kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама.Та?ырыбы: "Монтессори ?дісін балаба?шада пайдалану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?шада?ы Монтессори ?дісі

 ?леумет 20.10.2015 0 233 рет о?ылды

Оны облыста?ы о?у ?дерісіне кіргізетін мезгіл жеткен сия?ты

Алдымен ??ла?ымыз?а та?сы? естілетін Монтессори педагогикасы немесе Монтессори ж?йесі жайлы бірер с?з. ?р баланы? жеке т?л?алы? ?асиетін ?зіндік ыр?а?та дамыту?а негізделген ?дістемені италиялы? педагог Мария Монтессори ХІХ ?асырды? бірінші жартысында ойлап тауып, к?пшілікке ?сын?ан.

«Алтын бесік» балаба?шасыны? ашыл?анына к?п бола ?ой?ан жо?. Оны? ме?герушісі М?дина Дарбаева Ресейді? Омбы ?аласында ?ткен конференция кезінде жа?ашыл бас­тама?а ерекше ?ызы?ушылы? та­ныт?ан. Уа?ытыны? ты?ызды?ына ?арамастан Монтессори жабды?­та­рын шы?аратын фабрика?а барып, сатып алу?а келіскен. Жа?а ?діс­темені ме?герген мектепке дейінгі меке­мелерді? т?жірибесімен танысып, к?рнекі о?у ??ралдарын ала келген.

Жуырда балаба?ша?а Монтессори к?сіпорныны? директоры Александр Волошин арнайы келіп, шетелдік т?рбиені? ерекшеліктері туралы жан-жа?ты ??гімелеп берді. Фабрика 22 жылдан бері ж?мыс істеп келеді. Бастап?ыда балдыр?анны? ойлау ?абілетін, есептеу жылдамды?ын, бас?а да т?л?алы? ?асиеттерін да­мыту?а арнал?ан 60-?а жуы? ойын­шы? болса, б?гінде оларды? саны 700-ден асып жы?ылады.

– Б?л ?дісті? д?ст?рлі т?рбиеден арты?шылы?тары к?п. К?птеген елдерде ?олданылады. Ресей мен ?аза?стан?а да енгізілуде,–деді Алек­сандр Васильевич ата-аналармен, т?рбиешілермен кездесуде.

Облыста ал?аш ?олданыл?анына ?ара­мастан балаба?ша ?ызмет­кер­­леріні? біраз т?жірибе жина?­тап ?ал?аны а??арылады. 1 миллион те?гені? жабды?тары орна­тыл?ан Монтессори кабинетіне т?р­биеленушілер ??лшына келетін к?рі­неді. Монтессори кабинетінде саба?тарды? ?ызы?ты да мазм?нды ?йым­дастырылатынына біз де ку? бол­ды?. Бала?айды? ?з ?алауымен та?дау жасауына, бір-бірін сыйлау м?мкіндіктеріне жол ашу Монтессори ж?йесіне т?н сипаттарды? бірі ме деп ?алды?. Біз балаба?ша?а бас с??­?анымызда м??алім Айгерім Ш?рі­пова б?лдіршіндерге математика п?ніні? за?дылы?тарын ж?не жанартау лавасымен т?жірибе жасауды ?йретіп жатыр екен. Ал, жас т?рбиеші, ?алалы? сайысты? ж?лдегері ?сем ?абдолованы? Монтессори педа­гоги­касыны? элементтерін ересек топтарда сауат ашу саба?ында ?ол­дануы ??птарлы?. Оны? тобында т?рбиеленген М?дина С?кен 1-сы­нып?а арнал?ан тест тапсырмаларын орындауда е? жо?ары ?пай жина?ан.

?діл ?аныбек есімді азамат екі ?лы­ны? Монтессори кабине­тіне бар?алы жан-жа?ында?ы ??бы­лыс­тарды, заттарды білуге, зерттеуге де­ген ??лшыныстарыны? арт?анын, к?п н?рсені ата-ананы? к?мегінсіз ат?аратынын с?йсіне жеткізді.

Олай болса, балаба?шада?ы Монтессори ж?йесін ??ірдегі білім беру мекемелеріне де ?сынса?, ?та­рымыз к?п.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама.Та?ырыбы: "Монтессори ?дісін балаба?шада пайдалану"»

Балабақшадағы Монтессори әдісіОны облыстағы оқу үдерісіне кіргізетін мезгіл жеткен сияқты

Алдымен құлағымызға таңсық естілетін Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі жайлы бірер сөз. Әр баланың жеке тұлғалық қасиетін өзіндік ырғақта дамытуға негізделген әдістемені италиялық педагог Мария Монтессори ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ойлап тауып, көпшілікке ұсынған.

«Алтын бесік» балабақшасының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Оның меңгерушісі Мәдина Дарбаева Ресейдің Омбы қаласында өткен конференция кезінде жаңашыл бас­тамаға ерекше қызығушылық та­нытқан. Уақытының тығыздығына қарамастан Монтессори жабдық­та­рын шығаратын фабрикаға барып, сатып алуға келіскен. Жаңа әдіс­темені меңгерген мектепке дейінгі меке­мелердің тәжірибесімен танысып, көрнекі оқу құралдарын ала келген.

Жуырда балабақшаға Монтессори кәсіпорнының директоры Александр Волошин арнайы келіп, шетелдік тәрбиенің ерекшеліктері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Фабрика 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда балдырғанның ойлау қабілетін, есептеу жылдамдығын, басқа да тұлғалық қасиеттерін да­мытуға арналған 60-қа жуық ойын­шық болса, бүгінде олардың саны 700-ден асып жығылады.

– Бұл әдістің дәстүрлі тәрбиеден артықшылықтары көп. Көптеген елдерде қолданылады. Ресей мен Қазақстанға да енгізілуде,–деді Алек­сандр Васильевич ата-аналармен, тәрбиешілермен кездесуде.

Облыста алғаш қолданылғанына қара­мастан балабақша қызмет­кер­­лерінің біраз тәжірибе жинақ­тап қалғаны аңғарылады. 1 миллион теңгенің жабдықтары орна­тылған Монтессори кабинетіне тәр­биеленушілер құлшына келетін көрі­неді. Монтессори кабинетінде сабақтардың қызықты да мазмұнды ұйым­дастырылатынына біз де куә бол­дық. Балақайдың өз қалауымен таңдау жасауына, бір-бірін сыйлау мүмкіндіктеріне жол ашу Монтессори жүйесіне тән сипаттардың бірі ме деп қалдық. Біз балабақшаға бас сұқ­қанымызда мұғалім Айгерім Шәрі­пова бүлдіршіндерге математика пәнінің заңдылықтарын және жанартау лавасымен тәжірибе жасауды үйретіп жатыр екен. Ал, жас тәрбиеші, қалалық сайыстың жүлдегері Әсем Қабдолованың Монтессори педа­гоги­касының элементтерін ересек топтарда сауат ашу сабағында қол­дануы құптарлық. Оның тобында тәрбиеленген Мәдина Сәкен 1-сы­ныпқа арналған тест тапсырмаларын орындауда ең жоғары ұпай жинаған.

Әділ Қаныбек есімді азамат екі ұлы­ның Монтессори кабине­тіне барғалы жан-жағындағы құбы­лыс­тарды, заттарды білуге, зерттеуге де­ген құлшыныстарының артқанын, көп нәрсені ата-ананың көмегінсіз атқаратынын сүйсіне жеткізді.

Олай болса, балабақшадағы Монтессори жүйесін өңірдегі білім беру мекемелеріне де ұсынсақ, ұта­рымыз көп.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Баяндама.Та?ырыбы: "Монтессори ?дісін балаба?шада пайдалану"

Автор: Бекенова Динара Кабделмажит?ызы

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292204


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства