kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бағдаршам-біздің досымыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бағдаршам-біздің досымыз!»

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру.

Мақсаты: Оқу іс-қызметімізде балаларға жолда жүру ережелері туралы білімдерін кеңейту, ойын арқылы, бағдаршам, негізгі жол, жиек жол, көліктер түрлері жайында нақты түсінік беру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгіме, ойын-жұмбақ.

Сөздік жұмбақ: бағдаршам, негізгі жол, жиек жол.

Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақтар келген екен, қане, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.

Барлығы: Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Сабақтың барысы: Балалар бір-біріне қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен сендерге өз жылуымды беріп «Қайырлы таң» деймін.

Сендер де бір-біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер.

Шаттық шеңбер: -Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды бақшамыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар.

Қайырлы таң достарым.

Сәлеметсіздер ме!

-Жыл мезгілдерін, апта күндерін сұрау.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

Кыс мезгілінде қандай өзгерістер бар?

Күн суық,қалың киім кию керек.

Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

Жаңа жыл.

Жаңа жылда бізге қонаққа кім келді?

Аяз ата.

Аяз ата бізге не береді?

Сыйлық.

Дұрыс айтасыңдар.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

Ай аттары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Ендеше Ақтау қаласына жолға саяхатқа шығамыз.

Калаға жаяу серуен шығады. Осы кезде полиция апай кіріп келеді. Амандасады.

Полиция:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар, сендер жолға шықпас бұрын мен сендерге жолда жүру ережелерімен таныстырайын. Сендер мені мұқият тыңдаңдар.

Балалар:жарайды.

Полиция:жол ережелерімен таныстырады.

Тәрбиеші:Балалар алдымен сендерге жұмбақ жасырамын.

-Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Балалар:Бағдаршам.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Бағдаршамда неше көз бар?

Балалар: үш көз бар.

Тәрбиеші: Көздерінің түстері қандай?

Балалар: қызыл, сары, жасыл.

Тәрбиеші: Ендеше біз ойын-сауық орталығына жол жүрейік. Балалар, мына көліктер жүріп жатқан жолды негізгі жол дейді. Жаңа біз жүріп келген жол -жиек жол. Яғни ол жаяу адамдар жүретін жол.

- Балалар, жолдан өтпес бұрын бағдаршамға қарайық.

-Қандай түс жанып тұр?

Балалар: қызыл түс.

Тәрбиеші: Жолдан өтуге бола ма?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сары түс жанды ол нені білдіреді?

Балалар: Жүруге дайындал дегенді.

Тәрбиеші: Ендеше күтейік. Балалар, енді қандай түс жанды?

Балалар: Жасыл.

Тәрбиеші: Ол нені білдіреді?

Балалар: -Жолдан өтуге болады.

Тәрбиеші: Балалар ендеше жолдан өтейік.

-Негізгі жолда адам жүретін сызық қалай аталады?

Балалар: Ақ жолақ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар

Енді біз Бекет-ата мешітіне қарай жол жүреміз.

Тәрбиеші:-Балалар, көлік жүріп жатқан мына жолда бағдаршам жоқ екен, қалай өтеміз?

-Алдымен сол жаққа, содан соң оң жаққа қарап өтеміз

-Балалар тұрған көлікке жақын тұруға болмайды. Себебі ол жүріп кетуі немесе есігін қатты ашып қалуы мүмкін.

-Балалар, енді балабақшаға ораламыз.

-Балалар орындарына жайғасып отырады.

-Жарайсыңдар, балалар, біз енді «Жүр, тоқта» ойыныны ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Жүр, тоқта».

Шарты: тұр дегенде қызыл дөңгелекті, ал жүр дегенде жасыл дөңгелекті көрсетесіңдер.

Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Тәрбиеші: балалар мен сендерег бағдаршам көздері қалай орналасқанын айтып беремін.

Қызыл, сары, жасыл.

Балалар алдарында тұрған дөңгелектерді дұрыс орналастыру арқылы бағдаршам жасаймыз.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, бағдаршамдарың өте әдемі болып орналасқан (мадақтайды).

Фатима:

Үш көзі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегенің

Сырын жақсы біліп ал.

Қызыл түсі жанғанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары түсі жанғанда,

Қарап қалма аспанға,

Жасыл түсі жанғанда,

Жүре бергін, жақсанба.

Тағы кім айтады:

Аманбол:

Бағдаршам аты,

Көп көзі бар батыр.

Жоқ болғанымен заты,

Өзіңде көп ақыл.

- Жиек жол барғой,

Жандар үшін жаяу

Деп сен оны тар ғой.

Шықпа жолға таяу.

- Қызыл, сары, жасыл.

Балалар дөңгелекті дұрыс орналастырып жапсырады.

Қорытындылау:

Бүгін біз қандай оқу-қызметін өттік?

Қоршаған орта.

Бізге қонаққа кім келді?

Полиция.

Полиция бізге не үйретті?

Жол ережелерін.

Дұрыс айтасыңдар, осымен біздің оқу-қызметіміз аяқталды қонақтармен қоштасамыз.

( балалар сабаққа жақсы қатысқандары үшін сыйлықтар таратылады).








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бағдаршам-біздің досымыз!

Автор: Арханова Олтингуль Айезбоевна

Дата: 08.02.2020

Номер свидетельства: 538818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства