Балаба?ша ?йіміз,кел балалар о?ылы?,жанды ж?не жансыз таби?ат,к?п ?абатты ?йлер
Балаба?ша ?йіміз,кел балалар о?ылы?,жанды ж?не жансыз таби?ат,к?п ?абатты ?йлер
Білім беру саласы: ?атынас
?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? т?рі: Тіл дамыту
Та?ырыбы: Балаба?ша ?йіміз
Ма?саты: а) Балаларды с?йлей білуге, суретке ?арап ?й жануарлары мен оларды? т?лдерін білдіретін с?здерді ?олдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
?) С?йлеу барысында жануарлар мен оларды? т?лдеріні? атауын білдіретін зат есімдерді? жекеше ж?не к?пше т?рлерін (?йрек – ?йректер-?йректі? балапаны; т?йе – т?йелер – бота-боталар) ?олдана білу іскерлігін дамыту ж?не оларды топтар?а ?арай жіктелуін ??ындыруды жал?астыру.
б) С?йлей білуге бір – бірімен ты?ыз ?арым – ?атынас жасай білуге т?рбиелеу.
С?здік ж?мыс: ?й жануарлары.
?олданылатын к?рнекі ??ралдар: тіл дамыту д?птері, ойын?а к?з байла?ан?а орамал, ?й жануарларыны? суреттері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Балаба?ша ?йіміз,кел балалар о?ылы?,жанды ж?не жансыз таби?ат,к?п ?абатты ?йлер»
№ технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Балабақша үйіміз
Мақсаты: а) Балаларды сөйлей білуге, суретке қарап үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
ә) Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек – үйректер-үйректің балапаны; түйе – түйелер – бота-боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
б) Сөйлей білуге бір – бірімен тығыз қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға орамал, үй жануарларының суреттері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.
Балалар шеңберге тұрады.
- Мені анам ботақан дейді,
- Мені анам қошақан дейді,
- Мені анам құлыным дейді,
- Мені анам балапаным дейді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
- Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
- Үй жануарлары - колға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды колға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой-ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Дидактикалық ойын: «Үй
жануарларының төлдерін тап!»
Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз –
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Ойын: «Даусынан таны» Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады.
Мақал-мәтелді педагог соңынан қайталау.
- Қарғаның түсі қара болады. Біраққарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.
- Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен.
- Мұның бәрі - теңдеу сөз.
- Үй жануарларын адамдар күтіп-баптайды.
- Олардыңқорегі: шөп, жем.
Ойын шартын мұқият тыңдап алып, жануарлардың жанына өз төлдерін сәйкестендіріс сызады.
- Бір түйе, бір сиыр т.б.
- Түйелер, сиырлар, қойлар, түйелер.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алып, әртүрлі жануарлар дыбысын салады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға ұсыныс беру.
Балалар жаңылтпашты анық және тез жанылмай айтуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: көбірек жаңылтпаш білу,
игереді: жануарлардың дауысын салуды;
меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.
№ технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Мақсаты: а) Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай (ойыншықтардың, шұлықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету.
ә) Балалардың сөздік қорларын байыту.
б) Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Балаларға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.
Балалар
ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады.
Шыныдан жасалған ойыншықтармен абайлап ойнау керектігін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жаттату.
Ойын баланың ойын ұштайды.
- Кез келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады, дамиды. Мысалы: бала ойыншығының түріне, түсіне, оның неден жасалғанына назарын аударады, оны ұстайды, көреді.
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату.
Әдістің қолданылуы: бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен дауыспен қайталанылады.
Мазмұнды-рөлді ойын:
«Ойыншықтар дүкені» Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: балалар ішінен бірі сатушы, ал қалғандары сатып алушылар болады.
Әңгіме құрау: «Менің ойыншығым» Жұмыс дәптеріндегі бейнеленген ойыншықтарды ататқызады, олардың неден жасалғанын сұрайды. Сонан соң балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға тапсырма береді.
Сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз.
Иә, ойыншықты қолыма алып, онымен қалай ойнауға болады деп ойланамын.
Үш түрлі дауыспен мақал-мәтелді қайталау арқылы жаттайды.
«Дүкенге» кіріп, сатушы мен сатып алушы бір-бірімен міндетті түрде амандасады. Содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады, ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады. «Дүкенші» ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіріп өтеді.
- Бірде менің әкем менің туылған күніме қуыршақ әкеліп берді. Мен сол күні қатты қуандым. Себебі: қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі екен. Әкем сонда маған: «Ұқыпты ойна, әйтпесе қуыршақ саған ренжіп жылап қалады», -деді. Мен әкеме: «Қуыршақты еш уақытта ренжітпеймін», - деп уәде бердім.
Бірде мен қуыршағымды аулаға алып шықтым. Достарыма әкемнің сыйлығын көрсеттім.
Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыстар арқылы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
- Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек.
Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.
- Ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды. Ұқыпты ұстау керек.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
игереді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
меңгереді: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды біледі.
№ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Айы күні:________
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!»
Мақсаты:
а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;
ә) Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;
б) Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Өлең шумақтарына
қосылып қимыл-
қозғалысын жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе бөлім
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз. - Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.
Өлеңде не жайында айтылған?
Өлеңде балаларды неге шақырады?
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Педагогтің көмегімен
жауап береді.
Балалар өлең
жолдарын мұқият
тыңдайды.
Педагогпен бірге
қайталап жаттайды.
Балалардың түсінігі, ойлары.
Оқу-білім алуға шақырады.
Қимыл жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Дәптермен жұмыс:
Өлеңді жаттау.
Өнер-білім туралы мақал - мәтелдер айту:
*Оқу - инемен құдық қазғандай.
* Оқусыз білім жоқ.
*Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.
Педагогпен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.
Игереді: ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.
Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.
№ технологиялық карта
Айы күні:________
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Көп қабатты үйлер
Мақсаты: көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрастыруға, құрылыс материалын таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, ойыншықтар: Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ, ұсақ ойыншықтар - аңдар, олардың достары.
Сөздік жұмыс: пластиналар, үйдің іргетасы, Қолтырауын, Қалқанқұлақ.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Балалардың қызығушылығын ояту.
Таңдандыру сәті.
- Балалар, бізге қонаққа Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді. Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабатты үй салып бергендеріңді қалайды. Өздерің сияқты олардың да көп достары бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тұрмақшы. Көне, біз оларға көмектесейік.
- Балалар, үй құрылысын бастамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктерден тұратынын есімізге түсірейікші: іргетасы, қабырғасы,төбесі, терезесі, есігі, баспалдағы т.б.
Көп қабатты үйдің үлгісін қарау.Іргетасы кірпіштен, едені - пластинадан, қабырғасы - кірпіштер мен текшелер болып алмасып отырады; бөлмелер пластиналар көмегімен бөлінеді; екінші қабатта - балкон; ең жоғарғы жағында- шатыры.
Балалар қонақтармен
амандасады.
Өздерінің, құрылыс
салуға дайын
екендіктерін
білдіреді.
Мотивациялық-қозғаушылық
Бой сергіту жаттығуы:
Бір саусағым тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсаң, жол салсақ.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Балалардың өз бетіндік құрастыру іс-әрекеті. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде немесе жердегі төсеніш үстінде орындайды.
«Тұрғындарды үйге орналастырамыз» дидактикалық ойыны. Балалар үйлердің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын орналастырады.
Гена мен Қалқанқұлақ балаларға өз ризашылықтарын білдіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады:
Қабат-қабат үй салдық,
Үйлер толы күй сандық.
Күйсандықтан үй салдық
Күй сандыққа күй сандық.
Үйдің айналасын талдармен, ұсақ ойыншықтармен безендіру.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Балалар жұмысын талдау. Балалардың
жасаған жұмыстары мадақталады,
қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, олармен қоштасып, шығарып салады.
Өздері жасаған
құрылыстары
жайында
әңгімелейді.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: көп қабатты үйдің іргетасын, қабырғасын, төбесін, терезесін құрастыруды;
игереді: көп қабатты үйдің үлгісін қарастыра отырып, оның бөлшектерінің неден жасалатынын және жасалу әдіс- тәсілдерін;
меңгереді: қарастырған үлгі бойынша кеңістікте құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды.
№ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа,
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешініңіс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
- Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»
Балалар мұқият тыңдап отырады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
- Жансыз табиғатқа нелер жатады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп - өнетіндердің барлығы жатады екен.
Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады? Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.
«Жалғасын тап» ойыны.
Жансыз табиғат - ... (ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау т.б).
Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).
- Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Сендерге таулы, орманды жер ұнай ма?
Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы таза ма?
Неліктен?
Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады. Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.
Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?
Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің осу жолдары (педагог суреттен көрсетеді). Психо гимнастика, (баяу музыка ойнайды). Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз. Көздеріңді жұмыңдар. Сендерге қараңғы болып түр. Себебі: сендерді енді ғана топыраққа отырғызды. Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар. Сөйтіп, жердің бетіне шықтыңдар. Күн сендерге өзінің шуағын төгіп түр. Сендер одан сайын өсе бастадыңдар. Енді жаңбыр жауа бастады. Сендер жаңбырдың суын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар. Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып, кішкентай түйнек пайда болды. Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл шықты. Міне, балалар, сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер (суретін көрсетеді).
Балалар, сендерге гүл болған ұнады ма?
Демек, кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен. Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Бұл ағаштарды сындыруға болмайды, себебі: олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.
Қалай ойлайсыңдар, мына семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?