kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауладагы ит пен мысыкпен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз

Тату -тәтті дос болып,

Достық шебін құрамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауладагы ит пен мысыкпен таныстыру»

Екінші кіші «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:Бопылова Н.Ж

Білім беру саласы: «Әлумет»

Пән: Қоршаған орта

Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»

Тақырыбы: « Ауладағы алаңында: мысық пен итпен таныстыру»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын дамыту.

Оқыту: Балалардың үйдегі жануарлар турал туралы түсініктерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Үй,үйшік,күшік пен мысық,теледидар,двд,үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Достық шеңбері

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз

Тату -тәтті дос болып,

Достық шебін құрамыз.

Жарайсыңдар балалар,сендер өздеріңнің бір-біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер

2.Негізгі кезең:

.Біздің тағы да достарымыз бар оны сендер кешегі серуен кезінде бақыладыңдар.

Ендеше теледидарға көңіл аударайықшы

.Балалар не көріп тұрсыңдар?

Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі.

Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады,және уй жануарларын бағуға да уй иесіне көмектеседі екен.

Ит қалай дыбыстайды?

Оның құлағы нешеу,аяқтары ше?

Балалар ит адамның досы,оны жәбірлеп ұруға болмайды.

Иттің баласын «күшік» деп атаймыз,Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?

Ол не жегенді ұнатады?

итті немесе күшікті тамақтандырған соң,ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек.Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.

Ит үйде тұра ма,әлде аулада ма?

Ит-орыс тілінде собака

Ал тобымызда қандай жануарды бақыладық?

Балалар мысық та адамның досы.Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды екен.

Мысықтың баласын біз «мысықай» деп атаймыз.

Балалар, мысық қайда тұрады?

Ол немен ойнағанды ұнатады?

Мысықтың кұлағы нешеу?

Көзі қандай?

Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол йісті дәл сезіп табуға көмектеседі.

Құйрығы ұзын ба,қысқа ма?

Мысыққа не ұнайды?

Мысық-орыс тілінде кошка немесе кот деп атаймыз

Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын(кішкентай күшік үйшігінен шығады)

Ой! Қандай сүйкімді күшік!

Күшігімізге ат қояйықшы.

Күшік туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Күшігімізге сүйікті асын берейікші.

Ал мынау пырылдап ұйықтап жатқан аппақ мысыққа да ат қояйықшы.

Мысық туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Мысық не ішкенді ұнатушы еді?

Сүтін берейік ұйқыдан оянған соң ішеді(ыдысына сүт құйып береді)

Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойынын ойнағым келіп тұр

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Күшігім калай жүреді

Кім көрсете біледі?

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Күшігім былай жүреді.

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Мысығым қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Мысығым былай жүреді.

Жарайсыңдар балалар!

Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік.енді осы уй жануарларының немен ойнағанды ұнататынын,суреттегі бейнесінің қасына өздерінің ойыншықтарын желімдеп жапсырайық .

Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнай ма?

Балалардың жумысына тоқталып марапаттау.

Мысық пен күшікпен ойнап болған соң не істеуіміз керек еді?

Жарайсыңдар балалар мұны естен шығармауымыз керек

3.Қорытынды:

Ендеше «Мысық пен күшік» туралы әнімізбен тамамдайық.

Ала мысық паңданады мяу мяу мяу

Әлденеге қамданады мяу мяу мяу

Ала мысық айлалы

жан-жағына қарады мяу мяу мяу

Айналаны корағыштап ав,ав,ав,

Ұзын тілі салағыштап ав,ав, ав

Қос құлағы салбырап

Достық жайлы ән шырқайды ав,ав,ав,мяу,мяу мяу.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу-іс әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыса білдіңдер.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ауладагы ит пен мысыкпен таныстыру

Автор: Бопылова Назира Жанбуршиновна

Дата: 18.05.2019

Номер свидетельства: 510905


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства