Бұл жоба I кіші «Қызғалдақ» тобының балдарына арналады. Жобаның жүргізілу мерзімі 3жыл. Жоба балалардың табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген құстар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. Табиғат – ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп-өрбітіп отырғанда, адамзат та өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл-көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану, көзінің қарашығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті.
