Бірінші сәбилер тобына арналған ояну гимнастикасы
Комплекс № 1
«Біз ояндық»
1. «Қолымыз оянады» - Б. қ .: жатып. Қолдарды жоғары көтеру төмен түсіру.
2. «Аяқтар оянады» - С. қ.: жатып. Кезекпен оң аяқты және сол аяқты көтеру.
3. «Бауырсақ» - С. қ.: жатып. Оң жаққа және сол жаққа бұрылу.
4. «Мысықтар» - С. қ.: төрт аяқтап тұру. Алды –артына қозғалу, шынтақты бүгіп төмен еңкейу, сол қалыпқа келу.
Бір орында жүру, ұйқы бөлмеден аяқ ұшымен шығады.
Комплекс № 2
«Күн»
1. «Күн оянады» - С. қ.: арқада жатып. Шынтаққа көтерілу, басты оңға –солға бұру.
2. «Күн оянады» - С.қ.: арқада жатып. Тізені қолмен құшақтау, оңға солға бұралу.
3. «Күншуақты жаттығу» - с. қ.: арқада жатып. Алдымен қолды, содан соң аяқты жоғары –төмен көтереді.
4. «Күн көтеріледі» - С. қ.: іште жатып, қолдары шынтағынан бүгілген. Аяқты төсектен көтермей, түзу қолдарына көтерілу.
5. «Мен – үлкен күнмін» - С. қ.: төсек жанында тұрып. Қолдарын айналдырып көтеру, керілу, өкшеге тұру.
Комплекс № 3
«Күннің оянуы»
«Міне күн де оянады»- балалар тізе бүгіп отыр, қол төменде. Ақырын тұрады.
Биік, биік, биікке - Балалар тұрып, қолдарын жоғары қарай көтереді.
Түнге қарай батады- Балалар тізе бүгіп отырады.
Төмен, төмен, төменге - балалар тізе бүгіп отырады, басты төменге – жоғарыға – төменге еңкейеді.
Керемет, керемет - Балалар тұрып алақан соғады.
Күлімдейді күн. Қол белде, оңға-солға бұрылу.
Комплекс № 4
«Самал жел»
1. «Самал жел» - С. қ.: іште жатып, қолдары дене бойында. Бастарын сәл көтеріп, жел соққанын келістіру: «Ф-ф-ф».
2. «Желдің желпуі» - С. қ.: іште жатып, қолдары дене бойында. Развести руки в стороныҚолдарын .
3. «Жел бұлттарды айдайды» - С. қ.: төрт аяқтап тұру. Аяқты төсектен ажырамай, денемен адына-артына тербелу.
4. «Желпіп жел соғады» - Жеңіл жүгіріске айналып кететін,жай жүріс.
Комплекс № 5
«Орман оқиғалары»
1. «Апандағы аю» - С.қ.: Арқаларында жатып,қолдары дене бойында. Екі жаққа домалау.
2. «Сұр қояндар» - С. қ.: арқаларында жатып, шапшаңдап, кезекпен аяқтарын көтереді.
3. «Қорқақ қояндар» - С. қ.: отырып, аяқтарын түзу қою, қолдарын төмен түсіру. Тізе бүгіп, қолдарымен құшақтайды – «тығылдық»; сол қалыпқа келу.
4. «Таңырқаушы қарғалар» - С. қ.: тізе бүгіп отырады. Тізеге тұрып, қолдарын жайып, былғау, «қар-қар» деп айту.
5. «Бұтақтағы тиіндер» - С. қ.: кереуеттің жанында тұрып, қолды белге қояды. Серіппемен(с пружинкой)бұрылыстар орындайды.
6. «Мейірбанды бұғылар» - С. қ.: кереуеттің жанында тұрып . Тізені биікке көтеріп, бір орында жүреді.
Комплекс № 6
"Кірпілер"
1. "Кірпілер оянып жатыр" - С.қ.: арқаларында жатып,қолдары дене бойында. Қолдарын бастан жоғары көтеріп, созылу. Сол қалыпқа келу.
2. "Кірпілер жаттығу орындап жатыр" - С.қ.: арқаларында жатып,қолдары дене бойында.Тізе бүгілген аяқты көтеру, қолдарымен құшақтау. Сол қалыпқа келу.
3. "Кірпілер демалып жатыр" - С.қ.: арқаларында жатып,қолдары дене бойында. Оң жаққа, сол жаққа бұрылыстарды орындау. Сол қалыпқа келу.
4. "Кірпілер ойнап жатыр" - С.қ.: арқаларында жатып,қолдары дене бойында. Қолдарын және аяқтарын жоғары көтеру, сілку. Сол қалыпқа келу.
5. Демалу жаттығуы "Табандарына үрлеу".
Комплекс № 7
"Құстар"
1. "Құстар оянды" - С.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр».
2. «Құстар достарын шақырып жатыр» - С.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиқ-шиқ» деп айту.
3. «Құстар жем шұқып жатыр» - С.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, "Клю-клю" деп айту. Сол қалыпқа келу.
4. "Құстар көңілденіп жатыр" - С.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру.
Комплекс №8
«Мысығым»
1. "Мысығым оянып жатыр" - С.қ.- арқаларында жатып,қолдары дене бойында. Тізені бүгіп, аяқты кеудеге тарту,Согнуть колени, ноги подтянуть к груди, обхватить колени руками, вернуться в и.п.
2. "Мысығым ашуланып жатыр" - С.қ.- аяқты созып отыру, қолды артына тіреп қою. Аяқты тізе бүгу, «ф-ф» деген дыбыспен оларды кеудеге жақын қо