Просмотр содержимого документа
«Баймурзина Қарлығаш Нұрланқызы»
«Тәрбиеші болу – бақыт»
Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болуың керек. С.А.Макаренко
Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым. 2015 жылдан бері Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектебінде шағын орталық тәрбиешісі, даярлық сынып тәрбешісі қызметін атқарып келемін. Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды.Рас,алғаш жұмысқа орналасқанда қандай мамандық, алдымда қандай міндет тұрғанын мүлде түсінбедім. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік тұрғанын түсініп балаларды сүйіп, өз ісіме белсене кірістім. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін. Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр істеріне , сөздеріне түсінушілікпен қараймын. Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым, тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап,балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі. Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым. Біз балаларымызға ертегімен, өлең жолдарымен, өзіміздің сиқырлы қорымызбен ақыл айтуымыз керек. Балабақшада тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз. Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен де жарқ етіп,есте қалғаны-біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда- «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім, және жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.
Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін.Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын,маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Мен, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге халқымның бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым-балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу. Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе,менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы- балалар,ал күлтелері – менің міндеттерім мен әдістерімді теңеймін.Менің тобым сол гүл сиякты жайнайды. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрметтұту. Менің балаларға деген махаббатымның, мейірімімнің арқасында жұмыс жасап, сол балалармен бірге өсіп, бірге биік шыңдарды бағындырғым келеді. Осынау жүрек жарды лебізімді көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен аяқтағым келеді. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» дей келе балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Жас тәрбиеші маманнан, болашақта «Шебер тәрбиеші» маман атаңғым келеді.