Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада а?ылшын тілінен не ?йрендік ?»
Қорытынды оқу ойын іс-әрекеті
Тақырыбы: « Final game »
Мақсаты: «Түстер, «Сандар», «Жануарлар», «Ойыншықтар», «Жанұя», «Менің денем», «Мамандықтар», «Көлік» тақырыптары бойынша лексиканы қайталау; Жыл бойында өтілген тақарыртарды, пысықтау, бекіту және қорыту; пәнаралық білімді пайдалануды үйрету; сөздік қордың кеңеюіне ықпал ету; тыңдау, сөйлеу дағдыларын дамыту; баланың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету; пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқу ойын іс-әрекетінің жоспары
І. Мотивациялық қозғаушылық кезеңі.
Сәлемдесу. Педагог:
-Балалар ең алдымен сабақты бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық. Балалар «Good morning!» тақпағын айтады:
Good morning, Good morning!
Good morning to you!
Good morning, Good morning!
I`m glad to see you.
- Балалар, соңғы оқу іс-әрекетіміздің де уақыты келді. Жыл ішінде көп нәрсені білдік. Бүгін соңғы ойын оқу іс-әрекетімізді өткізіп, кімнің не үйренгенін анықтаймыз. Ойынымыз жай ойын емес, жарыс ойын.
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденушілік кезеңі.
Педагог: Бұл жарыс ойын сабағын өткізуге сендерге қонақтар келе жатыр қане қарсы алайық.
Қонаққа Стефани және Спортикус келеді. Амандасады.
-Сәлеметсіңдерме балалар! Біз сендердің ағылшын тілінен алған білімдеріңді тексеру үшін сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдік. Ең алдымен мен сендермен ағылшын тілінде танысып алғым келіп отыр.
Балалармен ағылшын тілінде танысады:
What is your name?
My name is Farida.
Where are you from?
I’m from Kazakhstan.
Балаларды екі топқа бөледі. Бір топ Спортикустың командасына, екінші топ Стефанидың тобына бөлінеді.
Тапсырма. Түстер
Үстел жанына екі бала келіп тұрады. Мұғалім атаған түстерді қолына алып көрсетеді. Дұрыс тапқан балаға жұлдызша береді.
Теріс қарап тұрған қағазды ашады. Қандай түс берілсе сол түсті ағылшын тілінде атайды.
Тапсырма. Сандар
Стефани колындагы сандар жазылған карточканы корсетеді. Бала сол санды ағылшын тілінде атайды.
Спортикус ойнатады. Бала тізіліп тұрған кубиктерді доппен құлатады. Құлаған шардың санын айтады.
Сандарға байланысты ағылшын тілінде санамақ айтады.
One, one, one. Two, two, two Three, three, three
Little dogs run Cats see you birds on the tree
Four, four, four Five, five, five.
Rats on the flour Birds in the sky.
Тапсырма. Жеміс жидектер
Балалар өз жәшіктеріне жеміс- жидек жинайды. Мұғалім кез-келген жемісті немесе көкөністі атайды. Аталған көкөністі немесе жемісті дұрыс тапқан балаға жұлдызша беріледі.
Тапсырма.Дене мүшелері.
Дидактикалық ойын: «Fly, Fly» -мұғалім осы команданы айтқанда балалар құс болып қолдарын жайып ұшады. «Fly, Fly, Fly, nose »дегенде балалар аталған дене мүшесін көрсетеді. Дұрыс көрсетпеген бала ойыннан шығады. Осылайша ең соңында қай топтың баласы қалса, сол топ жеңімпаз.
«Clap your hands » әніне би билейді
Тапсырма. Мамандық
«Аудармашы» дидактикалық ойыны. Мұғалім допты кез-келген балаға лақтырып, бір мамандықты атайды. Қағып алған бала мұғалім айтқан сөзді аударады. Мысалы: Мұғалім – teacher.
Ағылшын тілінде кім болғың келетінін айтып бер.
I want to be a doctor. (мен дәрігер болғым келеді)
I want to be a teacher. (мен мұғалім болғым келеді)
I want to be a policeman. (мен полиция қызметкері болғым келеді)
Тапсырма. Отбасы мүшелері.
Үстелдің үстінде жатқан бірнеше суреттердің ішінен өз отбасы мүшесінің суретін тауып ағылшын тілінде атайды. Мысалы: This is my mother.
Отбасына байланысты тақпақ айтылады.
I have a mother
I have a father
I have a brother
I have a sister
I love a mother
I love a father
I love a brother
I love a sister
Тапсырма. Көліктер.
Мұғалім әр топқа көліктердің түрлерін көрсетеді. Көлікті ағылшын тілінде атаған балаға жұлдызшалар береді.
Музыкалық тапсырма .
Сабақта үйренген кез-келген әнді айтып беру. «If you are happy » әнін айтып, би билейді.
Стефани: - Балалар енді біз Спортикус екеуміз сендердің жинаған жұлдызшаларыңды санаймыз. Содан соң жеңімпаз топты анықтаймыз.
Сабақ соңында Мұғалім балаларды мақтап, мадақтап сыйлықтар үлестіреді. Қонақтармен қоштасады.
Мұғалім: - Жарайсыңда балалар! Сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Бүгін сабақта осы тақырыптарды қайталағалы отыр едік, Спортикус пен Стефанидың келгені жақсы болды. Енді бізде сабағымызды аяқтап, қонақтарға «Good bye» тақпағын айтып қоштасайық.