kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: балаларға дәрілердің қауіпті екендігін және олардың зиянды екенін түсіндіру.                                                                                                                                       Міндеттері:                                                                                                                                                      БМ:дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.                                                                                                                                                              ДМ:сөздік қорларын байыту жаңа сөздермен.                                                                                                                                                                 ТМ:жанашырлыққа,қамқор болуға тәрбиелеу.                                                                                                                                                               

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!»»

САБАҚ №4

Тіршілік қауіпсіздік негіздері бойынша

Өткізген:Жумашбекова С.Т

Өткізу мерзімі:20.12.19ж

Топтың жас ерекшілігі:№9 ересек топ Тақырыбы:«Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!» Мақсаты: балаларға дәрілердің қауіпті екендігін және олардың зиянды екенін түсіндіру. Міндеттері: БМ:дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру. ДМ:сөздік қорларын байыту жаңа сөздермен. ТМ:жанашырлыққа,қамқор болуға тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:дәрі,дәрумен. Көптілділік компанент:дәрі-лекарство- medicine Кіріспе әңгіме Балалар мына жұмбақты шешіңдерші: Қашан біз ауырамыз, Сол кезде оны қабылдаймыз.(Дәрілер). -Адам ауырса дәрігерге барады.Дәрігер ауырған адамды қарап болған оған әр түрлі дәрілер жазып береді.Дәрілер адамға ауруынан тез жазылуға көмектеседі.Енді таблеткалар жайлы сөз қозғасақ.Таблеткалар әр түрлі пішіндн және әр түрлі түсті боп келеді.Олар бір жағынан қарағанда кәмпиттерге ұқсайды.Мысалға алатын болсақ,әжелерің ауырып қалды дейік,әжелерің дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдап жүр дейік.Бір күні ол бір таблетканы еденге түсіріп алды.Сендер сол таблетканы тауып алдыңдар дейік.Сенің іс әрекетің қандай?Еденнен алып әжеңе бересің бе?Ары қарай әжең өзі шешеді.Дұрысы әжең оны қоқыс шелегіңе салады,өйткені ол жерге түсті кір болып қалуы мүмкін.Енді ол дәріден зиян келмесе пайда болмайды. Егерде жерден қандай да бір таблетка тауып алсаңдар оны қандай жағдай болмасын ауызға салуға болмайды.Тіпті ол кішкентай кәмпитке ұқсаса да.Неге ауызға салуға болмайтынын кім түсіндіріп береді?Өйткені,дәрілер улы.Ол үлкен адамға ауруынан сауығуға көмектескенмен,балалар өте улы. Сондықтан естеріңде болсын қандай да бір кәмпитке ұқсайтын таблетка тауып алсаңдар оны ауызға салуға болмайды,үлкендерге беру керек.Үлкендер өдері шешеді оны не істеу керектігін.Дәрумендер мен дәрілер арнаулы қобдишада сақталуы керек балалар қолы жетпейтін жерде.Оны балаларға ешқашан алуға болмайды.Тіпті «аурухана» ойынын ойнасаңдар да қуыршақтарына дәрумендер мен дәрілерді қағаздан қиып немесе ермексаздан жасап ойнауға болады. Сосын дәрумендер бар.Олар да кәмпитке ұқсайды,бірақ олар дәрілер сиқты ащы емес қышқыл-тәтті болып келеді.Бірақ оларды да көп мөлшерде қабылдасақ,зиянды.Дәрігердің жазып беруі бойынша күніне 1-2рет қабылдауымыз керек. Дәрілерді қолыңа алма, оларды абайсызда жұтып қоюың мүмкін!

Желілі-рөлді ойын«Қонжықты емдейміз» Қажетті атрибуттар: қонжық, градусник, укол салатын шприц, дәрі. Ойын шарты: Балаларды отырғызып, тәрбиеші қонжықты алдына отырғызып, оның ауырып қалғанын хабарлайды. Қонжықтың қолтығына градусник қойып, денесінің қызуын өлшейді. Суық тиіп қалған екен, денесінің қызуы жоғары екен деп, қонжықты төсекке жатқызады. Емдемесе болмайды деп, тәрбиеші ине салады. Содан соң дәрі беріп, қымтап жатқызады. Қонжық ұйықтасын, біз бөгет жасамайық. Ұйықтап алған соң тәуір бола бастайды. Суық тиіп ауырып қалғанда, сендерге де дәрігер тәте ине салып, дәрі береді ғой, иә. Сендер де қонжық сияқты жылымайсыңдар иә, сонда жылдам тәуір боласыңдар, дейді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!»

Автор: Жумашбекова Саягул Тохметовна

Дата: 14.05.2020

Номер свидетельства: 549635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства