 10гр., сәбилер аяқ киімдеріне қарағанада - 15гр., естиярларға - 20гр., балалар аяқ киімінен - 15гр., мектептік - 25гр., ұл балаларға - 30гр. ұлғаяды.

Жылдың барлық мезгілінде киілетін балалар аяқ киімі табиғи теріден жасалғаны дұрыс. Жаздық аяқ киімге теріден басқа, әртүрлі тоқыма материалдардың өзі немесе олардың терімен араласқан қоспалары пайдаланылады. Жылыландырылған аяқ киімдердің үстіңгі жағы мауыты, шұғадан, драп, жартылай жүн, жүн материалдардан, киізден т.б. жасалады. Астарлыққа табиғи тері және мақта маталар пайдаланылады.

Балалар аяқ киімін жасау үшін полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін. Соңғысы санитарлық нормалар мен ережелерде регламенттеледі.

СанНменЕ көрсетілген материалдарды өндірісте тек қана санитарлық-гигиеналық бағасына байланысты қажетті рұқсат берілгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Ол үшін зерттеу жүргізетін мекемеге өнімнің саны 10-нан кем болмайтындай үлгісі, зерттелетін материалдардың ғылыми-техникалық құжаты (3 м2 ) және технологиялық процесстің тәртібі әкелініп берілуі тиіс.



Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.

Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.

Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.

Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.

Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).

Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.

Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).

Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2).

Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2г/м2, табиғи жібек сағатына-4,62г/м2, капрон сағатына-1,09г/м2 бу өткізедіт.с.с.).

Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт-90%, мақта матадан жасалған мадополам-18%, жеңілдетілген драп-17,2%, табиғи жібек-16,5%, репс-7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс-1,2%, капрон-5,7%, лавсан-0,5% т.с.с.).

Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.

Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .

Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.

Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.

Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.

Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.

Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.

Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.

Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.

Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне “қарсыласуына”, яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады.





Грек философы Сократ  (б.з.д. 470 – 399ж.ж.)  айтқан: «Біз қоректену үшін өмір сүрмейміз, біз өмір сұру үшін қоректенеміз».

ДЕНСАУЛЫҚ – адам өмірінің басты кепілі.

    Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы  қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.

«Денсаулық - ……»,  «Дені саудың - ……», «Халқың сырқат болса, қабырғаң ……..» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. “Қазақстан 2030” бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы “Азаматтардың денсаулығын сақтау  туралы” арнайы заң қабылданған.

 

1 тапсырма:  

«Мақал -мәтелдерді  аяқта»

1.Жан ауырса, ...

2.Ауру батпандап кіріп, ...

3.Тәуіптің жақсысы - ...

4.Бас аманда мал тәтті, …

5.Ауруын жасырған өледі.

6.Сырқат тән жарасы, …

7.Денің сау болса, …

8.Тазалық - …

9.Ауырып ем іздегенше, …

10.Аурудың жақсысы жоқ, …

Салауатты өмір салтын сақтау қағидалары

➲  Дұрыс тамақтану;

➲  Уақытымен ұйықтау;

➲  Белсенді жұмыс пен демалыс;

➲  Зиянды қылықтардан аулақ болу;

Адамға организм бір рет қана  беріледі. Адам денесін еш нәрсемен  алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар – дұрыс емес тамақтанудың  нәтижесі.

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.

   Дұрыс тамақтанатын адамдар көп ауырмайды, психологиялық жағдайы жақсарады, көңіл-күйі  көтеріңкі  болады, ең бастысы жұмысқа қабілеттілігі,

оқуға деген қызығушылығы артады .

   Сонымен, дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың  басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана  ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық  пайдаланады. Диетология дегеніміз не?

   ДИЕТОЛОГИЯ – тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым.

Оқушы:                     

Адамның тамақтану  мөлшері:

—  Қәзіргі таңда адам бір тәулікте  шамамен 800 грамм қорек  және 1,5-2  литр су пайдаланады. Пайдаланатын жалпы  тағамдар құрамында 15%  нәруыздар, 30% майлар,  55% көмірсулар болғаны тиімді.  

—  Жер шарының халқының  тәуліктік рационы (6 млрд адамнан астам) 5 миллион

     тонна қорек құрайды.

Адам 70 жыл өмірінде 70 тонна су ішеді, 17 тонна көмірсулар,   3 тонна нәруыздар,  2 тонна майлар, 2-3 центнер тұздар, 38 килограмм фосфор, 8 килограмм магнийді пайдаланады.

FASTFOOD дегеніміз не?

Артық салмақ дегеніміз не? Қандай себептерін білесіндер?

Себептер:

* салауатты өмір салтын сақтамау; 

* дұрыс тамақтанбау;

* қимылдау белсенділігі төмен.



Саулнама

Сенің бойың

 

Сенің салмағың

 

Күніне неше рет тамақтанасын?

 

Таңғы асыңды күн сайын ішесің бе?

а)  ия     б)  жоқ

Сорпаны күн сайын ішесің бе?

а)  ия     б)  жоқ

Көкөніс пен жеміс-жидектерді күн сайын пайдаланасын ба?

а)  ия     б)  жоқ

Сен бүгін мектепте тамақ іштің бе?

а)  ия     б)  жоқ

Ішсеңіз, тамақ  қандай болды? 

а)  ыстық   б)  салқын

в)  жылы

Қандай ыдысты пайдаландыңыз?

а)  пластикалық

б)  шыны

Таңғы, түскі және кешкі астың

арасында қандай тамақ, сусын 

түрімен тамақтанасын?

а)  жеміс-жидек

б)  тәтті тағамдар

в)  шай, сүт, йогурт

г)  тамақ ішпеймін

Кешкі асыңды қашан ішесің?

а)  ұйықтардын алдында

б)  2 сағат бұрын

в)  әртүрлі





Пайдалы тағамдарды  «+» белгіле, ал  зиянды тағамдарды «-» белгіле.

Қарақұмық (гречка) ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки,  компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, творог, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.

ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР

—  Пайдалы тағамдар: нан, ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, картоп, жеміс – жидектер.

—  «АБАЙЛА!» (зиянды тағамдар): қант, чипсы, кәмпит, тәтті тағамдар, кондитерлық заттар.

4 тапсырма:

  • әріміз біріге отырып дұрыс тамақтану ережесін құрайық:

1.Майлы тағамдарды көп пайдаланбаңыз.

2.Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз

3.Тәттілер көп, ал денсаулық біреу-ақ.

4.Жеміс – жидектер - пайдалы тағам.

5.Күніне 3рет, бір уақытта тамақтану қажет.

6.Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.

7.Тым ыстық не суық тамақтан тіс эмалі бұзылады.

8.Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян.

  1. Ағзаға күш беретін, ойлау қабілетін арттыратын қандай тағамдарды білесіндер?

  2. Ағзаның дамуына көмектесетін қандай тағамдарды білесіндер?

 

 

ТАМАҚТАНУ  ГИГИЕНАСЫНЫҢ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Тамақтану режимін сақта! 

  • Тамақ  құрамы туралы ойланыңдар! 

  • Тамақты дұрыс шайна! 

  • Тамақты артық жеме! 

  • Тамақ  уақытында асықпа! 


КГКП «БГТК» 2014 Конфиденциально Страница 12 из 1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балаларды? тама?тану гигиенасы. Балаларды? киіміне ?ойылатын талаптар

Автор: Кайырбекова Индира Амангазиевна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281779


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства