Т?рбиеші: К?нде келіп ж?рген балаба?шаны? атын айтып бері?дерші?
Балалар: «?арлы?аш» балаба?шасы
Т?рбиеші: Ал тобымызды? аты ше?
Балалар: «М?рагер» тобы
К?тпеген с?т: жол са?шысы келеді.
Жол са?шысы: Саламатсыздар ма балалар! Мен жол са?шысымын. Сіздерге ?она??а келдім. Мына мен ?ой?ан с?ра?тарыма д?рыс жауап берсе?дер, сендерге беретін сыйлы?ым бар. Келістікпе.
Балалар: келістік.
Т?рбиеші: Ал онда 1-ші тапсырманы орындайы?.
1-ші тапсырма: Сандарды? атын атау ж?не кері санау.
1-ден 3-ке дейін
2-ші тапсырма: Фигураларды? атын айту, т?сін ажырату.
Домала? (ол к?нге, доп?а ??сайды)
?шб?рыш (ол ?йді? шатырына ??сайды)
т?ртб?рыш (ол ?йді? ?абыр?аларына ??сайды)
?ызыл, сары, жасыл.
Т?рбиеші: Б?л фигуралардан не ??растыру?а болады?
Балалар: Фигуралардан т?рлі заттар ??растыру?а болады. (машина, ?й)
Сергіту с?ті: Орнымыздан т?райы?
?олды белге ?ойяйы?
Б?рыламыз о??а бір
Б?рыламыз сол?а бір
1,2,3 демімізді алайы?
Орнымызда табайы?.
3-ші тапсырма: Балалар ба?даршам дегеніміз не? Ол ?айда т?рады?
Балалар: -Ба?даршам жолдын бойында т?рады.
-Ол жолда ж?ру ережесін са?тап т?ратын реттеуші.
Т?рбиеші: Балалар к?шеде жол ж?ру ережесін білмеген бала?а жолда ж?ру ?те
Тәрбиеші: Күнде келіп жүрген балабақшаның атын айтып беріңдерші?
Балалар: «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Ал тобымыздың аты ше?
Балалар: «Мұрагер» тобы
Күтпеген сәт: жол сақшысы келеді.
Жол сақшысы: Саламатсыздар ма балалар! Мен жол сақшысымын. Сіздерге қонаққа келдім. Мына мен қойған сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер, сендерге беретін сыйлығым бар. Келістікпе.
Балалар: келістік.
Тәрбиеші: Ал онда 1-ші тапсырманы орындайық.
1-ші тапсырма: Сандардың атын атау және кері санау.
1-ден 3-ке дейін
2-ші тапсырма: Фигуралардың атын айту, түсін ажырату.
Домалақ (ол күнге, допқа ұқсайды)
Үшбұрыш (ол үйдің шатырына ұқсайды)
төртбұрыш (ол үйдің қабырғаларына ұқсайды)
Түстері: қызыл, сары, жасыл.
Тәрбиеші: Бұл фигуралардан не құрастыруға болады?
Балалар: Фигуралардан түрлі заттар құрастыруға болады. (машина, үй)
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қойяйық
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
1,2,3 демімізді алайық
Орнымызда табайық.
3-ші тапсырма: Балалар бағдаршам дегеніміз не? Ол қайда тұрады?
Балалар: -Бағдаршам жолдын бойында тұрады.
-Ол жолда жүру ережесін сақтап тұратын реттеуші.
Тәрбиеші: Балалар көшеде жол жүру ережесін білмеген балаға жолда жүру өте
қауіпті. Сондықтан жолда жүру ережесімен танысайық.
-Бағдаршамда неше көзі бар?
Балалар: Үш көзі бар
Тәрбиеші: Олардың түстерін айтайық.
Балалар: -Қызыл, сары, жасыл.
Тәрбиеші: Бағдаршам туралы тақпақ айтып беріңдерші.
1.Гаухар. Қызыл көзін ашқанда,
Ұқыпты бол баспа алға!
2.Әрсен. Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3.Райна. Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Онда ойынға кезек берейік.
Дидактикалық ойын: «Жол және балалар»
Ойыншарты: Жолға шығып, жолдын ортасында бағдаршам тұрады. Сол
бағдаршамға қарап жолда жүру ережесін үйренеді. Көлік
айдаушылар және жаяу жүрушілер.
Сақшы: Бағдаршамның қызыл көзі жанды.
-Көлік айдаушылар жүреді,
-Жаяу жүрушілер тоқтайды.
Сары көзі жанды.
-Көлік айдаушылар тоқтайды,
-Жаяу жүрушілер дайындалады.
Жасыл көзі жанды.
-Жаяу жүрушілер жүреді.
Сақшы: Жолда жүруді үйрендік пе?
Балалар: ия үйрендік.
Тәрбиеші: Балалар жұмбақ жасырайық. Сендер шешіңдер.
Тәрбиеші: Жұмбақтар.
1.Көзін ашып, жұмады
Қолын сілтеп тұрады.
(Бағдаршам)
2.Үш көзі бар
Түстері әртүрлі
(Бағдаршам)
Қорытынды: Балалар бүгінгі сабағымызда біздер жолда жүру ережесімен таныстық. Бағдаршам туралы білдік, жол белгілерін есімізге сақтайық. Қаламызда бағдаршамды кімдер көрді екен. Жолда үлкендерсіз жолдың арғы бетіне өту өте қауіпті. Жолдан өту үшін, оң жаққа сосын сол жаққа қарап өту керек. Сендерге сабақ ұнады ма?