Тақырыбы: Су және оның мағыналары
Мақсаты: Балаларға судың пайдасы жайлы түсіндіру, көктем мезгіліндегі құбылыстарды атау, жаңбырдың тамшылары, ауыр –жеңіл, үлкен және кішкентай сөздерінің мағынасын түсіну.Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Көрнекілігі:Сабын көпіршігі, сабын, орамал суреті,
Методикалық әдістер: бақылау, сұрақ- жауап, көрсету әдістері
Тәрбиеші:Балалар бізге көптеген қонақтар келді. Қонақтар мен амандасып алайық. Сәлеметсіз бе! Балалар, барлығымыз шеңберге тұрайық, келген қонақтарға, бір бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбер: Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз.
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар, біреу есік қағып тұр ма? Мен барып қарап көрейін. Балалар бұл бізге қонаққа келген Айсұлу ғой. Айсұлу сәлеметсің бе? Сен неге көңілсізсің, неге беті- қолың кір?
Айсұлу маған бір нәрсе айтқысы келіп тұр тыңдайын. Айсұлу өзінің қоян досына туған күніне бара жатқанда шалшық суға құлап беті- қолын былғап алыпты, бізден көмек сұрап келіпті.
Балалар көмектесеміз бе?
Балалар : Иә
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар су қайдан пайда болады?
Балалар:Қар ерігенде, жаңбыр жауғанда.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Балалар, айтыңдаршы жаңбыр қай жерде тығылып тұрады?
Балалар: Бұлттарда.
Айсұлу, көрдің бе жаңбыр бұлтта тығылып тұрады екен, қар ериді, су жерде көбейеді.
Әріресе балалар, көктем мезгілінде су көп болады.
Қанеки, барлығымыз орындыққа отырайық. Айсұлу да бізбен бірге отырсын. Айсұлуға судың қайдан пайда болатынын көрсетейік. Жаңбыр қайдан жауатынын көрсетейік. Қолымызға ысқышты аламыз. Ысқыш біздің бұлттарымыз болсын. Айсұлу сен де қара. Бұлт өте жеңіл, онда су жоқ. Тәрелкеде бізде су бар. Бұлтты суға түсірейік, бұлтымыз суды жинап алды. Ал енді жоғары көтереміз, ысқыш қандай болды?
Бұлтымыз жеңіл болып еді, енді ауыр болды.
Дұрыс айтасыңдар. Бұлттан жаңбыр жауа бастады. Тамшылар қандай болады?
Суық және жылы болады.Үлкен және кішкентай болады. Дұрыс айтасыңдар.Бұлтымызды тағы да жоғары көтерейік, жаңбыр жауа бастайды. Айсұлу судың қандай болатынын көрдің бе?
Бұлттарды қояйық. Қолымызды сүртейік.
Ал енді Айсұлуға көмектесуіміз керек, беті- қолын жуу керек. Ең бірінші біз ойланып көрейік, қалай көмек беретінімізді.
Ең бірінші сабынды алу керек.
Екінші сабындаймыз.
Үшінші су мен жуамыз
Төртінші орамал мен сүртеміз.
Қанеки, Айсұлудың беті- қолын жуайық.
Балалар бізде екі леген су тұр.
Екі тазиктегі суды көрейік.
Балалар: салқын
Ал мына тазиктегі суды көріңдерші?
Балалар: су жылы.
Қолдарыңды сүртіңдер. Қандай сумен Айсұлудың беті – қолын жуамыз, айтыңдаршы?
Салқын су мен бе әлде жылы су мен жуамыз ба?
Балалар : жылы су мен жуындырамыз.
Балалар, айтыңдаршы неге жылы су мен Айсұлуды жуындырамыз?
Өйткені ауырып қалуы мүмкін.
Балалар, салқын су да адамға өте пайдалы, денемізді шынықтырады.
Тәрбиеші: Ең бірінші беті- қолын сулап аламыз, сабындаймыз, жуындырамыз. Ал енді беті қолын сүртеміз.
Айсұлуға қараңдаршы, беті – қолы тап- таза, ол өте көңілді.
Айсұлу не дейсің?
Айсұлудың бізбен ойын ойнағысы келіп тұр екен?
Балалар ойын ойнаймыз ба?
Қанеки Айсұлуды орындыққа отырғызып қояйық.
Ал біз шеңберге тұрайық.
Ал балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық
Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
Балалар мен сендерге бір құпия ашқым келіп тұр, білесіңдер ме?
Балалар: қандай
Судың және сабынның арқасында біз тек қана кір жуып, немесе беті – қолымызды, ыдыс- аяқтарды, тамақ пісіріп қана қоймай, біз сендер мен бірге бір нәрсе жасай аламыз.
Қанеки мына үстелге жақындаңдар. Мына легенде су бар. Суға сұйық сабын косамыз, араластырамыз.
Балалар қалай ойлайсыңдар біз не жасадық?
Сабын көпіршіктері. Дұрыс айтасыңдар. Біз сабын көпіршіктерін жасадық.
Айсұлуға көрсетеміз бе, сабын көпіршіктерін қалай үрлеп ұшыратынымыз-
ды қақпағын ашамыз, үрлейміз.
Балалар дөңгелектер қандай пішінді?
Үлкен және кішкентай пішінді. Дұрыс айтасыңдар.
Балалар мен сендерге мына сабын көпіршіктерін сыйға тартамын, апайға не айту керек?
Рахмет!
Тәрбиеші: Балалар сусыз өмір сүре алмаймыз, жан – жануарларға, өсімдіктерге, адамдарға өте қажет. Біз бүгін сабақта кімге көмектестік?
Осымен балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Дем алыңдар.