kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаба?шамен ?оштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

?

Зал?а балалар шармен  музыка ?уенімен кіреді.
Барлы?ы: Жа?сылы??а ??мармыз,
Жа?сы адам боп шы?амыз.
Таза с?би ж?ректен,

 ?абылда?ыз мы? ал?ыс! (Шарларын жібереді)

1-бала:   ??рметті ?она?тар армысыздар

Б?рі?ізде есен – аман бармысыздар?

2- бала:    А? тілекті а?ытып бір тастайы?

?оштасатын кешімізді біз бастайы?

1-Т?рбиеші:         ?тті ?ызы? к?п к?ндер

Бес  жас?а жетті?дер

Барасы?дар мектепке

Бір белестен ?тті?дер

?сті а?ыл- ойлары?

?сті міне бойларын

?уанышы б?гінгі

??тты болсын тойлары?

2- т?рбиеші: ?ымбатты ата – аналар, балаба?ша ?ызметкерлері ?она?тар б?гін бізді? бірнеше жыл м?пелеп, к?тіп, т?рбиелеп ?сірген б?лдіршіндерімізді мектеп табалдыры?ына шы?арып сал?алы отырмыз. ?рине б?л да ?лкен той, тойлары?ыз ??тты болсын! К?некей кішкентай т?лектеімізді та?ы да бір ?ошеметтеп бір ?ол со?ып ?оялы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шамен ?оштасу »

 Балабақшамен қоштасу

Залға балалар шармен  музыка әуенімен кіреді.
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,

 Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

1-бала:   Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

2- бала:    Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

1-Тәрбиеші:         Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл- ойларың

Өсті міне бойларын

Қуанышы бүгінгі

Құтты болсын тойларың

2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

1-    Тәрбиеші:     Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән. «Көңілді күн»

 2-Тәрбиеші:           Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір – бірден

Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

 Темірлан:  Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Көп- көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде

 Акнұр: Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.

Бексұлтан Мектепке енді барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз

АльбинаБіз балауса баламыз

Жетілді ой-санамыз.

Бақшакмызбен қоштасып

Мектепке енді барамыз

Жәнібек Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып,ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік

ЕркебұланОйыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Оку білім үйреткен

Бакшамызды қимаймыз

НұржанБір-бірімен силасты

Тату жүреміз бәріміз

Балдостықпен қнеге біздін балабақшамыз

Еркежан сен үйреттін сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мен мектепке барамын

Балабақша қош енді

Тәрбиеші: Ән салындар күліндер

Жайнап гүлдей жүріндер

Қоштасуды тойлайық

Біз бір билеп тастайық

Би «Мы ногами топ-топ-топ»
                  

Ортаға қонақ келеді

Ханшайым : Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде Жалмауыз кемпір келеді

Жалмауыз кемпір: Ой мында не болып жатыр

2-Тәрбиеші: балалар балабақшамен қоштасып мектепке барады

Жалмауыз кемпір: Ой мына ханшайым мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

1-Тәрбиеші: Қой Жалмауыз кемпір біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Жалмауыз кемпір:ондай болса менің тапсырмаларымды орындандар .

2-Тәрбиеші : балалар орындаймызба?

Жұмбақ жасырады (кемпірқосақ) Түстерді ажырату.

Жалмауыз кемпір: жарайсындар! Келесі тапсырма Жемістермен көкеңістерді ажырат

Ханшайым Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 1.     Мектепке біз барамыз ба?

2.     Кілең бестік аламыз ба?

3.     Айтқан тілді аламыз ба?

4.     Ақылды бала боламыз ба?

5.     Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.     Ертеңгісін тұрамыз ба?

7.     Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8.     Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.          Оқушы біз боламыз ба?

 Жалмауыз кемпір: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?

2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 1.     Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2.     Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3.     Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.     Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5.     Сериал көріп жатасыз ба?

6.     Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7.     Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8.     Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.     Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?


 1-Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Көбелектер»

2-Тәрбиеші: – Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

1-    бала. – оқып білім алу үшін

2-    бала: – еліме еңбек ету үшін

3-    бала: Білімді азамат болу үшін

4-    бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

 

1-Тәрбиеші: 

Ән: «Ақ мамам»

Ханшайым : Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.

Ойын «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

. Жалмауыз кемпір: жарайсындар сендер расында бәрін біледі екенсіндер. Мен кайтайын немерелерімді мектепке жіберейін . Сауболындар .

Тәрбиеші бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Би: «Балапандар»



Ойын «Портфель»

Портфельдің суреті салынған үйшік

Жүргізуші:  Биік те емес, аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай

Сыртында жүр таласа

 

Сонда бұны кім алған,

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

 

Тук, тук, тук

Кіруге бола ма?

Әлде біреу тұра ма

Әрине ешкім тұрмайды

Тұрса үнсіз болмайды.

 Тәрбиеші ал балалар турмайық

Қол соғайық тындайық

Тойымызда бүгінгі

Шырқап әнге салайық

Ән: «Қошақаным»

Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында

«Біз мектепке барамыз» әні.

уа халайық,халайық

алақанды ұрайық

би билеген балаларды

қуанып қарсы алайық

«Танец маленьких утят» би


Тәрбиеші: тақпаққа кезек берейык

Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітінде ақтармыз.
Ляйля,Жұлдыз,Бота,Анар апайлар
сізден алған ақылды
Есімізде өмір - бақи сақтармыз.

Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші Бақытгүл апай,
Қырмызы апай сіздердің
Еңбегіңізді ақтаймыз.

Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Нургүл апайға көп рахмет!

Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гуля апайға мың рахмет

Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Ақбота апайға көп рахмет



Тәтті  тағам пісіпген

Айран сүтін ішкізген

Азпазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс

Вальс «коштасу»



Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Даярлыкка баратын қадамдарың құтты босын!


Бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!

Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін біздің конағымыз Гүлжан Мырзахметовнаға беріледі..











2014-2015 оқу жылы бойынша

3 сынып оқушысы

Сапарова Жасминаға

Мамематика пәнінен алған білім дуңгейіне

САРАПТАМА

Сапарова Жасмина жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алды.

Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспар жасалды.

МАТАМАТИКА ПӘНІ : аптасына 3 сағаттан 102 сағат оқытылады.

Жасмина сабаққа 8 желтоқсаннан келді. І жарты жылдықта аудан бірлігі-квадрат сантиметр;тік төртбұрыштың,шаршының ауданы;көбейту кестесі т.б. тараулар бойынша білім берілді. Сонын ішінде Жасмина ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу;тік төртбұрыштың периметрін табудын әр түрлі тәсілдерін толығымен меңгерді. ІІ жарты жылдық бойынша-геометриялық фигураларды латын әріпімен белгілеу;ауызша көбейту және бөлу;ондықтарды ондықтарға,жүздіктерді жүздіктерге ауызша бөлу;екі танбалы,үш танбалы сандарды бір танбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;бөліндінің мәнінде нөлі бар болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу тақырыптары бойынша білім берілді.Осы берілген білім бойынша тарауларды толық меңгерді.Өз бетімен жұмыс орындау қабілеті жоғары.Өзіндік жұмыс,бақылау жұмыстарын мұғалімнің көмегінсіз орындайды.Жазуы жақсы, таза,есте сақтау қабілеті өте жақсы. Бақылауды толығымен 5-деген бағаға жазады.Ауызша шапшан есептейді.Осы пән бойынша Жасмина толық беске жетіп отыр.

Пән мұғалімі: Татубаева Б.М.













2014-2015 оқу жылы бойынша

3 сынып оқушысы

Сапарова Жасминаға

Қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндерінен алған білім дуңгейіне

САРАПТАМА

Сапарова Жасмина жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алды.

Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспар жасалды.

Қазақ тілі пәні бойынша – қазақ тілі аптасына 1-рет барлығы 34-сағат оқытылды.Түбір сөз,туынды сөз.Түбір мен қосымшаның жазылуы.Сөз топтары,Зат есім,Жекеше зат есім,жалқы зат есім,Негізгі және туынды зат есім,Болымды және болымсыз етістік туралы білімдер берілді.Түбір сөздерге тиісті журнақтарды қосып жазуда өте жақсы.Жасмина бір сөзге дыбыстық талдау жасауды жақсы меңгерген.Көзінің нашар көруіне байланысты тақтадағы сөздерді ұзақ көшіреді.Диктантты толығымен 5-деген бағаға жазады,ал жазуына келер болсақ,жызуы жақсы,көркем жазады.Осы пән бойынша Жасмина толық беске жетіп тұр.

Әдебиеттік оқу- аптасына 2-рет барлығы 68-сағат.

Бұл пән бойынша «Жақсыдан үйрен» баланын айласы, «Нағыз адам», «Халыққа жеткіз күйімді», «Еңбекпен тапқан тиын», «Бесік жыры», «Төрт түлік тұралы жырлар», «Төре бидің төрелігі, Қазыбек бидің толғауы, Әйтекенің билігі» тараулар бойынша білім бердім.Жасмина бүл тарауларды ауызекі сөйлеуде толық меңгерді.Өз ойын ашық айта алады.Әр мәтінді ауызша еркін айтады.Мәтінде кездесетін жағдайаттарға өз пікірін білдіре алады.Оқу технологиясы өте жақсы,өлен,тақпақтарды жаттау ,яғни есте сақтау қабілеті жақсы.Әдебиеттік оқу пәні бойынша толық 5-тік баға қойылды.

Пән мұғалімі Мусабекова Ж.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балаба?шамен ?оштасу

Автор: Татубаева Бакытгуль Муратпаевна

Дата: 31.05.2015

Номер свидетельства: 216630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства