Просмотр содержимого документа
«"Ата шал?ан отыр?ызды"»
ІІ-кіші тобы үшін оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Тәрбиеші: Маханбетжанова Мөлдір Мырзаханқызы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Кіші саласы: Тіл дамыту. ҚМҰҚ. Құрастыру
Тақырыбы: « Ата шалқанды отырғызды »
Мақсаты: Үлкендердің көмегімен мазмұнын айтуға үйрету. Үй жануарларының, төлдердің қасиеттерін айтуға үйрету. Дыбыстарды анық айтуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дидактикалық ойын «Кілемді құрастыр». Ертегілердегі кейіпкерлерді танып өз еріктерімен құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Геометриялық пішіндерді танытуға және түстер туралы түсініктерін бекіту. Халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.
Қажетті құрал-жабдықтар: «Сиқырлы кілем», «Ертегілердің кейіпкерлері», көкөністер мен жемістер муляждары, флипчарт тапсырмасымен, игровизор, әуен.
Іс-әрекет
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Олай болса, ертегі еліне барамыз.
Менде сиқырлы кілем бар сонымен ұшамыз.
көңілдері көтеріліп,ертегі еліне баруға дайындалады
Ізденуші ұйымдастырушы
Балалар бұны не бұзып тастады екен?
(тышқанның дыбысы шығады)
Дидактикалық ойын: «Кілемді құрастыр»
Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.
(сиқыр әуені)
Балаларға шалқанды көрсетіп, сипаттау
(флипчартпен тақтада көрсетіледі)
Әже (дыбыстайды): «Сендер менің тапсырмамды орындаңдар,сонда ғана көмекке келемін.
Ойын: «Төлін тап»
Мақсаты:Үй жануарлары туралы білімдерін бекіту.
(әуен қосылады)
Немере қыз(дыбыстайды): «Сендер менің тапсырмамды орындаңдар,сонда ғана көмекке келемін.
Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Мақсаты:Көкөністер мен жемістер туралы білімдерін тиянақтау.
(әуен қосылады)
Итпен мысықтың тапсырмасы:
Ойын: «Немен қоректенеді?!»
Мақсаты: тапқырлыққа үйрету.
Тышқан: «Менің достарыма 7 балаға кейіпкерлерді беріп, мазмұндау)
-Ата мен әже сендерге сыйлық берді. Оны топта жейміз.
Балалар қызыға, таңырқайды.
-бұл тышқанның дыбысы
Үшбұрыш, тіктөртбұрыш пішіндерін тауып орындарына қояды.
Берілген геометриялық пішіндермен кілемді құрастырады.
Сиқырлы кілемге тұрып сиқырлы сөздерді қайталайды:
Қандай қызық болар екен,
Құстай ұшты біздің кілем.
Ертегі елі мұнарланды
Қай ертегі тауып көр?
Шалқанның түсі сары, дөңгелек пішіндес, жапырағы жасыл.
-Ата шалқанды отырғызды,шалқан үлкен болып өсті.Ата шалқанды ұстап тартты-тарты шығара алмады. Ата әжені шақырды.(қолдарының қимылдарымен көрсетеді )
Игровизордан үй жануаларды атайды,игровизор арқылы төлдерін тауып, оның адамға пайдасы, қалай дыбыстайтыны туралы айтып, сызық арқылы белгілейді
-Әже атаға көмектесті.Олар шалқанды ұстап тартты-тартты шығара алмады. Әже немере қызды шақырды.(айтады, қолдарының қимылдарымен көрсетеді )
Себеттегі жемістер мен көкөністерді ажыратып береді.
-Немере қыз әжені,әже атаны,ата шалқанды ұстап тартты-тартты шығара алмады.
Немере қыз ит пен мысықты шақырды (бәрі бірге айтады, қолдарының қимылдарымен көрсетеді.
Итпен мысықтың тапсырмасын мұқият тыңдап көмек беруге әзерленеді.
Флипчартта көрсетілгени тапсырманы орындайды.
Мысық итті, ит немере қызды, немере қыз әжені,әже атаны,ата шалқанды ұстап тартты-тартты шығара алмады.Мысық тышқанды шақырды»
Балалар жұмыс жасайды.
-Тышқан мысықты мысық итті,ит әжені,әже атаны,ата шалқанды ұстап тартып шығарады.