Білім беру саласы: | Шығармашылық |
Бөлімі: | Жапсыру |
Тақырыбы: | Атамның тақиясы |
Мақсаты: | Қазақтың ұлттық бас киімін пішіндерден жапсырып, безендіруді үйрету |
Міндеттері: | - Түсті қағаздардан тақияны жапсыру; - Қиялдарын дамыту; - Қауіпсіздік ережесін сақтай отыра жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Ұлттық бас киімдердің суреттері, қайшы, желім, түрлі-түсті қарындаштар, қатырмақағаз, қолорамал, қылқаламдар. |
Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті |
Мотивациялық қызығушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті түзетушілік | «Шаттық шеңбер» ойынын ұйыдастыру Д-О « Кімнің бас киімі?» ойынын ұйымдастыру Тақияны жапсыру жолдары: 1)Қағаз бұрышынан үшбұрыш қидыру. 2)Ұшбұрышқа желім жаққызып, қағаздың ортасына жабыстырту. 3)Қағаздан сопақша қиюды ұсыну, желім жаққысып үшбұрыш астына жабыстыруды ұсыну. Сергіту сәтін ұйымдастыру: Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. 4)Дайын оюларға желім жағуды ұсыну. 5)Тақияның төменгі жақтарына оюларды жапсыруды ұсыну. 6)Дайын жұмысты сүлгімен басу. Көрме ұйымдастыру | Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздер айтады. Әр бас киімді түсіне, өрнегіне қарап ұлттық киім қасына қояды. 1)Қағаз бұрышынан үшбұрыш қиады. 2)Ұшбұрышқа желім жағып, қағаздың ортасына жабыстырады. 3)Қағаздан сопақша қиады, желім жағып үшбұрыш астына жабыстырады. Қимыл-қозғалыстарын көрсетеді. 4)Дайын оюларға желім жағады. 5)Тақияның төменгі жақтарына оюларды жапсырады. 6)Дайын жұмысты сүлгімен басады. Көрмеге жұмыстарын қойып, салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Ұлттық киім түрлерін біледі. |
Нені игереді: | Пішіндерден тақия қиып жапсыруды, безендіруді игереді. |
Нені біледі: | Қайшымен қию әдістерін біледі. |