Психологиялық ахуал.
Сабаққа деген қызығушылығын туындату
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет!
-Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
-Тамаша!
-Ынтаңыз ше?
-Ғажап!
-Ендеше,бастайық!
-О,о,о
Қайырлы күн оқушылар,мына күндей күлімдеп сабағымызды бастайық!
Өткен сабақтарды еске түсіру «Математикалық домино».
- Монета дегеніміз не?
- Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
- Теңге қай жылы айналымға шықты?
- Теңгенің қандай түрлері бар?
- Теңгенің қандай номиналды монеталары бар?
- Барлық теңге монеталарының жалпы құны?
Дискриптор
1 | Монета ұғымын түсінеді |
2 | Ұлттық валютаны атай алады |
3 | Теңгенің түрлерін ажырата алады |
4 | Теңгенің номиналды монеталарын ажырата алады |
5 | Монеталардың жалпы құнын анықтай алады |
Кері байланыс
Жұмбақ жасыру
Қалталардың түбінде
Сылдыр-сылдыр етеді.
Адамдарға мәңгілік
Адал қызмет етеді.
- Бұның жауабы не балалар?
- Монеталар
- «Монета» сөзін үш тілде атап көрейікші
- Монета-монета-coin
- Монетаны не үшін және жерлерде пайдаланамыз?
- Дүкенде, асханада т.с.с
- Дүкенде монеталардың қажеті бар ма?
- Қандай ?
- Заттарды алу үшін біз нені білуіміз керек?
- Бағасын
- Демек біздің тақырыбымыз қандай?
- Баға
Сонда біз бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойсақ болады?
- ( Оқушы пікірін тыңдау және толықтыру)