«Коммуникация» білім беру саласының тіл дамыту ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Аталған «з» және «с»дыбыстарды ажырату
Мақсаты: Үш қыз (татар халкының ертегісі) бойынша әнгіме құрып берілген дыбыстарды ажырату үйрету. Үзік сызықтарды қосу арқылы қолын жаттықтыру. Балалардың ойлау қаблетін, зейінін дамыту.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық: тақпақ айту
Сөздік жұмыс: «З» және «с» дыбыстарынан басталатын сөздер
Дидактикалық материал: суреттер
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің басқарымдық
қызметі
Балалардың әрекеттері
І кезең-
мотивациялық
қозғаушы
Шенберде турып жылы лебіз білдіреді.
Күннің нұрын сүеміз.
Ән саламыз күнде біз,
Балдай тәті достармыз,
Әр қашан біз біргеміз.
- Сымбат, сенің досың қандай?
Бізді бір отбасы деп те атауға болады.
- Даниал, мен сенімен барлық жерде бірге болғым келеді.
Достық сөзі неше әріптен турады. Ендеше 6 бурышқа болініп турып, шанырақ құрамыз да. Достығымыз берік болсын!
Қазша қанат жаяйық, аққуша мойнымызды созайық, кусша конайық (қиймылын орындайды)
ІІ кезең-
ұйымдастырушылық
ізденушілік
Кез-келген бір дыбысқа сөз ойлаңдар, - деп тапсырма береді.
«С» дыбысын атайды.
Жұмбақ шешкізу арқылы, аталған (З); (С) дыбыстарын таба білуге жаттықтыру.
1. Судан ол қорқады,
Будан кім қорқады. Ол не? (Сабын)
- Қандай дыбыс екен, таптын ба.
- «С» - дыбысы, дұрыс. Ол сөздің қай жерінде тұр?
2. Жаздай інге тығылып
Жаткан қызыл түлкіні
Қуйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні (сәбіз)
- Сөздің қай жерінде тұрғаның тауып алындар.
3. Ауызы бар, ішіп жемейді
Алайда жұртқа же дейді. (қасық)
4. Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгін келсе уақытты
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
Сергіту сәті: Ұшып қонып ойнайды.
Ойын: Сөз ойла, тез ойла
«З», «С» дыбысына байланысты сөздер айтылып, сол дыбыс сөздің қай жерінде турғанын бірден айтқызады. (баласы, маса, сабын, музыка, сақина, қарбыз, троллейбус).
Үш қыз-ертегіні оқып береді, мазмұндайды.
Балалар сөз ойлайды.
Жұмбақ шешеді
Сабын екенін айтады.
С дыбысын екенін тауып алады.
Жұмбақты тыңдап, шешуін табады.
С дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын айтады.
Сергіту сәтін жасайды.
З дыбысынан басталатын сөздерді атайды.
Ойынға жақсы көнілмен қатысады.
Балалар бөлінген (З); (С) дыбыстар бар сөзді тауып алады.
ІІІ кезең-
Рефлекстік тузету
Ал, балалар турындар, үлкен шенбер құрындар
- Қандай дыбыстар туралы бүгін сабақта айтылды?
- Сабақтың ең ұнаған сәті болды ма?
Жарайсыңдар, рахмет.
Са-са-са,
Ызындайды маса
- сөз тізбегін екі-үш бала қайталап айтады. Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап бере отыра ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Дауыссыз (С); (С) дыбыстар көк текшемен белгіленеді
Түсінеді: дыбыстарды ажырату
Қолданады: Үзік сызықтарды қосу