kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бабалар аманаты-бірлік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я,Нургожина Гаухар Абикеновна почти 20 лет работаю заведующейф ясли-сада.Семья и ясли-сад,Воспитатель и воспитанник. Эти проблемы как вчера,так и, в особенности,сегодня встали в ряд наиболее актуальных и, пожалуй,трудно разрешимых.И не потому,что ясли-сад стала самостоятельным и, в сущности, мало зависимым от семьи объктом.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бабалар аманаты-бірлік"»

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік күні туралы толық мәлемет беру. Еліміздің рәміздерімен таныстыру.

Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру. Отанды сүюге, батылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: еліміздің рәміздері (Елтаңба, ту, әнұран), күн шуағы.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Психологиялық сәт:

Балалар, шаттық шеңберге тұрады.

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз аман болсын. (Балалар осылайша бір – бірімен құшақтасады).

Мұғалім: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз? Дұрыс айтасыңдар. Ал біздің еліміздің астанасы қай қала? Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет болғанына 20 жыл толды. Тәуелсіз мемлекет аталып, өзінің жоғын жоқтап,елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы тілінің, тарихи мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алып отырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні болып есептелді. Ол үшін көп кісілер күрескен. Қайрат Рұсқұлбекұлы да ол Тәуелсіздіктің күресіне қатысқан.

Тәуелсіз дегеніміз – біз өзіміздің бостандығымызды еркіндігімізді алдық. Өзіміз жеке мемлекет болып есептелдік. Қазақстан Республикасының президентін сайладық. Сол Тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап Қазақстан Республикасының өзінің туы, елтаңбасы, әнұран осындай рәміздерді елбасымыз қолдады. Оның бәрін өз қолын алған елбасымыз кім?

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Қазір рәміздердің бір түрімен танысамыз. Ол біздің еліміздің туы.

Тудан ненің белгісін көріп тұсыңдар?

Ия, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы? Неге ұқсайды? Балалардың жауаптары. Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Қазір балалар «Қазақстан жалауы» деген тақпақты айтып береді.

Алина: Қазақстан жалауы/ Аспан түстес көгілдір,/ Тік бұрышты матаның/ Ортасында төгіп нұр,/ Күн жаяды шапағын

Тимур: Астында оның қалықтаған/ Қыран бейнесі, / Азат елдің шалқыған,/ Көңілі деп білесің.

Сергіту сәті:

Мұғалім: Енді еліміздің елтаңбасы мен танысамыз. Ал, балалар нені көріп тұрсыңдар? Сендерге не таныс, қандай белгілер салынған екен? Дұрыс, қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр.

Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» жазуы бар.

Елтаңба авторлары – суретшіле Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Республикамыздың әнұраны да бар. Біз оны білеміз. Балалар әнұранды орындайды.

Дидактикалық ойын «Күннің шуағы» Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды.

  1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)

  2. ҚР президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

  3. Тудың түсі қандай? (Көгілдір)

  4. Біз қандай қалада тұрамыз? (Семей қаласы)

  5. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  6. Қазақстан Республикасында қандай рәміздер бар? (елтаңба, ту, әнұран)

Біздің Отанымыз - Қазақстан көпұлтты мемлекет. Әр елдің өзіне тән ұлттық ойындары болады. Қазір біз қазақтың ұлттық ойынын «Тақия тастамақ» деген ойын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Балалар шеңберге дөңгеленіп отырады. Бір бала ойынды бастайды. Ойын бастауышы тақияны қолына ұстап, мынадай сөздер айтады:

Бір ойын бар, ойын бар

Ойын аты – Тақия тастамақ

Шеңбердегі дөңгеленіп отырған балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде бастаушы бала біреуінің атына білдірмей тақияны тастау керек. Тақия тастаған бала қуады. Жетіп алса, ойынды бастайды.

Қорытынды:

Балалар, бүгін сабақта қандай тақырып өттік. Біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды.



Ата-аналармен сауалнама жүргізу

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесіз бе?

А). Иә - б).жоқ -

2. Отбасымен ұлттық киімдерді киесіздер ме?

А). Иә - б). Жоқ -

3. Ұлттық аспаптарда ойнайсыздар ма? (домбыра,қобыз,т.б.)

4. Өз балаңызбен ұлттық ойындарды ойнайсыздар ма? (бәйге, асық,т.б)

А). Иә - б). Жоқ –

5. Өз балаңызға қазақ ертегілерін оқисызба? Жаңылтпаш,мақал- мәтел жаттайсыздар ма?

А). Иә - б). Жоқ -

6. Отбасында наурыз мерекесін қалай тойлайсыздар? (Қыдыр ата, қонақ шақыру)

А). Иә - б). Жоқ -

7. Баланы қазақ халқының тәрбиесіне тәрбиелеуге қалай қарайсыз? (Қарапайымдылық, үлкенді сыйлау)

А). Иә - б). Жоқ –

8. Баланы өз Отанын сүюге, туған жерін, мемлекеттік рәміздерді біле ме?

А). Иә - б). Жоқ –

9. Балаңыз қазақ тілінде сөйлей ала ма?

А). Иә - б). Жоқ –

10.Балаңызбен қазақ әндерін айтасыз ба?

А). Иә - б). Жоқ –



Ата-аналармен сауалнама жүргізген жауаптары

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесіз бе?

Знаете ли вы традиции и обычии казахского народа?

А). Иә – 12- 43% б).жоқ – 11-57%

2. Отбасымен ұлттық киімдерді киесіздер ме?

Одеваете ли вы семьей национальную одежду?

А). Иә – 5-22% б). Жоқ – 18-78%

3. Ұлттық аспаптарда ойнайсыздар ма? (домбыра,қобыз,т.б.)

Играете ли вы на национальном инструменте?

А). Иә - 3 -13% б). Жоқ – 20-87%

4. Өз балаңызбен ұлттық ойындарды ойнайсыздар ма? (бәйге, асық,т.б)

Играете ли вы со своим ребенком в национальные игры?

А). Иә – 5 -22% б). Жоқ – 18-78%

5. Өз балаңызға қазақ ертегілерін оқисызба? Жаңылтпаш, мақал- мәтел жаттайсыздар ма? Читаете ли вы своему ребенку казахские сказки? Учите ли наизусть скороговорки, пословицы и поговорки?

А). Иә – 10-43% б). Жоқ -13-13%

6. Отбасында наурыз мерекесін қалай тойлайсыздар? (Қыдыр ата, қонақ шақыру) Как вы празднуете в семье праздник « Наурыз»?

А). Иә - 10 -43% б). Жоқ – 13-57%

7. Баланы қазақ халқының тәрбиесіне тәрбиелеуге қалай қарайсыз?(Қарапайымдылық, үлкенді сыйлау) Как вы смотрите на воспитание детей основам воспитания казахского народа?

А). Иә – 8-35% б). Жоқ – 15-65%

8. Баланы өз Отанын сүюге, туған жерін, мемлекеттік рәміздерді біле ме? Знает ли ваш сын свою родную землю, национальные символики и любит ли свою Родину?

А). Иә - 20 – 87% б). Жоқ – 3-13%

9. Балаңыз қазақ тілінде сөйлей ала ма? Знает ли ваш ребенок казахский язык?

А). Иә – 22-95% б). Жоқ –1-5%

10.Балаңызбен қазақ әндерін айтасыз ба? Поете ли вы с вашим ребенком песни на казахском языке?

А). Иә – 15-65% б). Жоқ – 8-35


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Бабалар аманаты-бірлік"

Автор: Нургожина Гаухар Абикенона

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 254811


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства