kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?даршам бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ба?даршам бізді? досымыз. Шатты? ше?берімен балалар?а к??ілді к?н сыйлау.  Дидактикалы? ойындар ар?ылы ба?даршамды ІІ С?билер тобына т?сіндіру.Ба?даршам туралы ?ыс?аша айтып ?ту. А? жола?тардан ба?даршам к?здеріне ?арап жолдан бай?ап ?ту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?даршам бізді? досымыз»

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолы туралы түсініктерін жетілдіру. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Мұғалім: балалар, өткен сабағымызда қандай тақырыпты өттік.
Оқушылар: музыкалық ойыншықтар
Балаларға жаттаған өлеңін айтқызып, қайталату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: жұмбақ жасыру
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру.
ІV. Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршам туралы.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
- Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
VІІ. МАДАҚТАУ:
- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ба?даршам бізді? досымыз

Автор: Нурекенова Дариха Сарсеновна

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 322154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства