Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен шаттық шеңбер арқылы амандасып алайық .
Күннің көзі ашылып
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей баріміз
Сәлемдейік үлкенге
Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш десеңші. Ендеше бір-бірімізге тілектерімізді тілейік.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Жаз мезгілінде неше ай бар?
-Жаз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Бір аптада неше күн бар?
-Өткен оқу іс-әрекетімізді еске түсіреміз?
Бүгін бізде тіл дамыту сабағынан ашық оқу іс-әрекет.
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: «Ата Заң – алтын тұғырымыз».
Бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын.
Қастерлемес даңқын кім ,
Қастерлемес салтын кім.
Ән ұраны елімнің ,
Үні тілі халқымның.
ҚР ән ұраны орындалады.
Балалар біз қай Республикада тұрамыз.
Біздің отанымыз Қазақстан.
1991 жылы 16 желтоқсанда елімізді Тәуелсіз мемлекет деп жариялап, Қазақстан Республикасы деп атады.
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
-Конституция Ата Заң.
30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға 21 жыл толады, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата Заңдары болады. Заң болмаса адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасындар. Біз үлкенде, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықытың салт-дәстүрімен тілі бар. Ең бастысы біз Қазақстан деген ортақ үймізде әнімізде, сәнімізде жарасып ынтымақпен бірліктің нәтежесінде тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.Біздің Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі, өзінің егеменді құқығын баян етті. Ата Заң қабылданған күн 30 тамыз мемлекеттік мереке Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы (1937,1978,1993,1995)
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін мемлекеттік оргында жүйесін, азаматтардың құқытарымен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік Заң. Сөйтіп біздің Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.Қазақстан Республикасы ірі мемлекет, осындай
тәуелсіз ірі мемлекеттің азаматысыңдар.Әркім өзін Қазақстан азамтымын деп санаса, ол азамат білімді болу керек, ана тілін құрметтеп қадірлеуі керек.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық
Бір отырып бір тұрып
Біз дем алып алайық.
Оңға оңға түзу тұр
Солға солға түзу тұр,
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
-Ал енді балалар ойын ойнап көрейік. Мен қазір Отан туралы, батырлар туралы мақал-мәтел бастаймын ал сендер оны одан әрі жалғастырасыңдар.
Отан оттанда......
Отан үшін отқа түс күймейсің
«Арың үшін алыссан өлмейсің»
Отансыз адам ......
Елдің көркі елімен
«Отан көркі жерімен»
Ер жігіт ел үшін туады
«Ел үшін өледі»
Ата Заң туралы тақпақтар:
Дана.
Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
Аяжан.
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері ең ізгі
Әділ діктен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Аружан.
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле жаладан
Ата Заң бұл ардақты
Нұртас
Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып ел бүгін
Отан туралы тақпақтар:
Димаш.
Отанды біз ата мекен
Туған жер деп сүйеміз
Өйтекні онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз
Аңсар.
Біз тілейміз бар бөбек
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп
Қуанғанын күлгенін
Зайт:
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен көркем
Неткен сұлу
Осы менің туған өлкем
Назерке:
Отан туған еліміз
Отан туған жеріміз
Тек қана осы Отанға
Арналады әніміз
Жарайсыңдар балалар өте жақсы бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы әңгімеледік.Қандай мереке келе жатыр. Бұны қандай мереке деп атаймыз. Сендерге сабақ ұнадыма. Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.